Бейсенбі, 02 Қараша 2017 15:57

Аудан – бірінші орында

Өткен аптада Талдықор-ған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің «Ауылым – алтын қазынам» атты ІV облыстық форумы өтті. Форумның мақсаты – облыс аумағындағы ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарын жүзеге асырудағы Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін арттыру.

Жиын облыстық «Ауылым – алтын қазынам» атты көрме үздіктерін марапаттау рәсімімен қорытындылады.

Нәтижесінде, бас жүлде Қарасай ауданына берілсе, 1-ші орынды Еңбекшіқазақ ауданы иеленді. Екінші орын Ақсу, Іле аудандары, 3-ші орынды Кербұлақ, Панфилов аудандары мен Текелі қаласы алды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар, белсенді қатысқандарға алғыс хаттар табысталды.

Қ.АСҚАРҰЛЫ,

аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің хатшысы.

Қаралды 61 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама