Дүйсенбі, 04 Желтоқсан 2017 15:25

6 желтоқсан – Прокуратура күні Аудан әкімі Б.Ысқақтың құттықтауы 

 

Құрметті прокуратура органдары-ның қызметкерлері!

Мемлекет билігі органдары жүйесінде Прокуратураның орны қашанда ерекше. Жоғары қадағалау жасауға конституциялық өкілдігі бар бұл салаға Отанымыздың игілігі үшін қызмет ету, Заң күзетінде тұру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүддесін қолдау міндеттелген. Прокуратура мемлекеттің жоғары қадағалау органы болғандықтан, заң үстемдігі, құқық тәртібі, жалпы қолданыстағы заңдылықты қадағалау басты функционалдық міндеті болып саналады. Ал, бұл мақсаттарға қол жеткізу мәселесі прокурорлық қадағалаудың қарышты даму жолымен жүзеге асатыны белгілі.

Заң мен құқықтық тәртіптің сенімді қорғаушысы ретінде, азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқығын қорғап, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресте заңдылықтың сақталуын, жалпы мемлекетте құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттеріңізді ойдағыдай атқара отырып, сіздер қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың кепілі болып табыласыздар. Осындай маңызды мәселелерді шешу қызметкерлерден жоғары кәсіби біліктілікті, адалдық және жауаптылықты талап етеді. Аудандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтау көбінесе Сіздердің жұмыстарыңыздың бағдарына байланысты болады.

Сіздерге мықты денсаулық, арайлап атқан әр күндеріңізге қуаныш пен бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық, Тәуелсіз еліміздің прокуратура саласындағы жауапты қызметтеріңізге жеміс, әрқашан биік тұғыр тілеймін!

 

Қаралды 10 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама