Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 14 Ақпан 2019

Афганистан — наша история и боль.

Войны замышляют политики, а в окопах оказываются молодые ребята. 12 февраля 1987 года погиб мой одноклассник Руслан Асланов, как мы его называли –  Рулик. Больно было видеть материнские слезы, крик души близких на  траурном митинге. К сожалению, солдаты войну не выбирают. Вечная память тебе,  дорогой наш Руслан. Хочу выразить свои чувства в стихах:

 Рулику

Чтоб весны зеленели, ветры дули,

Чтоб цвела афганская земля,

Ушел в бессмертие, не замечая пули.

Ушел от нас навечно, навсегда.

Обычным был мальчишкой,

Добрым озорным,

Как все, читал он книжки,

Веселым был таким.

Мечтал он стать водителем,

С девчонками дружил,

Любил своих родителей

И братом дорожил.

Он в армию стремился,

Чтоб мужественным стать,

И этим он гордился,

Отчизну защищал.

Нам, одноклассникам его,  – за 50,

У нас есть внуки, волосы седые…

Руслана будем вечно вспоминать,

Ведь для него всегда мы молодые.

 Ботагоз ИМАНКУЛОВА,

учитель русского языка и

литературы СШ имени М. Ауэзова.

 

Знать, чтобы помнить!

8 февраля в CШ с.Байтерек прошел вечер, посвященный 30-летию вывода советских войск из Афганистана. На встрече присутствовали  ветераны Афганистана из Байтерекского сельского округа В.Болгов, А. Давыденко, С.Конышев, В.Максименко, С.Палий, К.Есембаев, В.Каземир, П.Конский, В.Ильин, Д.Абдалимов. Каждый ученик хотел задать  приглашенным воинам-«афганцам» вопрос о той войне. Никто не остался без ответа, гости делились с ребятами воспоминаниями о своем боевом пути. Они, как солдаты, вернувшиеся из боя, рассказали нам о мужестве и силе духа человеческого. Кавалер ордена «Айбын» подполковник М.Канатов и майор КГБ СССР М.Джумагалиев пожелали ученикам никогда не узнать слова «война».

Мы можем гордиться тем, что в нашей школе работает человек-легенда, капитан гвардии в запасе  А.Альмаханов, участник боевых действий и миротворческой миссии в Республике Иран.

За минувшие десятилетия об афганской войне написаны тома книг и научных исследований. Ведь ко всему прочему это был хоть и горький, но очень поучительный опыт. Какие полезные уроки можно было бы извлечь из той трагической эпопеи! Каких ошибок избежать! Погибших вспоминают по всей стране. Воинов, что служили в Афганистане, мы узнаем не только по орденским планкам на штатской одежде. Мы узнаем их по спокойным и твёрдым лицам. Это люди, на которых всегда можно положиться. Каждому хотелось бы иметь таких друзей, братьев, отцов, дедов. Память о тех, кто прошел дорогами войны, и кто не вернулся в родной дом, для которых совесть, долг, Отечество, честь были главными в жизни, останется в наших сердцах частицей гордости за них. Память о  парнях,  ушедших  из жизни в мирное время, будет вечной.

Над нами мирное небо. Теперь привитие патриотизма, преподавание знаний о своих героях, стремление любить и защищать Родину – в руках педагогов. Только представьте, мы скульпторы души и личности ребенка, и в это мирное время на нас лежит немаловажная миссия. Миссия воспитания достойных представителей нашей многонациональной, сплоченной и дружной страны. Героями не рождаются, героями становятся!        

Ангелина ВОЦКЕ,

педагог-психолог СШ с. Байтерек.

 

Ветераны — пример молодым

В начале февраля в СШ с.Коктобе состоялась встреча ветеранов Афганистана со старшеклассниками школ Коктобинского округа, прибывшими на мероприятие с преподавателями начальной военной подготовки. Председатель районного общества ветеранов Афганистана Акан Саркытбаев, проживающие в округе воины-«афганцы» Рашид Худайбердиев, Закиржан Бахриев, Алтынбек Ускенбаев, Ербатыр Дуйсетаев, Марат Ережепбаев, Кажымукан Транов, Абир Азамат, Сергей Дедин  рассказывали ребятам о боевых эпизодах, трудностях армейской службы, о своей мирной биографии. Они выразили пожелание будущим защитникам  Родины, чтобы в их жизни не было таких испытаний как афганские события, вовлекшие в себя 22 тысячи призывников-казахстанцев. Из них 924 человека сложили головы на чужой земле и 21 пропал без вести. «Я хочу, чтобы  Казахстану никогда больше не пришлось отправлять своих сыновей и дочерей в горнило войны, чтобы внутри нашей древней и молодой страны не было любого рода противостояний и конфликтов, всегда царили мир и взаимопонимание», – сказал Акан Саркытбаев. Ветеран школы Айша Ракишевна Сулейменова и методист райОО Кайрат Аукен выступили перед  юношами и девушками, которые не сегодня-завтра покинут школьные парты,  с напутствием, в котором призвали их быть достойными гражданами Республики Казахстан, принять активное участие в выполнении Стратегии «Казахстан-2050» и Посланий Главы государства, стать высокообразованными специалистами,  профессионалами избранного дела, людьми с высокими нравственными установками.

Ученики коктобинской школы подготовили для гостей концертную программу, а организаторы встречи – директор школы Айжан Талканбаева  и преподаватель НВП Асет Жанысбаев вручили воинам-«афганцам», а также преподавателям  НВП школ округа: Данияру Алишеву (  СШ имени О.Жандосова, с.Кызылжар), Кажымукану Транову (СШ имени И.Шорманова, с.Алмалы), Самату Амрееву (СШ с.Толе би) благодарственные письма за военно-патриотическое воспитание подрастающего поколения и экземпляры книги об истории Енбекшиказахского района, написанной государственным и общественным деятелем, ныне покойным Адильбаем Талканбаевым.

 И.ВИКТОРОВ.       

 

Обращение воинов — «афганцев»

Дорогие братья по оружию,  все жители Енбекшиказахского района!

15 февраля 2019 года исполняется 30 лет со дня вывода ограниченного контингента советских войск из Афганистана. Та, необъявленная, но реальная война, в которой погибли тысячи и стали инвалидами десятки тысяч молодых парней,  незабываемый период для  казахстанцев – участников афганских событий и членов их семей.  

Cегодня, по прошествии трех десятилетий,   многие понимают, что  это была не просто война, а еще и проверка на прочность защитников Родины. Воины-«афганцы» с достоинством выдержали этот экзамен и с честью выполнили  интернациональный, воинский  и гражданский долг.

Молодежь должна равняться на образец их доблести, видеть в них высокий идеал служения Отечеству. Для будущих поколений все, кто  воевал в Афганистане – мужественные сыны своей Родины, достойные почета и глубокого уважения, пример героизма, самопожертвования и отваги. Когда их сверстники вели мирную жизнь, учились, создавали семьи, делали карьеру, они защищали их счастье и покой.

Вечная память погибшим, вечная слава живым!

Поздравляем   ветеранов Афганистана с глубоко памятной для них датой, желаем им счастья, здоровья, успешного труда на благо суверенного Казахстана. Пусть будущие поколения видят только мирное небо над головой!

Общественное

объединение ветеранов Афганистана «Кахарман».

 

Published in Тарих
Бейсенбі, 14 Ақпан 2019 15:02

Сегіз қырлы Азамат

Мемлекет дамуының негізгі тетіктерінің бірі – шағын және орта кәсіпкерлік. Сондықтан, Елбасы Н.Назарбаев аталған салаға әрқашан қолдау білдіріп, түрлі мемлекеттік бағдарламаларды қабылдайды. Мемлекет басшысы биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында өңірлерде кәсіпкерлік саласы дамып жатқандығын және оған қолдау білдіруді тоқтатпау керектігін тапсырған болатын үкіметке. Бұл сала біздің ауданымызда да қарқын алып, дамуға бет бұрды. Жастар жылы қарсаңында Сөгеті ауылдық округінде өзінің жеке кәсібін дөңгелетіп, жиһаз бен пластик терезе шығарумен айналысатын Азамат Багибаевтың жұмысымен арнайы барып таныстық.

Ауданымыздың шығыс шекарасында, аудан орталығынан шалғайда орналасқан Нұра ауылындағы жас кәсіпкер жұмысын үй маңындағы шағын цехта жүргізіп отыр екен. Қыс мезгілінде негізгі жұмыс – жиһаз жасау екендігін жеткізген Азамат бұл жұмысты қалай меңгергендігін  айтып берді:

– Бұрындары жазғы демалыста үйде бос жатпайын деп қолдағы бар материалмен үйге жұмсақ жиһаз жасағанмын. Кейіннен, Астанаға барып, сонда жұмыс істей бастадым. Алыста жүріп, ауылды сағынып, қайтқым келетін де тұратын. Алайда, жұмысымды тастап кете алмадым. Бірақ, ауылға барып, жиһаз цехын ашып, кәсіппен айналыссам деген ой санамнан шықпай қойды. Бірде Астанадағы Әзірет-Сұлтан мешітіне жұма намазға барсам, мешіт имамы кәсіпкерлік туралы уағыз айтып жатыр екен. Оның сөздерінен ұққаным, бір нәрсені ойласаң тәуекелге бел буу керек, ар жағын Алла өзі жеңілдетеді. Кейіннен, жұмысымнан біраз уақытқа сұранып, ауылда жиһаз жасауды бастап кеттім. Байқасам қолымнан келетін секілді. Осылайша, алыстағы жұмысымнан қол үзіп, үш-төрт жылдың жүзі болды өз үйімде кәсібімді дөңгелете бастадым – дейді Азамат Багибаев.

Бүгінде оның жиһаздарына аудан көлемінде тапсырыстар көптеп түседі. Азаматтың сөзіне сүйенсек, алғашқы тапсырысыауылдағы мектептен түскен. Сол жылы Нұрадағы О.Жандосов атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден өтіп, жанынан мектеп-интернат ашылған болатын. Сол мекеменің жиһаздары түгелдей дерлік Азаматтың қолынан шыққан. Кейінгі уақытта ғана ол пластик есік пен терезе шығаруды қолға алған. Айтуынша, өзінде мұндай ниет болмаған. Тек үйдің терезелерін пластикке ауыстыруды жоспарлаған. Есептеп қараса, шығыны көп екен. Өзі интернеттен қарап, осы салада жүрген достарынан үйреніп, үйінің терезелерін пластикке ауыстырып шыққан. Осылайша, алғашқы туындысының қызығын отбасымен көріп отыр.

– Үйге пластик терезелерді орнатқаннан кейін, мұнымен айналысу аса қиын болмайтындығын сезіп, тапсырыс қабылдауды бастап кеттім. Кейін жаныма көмекші алып, екі адам болып жүргізе бастадық – деген Азмат өткен жылы пластика есік-терезе шығару кәсібін ұлғайту мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз грант жеңіп алған. Қаржының көлемі де аз емес, 1 млн теңге. Айтуынша, құрылғылар алуға қаржысы жетпей, белгілі себептермен несие алмай жүрген. Сонымен кәсібін ұлғайту жөніндегі жобасын «Zhas Project»жастарға қолдау білдіретін әлеуметтік жобасына ұсынып, бірінші категория бойынша жеңімпаз атанған. Мемлекет берген қаржыға өзіне керекті құрал-жабдықтар мен қондырғылар орнатқан. Кәсібің ұлғайған сайын, тапсырыс көлемінің артатыны да белгілі. Бүгінде аудан ғана емес, Талдықорған, Алматы қалаларынан тапсырыстар түсуде.

«Жігітке жеті өнер де аз» демей ме халық даналығы.Бойына осындай жеті өнер дамыған Азамат ағаш ойып, ыдыс-аяқтар жасаумен де айналысады. Негізінен, ет салатын астауларды ояды.

– Мамандығым мүлдем басқа, алайда айналысып жүрген ісімнен рахат табамын. Менің әкемнің ағасы қолөнерге жақын. Ағаштан түрлі бұйымдар жасаумен айналысады. Маған сол кісіден дарыса керек, алғашында есік алдындағы ағашты ойып, ет салатын астау жасап, ою салдым. Кейіннен, тапсырыстар қабылдап, табыс көзіне айналдырып алдым. Шыны керек, бұл бағытта жүріп пайдаға кенелдім деп айта алмаймын. Себебі, басында бір астауды жасау үшін 10 күнге жуық уақыт кететін. Кейде жасаған бұйымың соңына жеткенде сынып, бүлініп қалатын кездер де болады. Сондықтан оған қосымша табыс ретінде қараймын – дейді Азамат Советбекұлы.

Қазіргі уақытта ол бір адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ, келешекте ауқымды тапсырыстарды қабылдау үшін жаңа қондырғылар алып, өндіріс көлемін ұлғайтпақ. Сол бағытта жұмыстар атқаруда.

«Бүгінгі таңда жастарымыз дарынды әлі білімді. Сондықтан кез-келген іске жаңаша көзқараспен қарайды, жаңа идеяларды өмірге әкеледі. Десек те, ойындағыны іс жүзіне асыруға қорқады. Мен де осы қорқынышты бастан өткердім. Тәуекелге бел буып қана, еңбегімнің жемісін көріп отырмын» – дейді Азамат. Айтуынша, кез-келген істі бастағанда алға мақсат қоя білу керек және сол мақсатқа жету жолында еңбек ету керек. Қиналсаң, керек уақытында мемлекет көмектеседі.

– Балам кішкентай кезінен талантты, сурет пен бейнелеу өнеріне бейім еді. Екінші-үшінші сыныбында үйдегі техниканы шашып-жинап жүретін. Қазіргі уақытта, өмірден өз жолын тауып, өзінің сүйікті ісімен айналысуда – деген анасы Гүлсара Шуленова Азамат бүгіп қалған біраз жайтты айтып берді. Онысы – енді ғана кәсіпкер атанғанына қарамастан, қайырымдылықпен айналысуы. Аз қамтылған отбасыларға қаржылай көмек бермесе де, түрлі заттармен қол ұшын созып отыратын көрінеді. Сонымен қатар, ауылда жаңа салынған мешітке де жиһаз бен есік-терезесіне көмектескен. Ал мемлекеттен ұтып алған гранттың бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсаған.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Published in Жастар
Бейсенбі, 14 Ақпан 2019 14:55

Әйел құқығының сақшысы

Әйел – ана, отбасының берекесі. Отағасының сүйеніші мен қолдаушысы. Әсіресе, қазақ әйелі. Себебі, қазақ әйелі әрдайым ерінен бір саты төмен тұруы керек екенін санасына сәби кезінен сіңіреді. Алайда, бүгінгі қоғамда әйел тек ошақ қасының тірлігін ғана тындырып қоймай, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет пен қоғамға пайдалы жұмысты ерлермен тең дәрежеде атқара алатын мүмкіндігі бар. Нәзік жандылар қауымын мемлекет те жан-жақты қолдауда. Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы кезеңінде әйелдерге, ана мен балаға қатысты мәселелер бойынша алғашқы қоғамдық маңызды құрылымдар құрылды. Қазақстан БҰҰ-ның әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және қорғау саласындағы негіз қалаушы құжаттарына қосылды. Отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру мүмкіндіктері жасалды. Соның нәтижесінде, еліміздегі әйел азаматшалар да білек сыбана қоғамның дамуына үлес қосуда.

«Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» 2009 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы Гендерлік саясат саласындағы негізгі заңнамалық акт болып табылады. Әйелдердің құқығы заңмен қорғалып тұрғанда әлеуметтік жағдайы да жоғарылауы тиісті. Мәселен, Бельгияда Әлеуметтік эмансипация жөніндегі мемлекеттік хатшы лауазымы екі мақсатпен енгізілген: ерлер мен әйелдер арасындағы тең мүмкіндіктерді ілгерілету, сондай-ақ осы мәселелер бойынша үкіметтің консультациясы. Әйелдер мен ерлер теңдігі институты, сондай-ақ, ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік тұрғысынан ахуал мониторингін жүргізетін Федералдық тең мүмкіндіктер кеңесі жұмыс істейді. Францияда ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік мәселелері жөніндегі жоғары кеңес жұмыс істейді. Польшада 250 үкіметтік емес әйелдер ұйымы жұмыс істейді, олардың ішіндегі ең ірісі – үй шаруасындағы ауыл әйелдері қауымдастығы мен Польша әйелдері лигасы (екі ұйым да 1 миллионға жуық әйелдерді біріктіреді). Анағұрлым белсен-ділері әйелдер ұйымдарын қолдау орталығы, сондай-ақ, әйелдер құқықтарын қорғау орталығы. Корея Республикасында «Болашақ көшбасшы әйелдерді жеделдету» ұлттық саясат жобасы шеңберінде әйелдер өкілеттігін кеңейту үшін 100 000 әйелден тұратын деректер базасы жинақталған. Қазақстанның да қоғамда әйелдер рөлін арттыру жолындағы жұмыстары жандана түсуде. Оған бірден-бір дәлел – бас қаланың қақ төрінде өткен «Ауыл әйелдерінің бірінші форумы». Ауданымыздағы «Шелек фермерлері» кооперативінің жетекшісі Бақытгүл Елшібаева ерлермен иық тірестіре жұмыс істеп жүрген нәзік жандылардың бірі ретінде форумға қатысып, тәжірибе алмасып келген жайы бар. Оның айтуынша, ауыл әйелдерінің бірінші форумы – ауылдық аймақтарда өмір сүріп, тіршілігін жасап жатқан азаматшаларды қолдаудың айқын көрінісі. «Кең байтақ еліміздің әр аймағынан әртүрлі салада жұмыс жасайтын әйелдер бас қосты форумда. Ойларын, тұжырымдарын ортаға салып, бір-бірімен кеңесуге, билік басындағыларға ұсыныстарын ашық әрі толыққанды жеткізуге мүмкіндік алды. Өз тарапымнан форумда ауылдан келген әйелдерге «Агробизнес» орталығын құрудың, жұмысты бастаудағы бағыттарының қандай екендіктерін тәжі-рибемнен бөлістім. Әйел аза-матшаларының белсенділігін жоғарылату модельдерімен таныстырып, жалпы ауылдық жерлердегі тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру жөнінде пікірімді білдірдім. Негізінен, ауыл азаматшалары үшін бұл бастама пайдалы әрі нәтижелі болды. әйел статусын жоғарылатудың, олардың еңбегін елеп-ескерудің баға жетпес көрінісі болды деп санаймын. Жұмысымызға жаңа таныс, бастамаларымыз қолдау тауып, әрі қарай ынта-жігеріміздің жандана түсуіне форум себепкер болды деп толық сеніммен айта аламын», – дейді Бақытгүл Елшібаева.

                   Алмагүл НҰҒМАН

 

Published in Саясат
Бейсенбі, 14 Ақпан 2019 14:48

Мәңгілік елдің тұғыры

Жақында  жастар жылы аясында Абыхан Жексембековтың туған күніне орай «Мәңгілік елдің тұғыры – білімді жастар» атты үш ұрпақтың кездесуі ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов, аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова, Түрген ауылдық округінің әкімі Бота Елеусізова және Абыхан Аманбайұлының қызы, саяси ғылымдарының докторы, ҚР орталық  сайлау комиссиясының жауапты қызметкері Венера Жексембекова бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.

Алғашқы сөзге шыққан Н.Құ-дайбергенов жиылған көпшілікті игі шарамен құттықтап, мектеп ұжымының дәстүрлі бұл жұмысына қолдау білдірді. Мектеп директоры Гүлбақыт Қасымжанова білім ошағының бір жылдық жұмысымен көпшілікті таныстырса, А.Жек-сембеков атындағы орта мектептің ең алғашқы директоры, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Асылбек Жолдыбаев естеліктерімен бөлісті. Абыхан Аманбайұлының Түрген тұрғындары үшін сіңірген еңбегін, қазақ орта мектебінің жандануына қосқан зор үлесін тілге тиек етті. Онкүндік аясында өткен «Мерейі тасыған отбасы» байқауының жеңімпаздары ән шырқап, мектеп оқушылары өнерлерін ортаға салды. Ауқымды деңгейде өткен үш ұрпақтың кездесуінде бас қосқан зиялы қауым әрқайсы ой-пікірлерімен бөлісіп, танымдық дүниелерді ұсынды. Сонымен қатар, білім ордасының 25 жылдығына орай жиналған мектеп түлектері де келелі кездесудің куәгері болды. Жастарға – үлгі, заманында – сыйлы, ұрпағына – өнеге Абыхан Жексембековтың құрметіне орайластырылған басқосу көпшілік көңілінен шықты.

Алмагүл НҰҒМАН

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 14 Ақпан 2019 14:34

Жыр жүйрігін еске алды

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың жырлары сан ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығы мен махаббатын оятты. Жанға жылу, көңілге сағыныш ұялататын өлеңдері өлмек емес. Жыл сайынғы дәстүр бойынша аудан мектептерінде мұзбалақ ақынның туған күніне орай түрлі іс-шаралар мен байқаулар ұйымдастырылып тұратыны белгілі. Биыл да ақындарын еске алған аудан мектептерінен редакциямызға келіп түскен хаттар легі толастар емес. Солардың бірнешеуіне тоқталып, шолу жасап өтуді жөн санадық.

Нұра ауылының тұрғыны Советбек Бағыбаев есімді оқырманымыздан «Мұқағали – халық ақыны» тақырыбында мақала келген екен. Автор: «Абайды ұлттың ұлы ақыны десек, Мұқағали – қазақ халқының жарық жұлдызы. Мұқағалидың өлеңдерінде не құдірет бар дегенде, өз заманының адамдарымен таң азанмен бірге тұрды. Халық күрсінсе, бірге күрсінді, халық шаттанса, бірге шаттанды... Өзгенің сойылын соғып, халыққа қайғы-қасірет әкелген, адамның бет пердесін киген, нағыз түр-түсі шибөрі, жылан сияқтыларды отты жырымен осып өткен, кез-келген уақытта аспаннан найзағайдай жарқылдап келіп, алмас тырнақтарымен шеңгелдеп бүріп, бүкіл өмірі арпалыспен өткен ақын», – деген толғанысын жеткізіпті. Ал, Бәйтерек ауылындағы әл-Фараби атындағы орта мектептің мұғалімі Гүлбақыт   Мыңбаевадан жолданған хатта Мұқағали жырларының тәрбиелік мәні айтылады. «Оның әр өлеңінің  тәрбиелік мәні зор. «Санаулы күн» өлеңінде:

Қанша күнің,

Санап көр текке кетті.

Қанша жанды

Санап көр өкпелеттің.

Адамдықтан адасып қаншама рет,

Қаншама рет ауытқып шетке кеттің?! – деп адами қадір-қасиетті сақтап, өз ісің мен сөзіңе есеп беру қажет екенін ұғындыра түседі.

«Аңса жаным» өлеңінде:

«Мен тілейін, жарқыным сен де тіле,

Жақсылық орнасын деп жер бетіне.

Мен сағынам, сен дағы сағын жаным,

Адамнан тек жақсылық табылғанын» – деп адамды жақсылық жасауға, қайырымды да мейірімді  болуға  үндейді», – деп біршама мысалдар келтірген-ді автор.

Сонымен қатар, қаламыздағы Абылай хан атындағы орта мектебінде «Есіңе мені алғайсың» тақырыбында ақындарын ардақтап естеріне алған танымдық іс-шара жүзеге асты. «Ең бірінші бақытым – халқым менің» деп жырлаған ақынын, расында, халқы ұлықтауда. Көктөбе орта мектебінде де «Халқымның жүрегінде – жыр-дастаны» атты М.Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеште оқушылар мен ұстаздар өнерлерін ортаға салып, көрерменді бір серпілтті. Рахат №1 орта мектебі де жыр жүйрігін «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» тақырыбымен еске алды. Аталған шараға ақын, жазушы, публицист, «Қазақ елі», «Жұмадағы жүздесу» газеттерінің бас редакторы Ғабдолла Қажымұқан қатысып, оқушылар дайындаған концертке куә болды.

Қарасай ауылындағы Абай атындағы орта мектепте де тақырыптық, әдеби-сазды поэзиялық кеш ұйымдастырылды. «Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері оқылып, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды», – деп хабарлады кітапхана меңгерушісі Гаухар Есмұрзаева. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде де М.Мақатаевтың туған күніне арналған көркемсөз оқу байқауы өтті. Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған 23 сайыскер бақ сынасып, нәтижесінде І орынды Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Айдана Ниязалиева алса, ІІ орынды Рахат №1 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Нұрсұлтан Нұрлан мен Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ердана Жұмабек еншіледі. Үшінші орынды Абылайхан атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Дария Жазылбекова, Рахат №1 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Гүлзиба Ибадуллаева және Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Әсет Ермекбай өзара бөлісті. Сондай-ақ, мұзбалақ ақынның туған күнін Тескенсу ауылы «Асанали» балабақшасы,  Шелек ауылы П.Вихрев атындағы білім ордасы және Жаңашар ауылдық округі де жоғары деңгейде атап өтті.

 

Баспаға әзірлеген

Алмагүл НҰҒМАН.

Published in Тарих
Бейсенбі, 14 Ақпан 2019 14:29

Елтаңбадағы өзгеріс

«ҚР мемлекеттік Рәміздері  туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы ҚР Конституциялық заңының 1-бабына өзгеріс енгізіліп, Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген «ҚАЗАҚСТАН» жазуы латын графикасындағы «QAZAQSTAN» жазуына ауыстырылды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Техникалық реттеу және метрология саласындағы Ғылыми-техникалық комиссиясы отырысының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі хаттамалық шешімімен мақұлданған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық талаптар» ұлттық стандартына өзгеріс 2018 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енді.

Аталғандардың негізінде, барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардан: бұрын дайындалған Елтаңбаларды жаңа үлгідегі Елтаңбаларға ауыстыру қажеттілігін айқындау, бюджетті нақтылау кезінде Елтаңбаларды сатып алуға бюджет қаражатын көздеу, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда «QAZAQSTAN» жазуы бар жаңа Елтаңбаны орналастыру жұмысын ұйымдастыруды сұраймыз.

Ескерту: Есік қаласы мен ауылдық округ әкімдері Өздеріне тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың бірінші басшыларын хабардар ету керек. Сондай-ақ қандай да бір сұрақтар пайда болса, аудандық ішкі саясат бөлімінің 72122 жұмыс телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Қ.Асқарұлы,

аудан әкімінің жанындағы

Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның хатшысы.

Published in Саясат

20 жылдық тарихы бар, бірліктің партиясы «НұрОтанның» аудандық ХХ конференциясы өтті жуырда. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұротандықтар» бас қосып, күн тәртібінде төрт мәселені қарады: «НұрОтан» партиясының 20 жылдығы: Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі», Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысы туралы, партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау және партияның облыста өтетін ХХV кезектен тыс конференциясына делегаттар сайлау. Конференция жұмысын «НұрОтан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бинәлі Ысқақ жүргізіп отырса, партияның облыстық филиалының саяси кеңес мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Жанна Телпекбаева қатысты.

Алғашқы мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев мінберге көтерілді. Партияның тарихына кеңінен тоқталып, оның қоғамдағы рөлін айрықша атады:

– «Нұр Отан» партиясы өз қызметін жаңғырту жұмыстары аясында жаңа 22 партиялық жобаны жүзеге асыру мақсатында IT-сынып және коворкинг орталығы ашылды.

 «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы: Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңінде әрбір қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік жағдайын көтеруде, партияның сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруда жеткен жетістіктеріне тоқталсақ:  бүгінде Қазақстан – бүкіл орталық Азияның локомотиві, саяси, экономикалық орталығы, дүниежүзіне белгілі, әлем таныған құрметті мемлекетке айналды.

Партия жетістіктерінің берік негізі ел болашағы жолындағы барша жоспарлардың іске асырылуының негізі болды. Еліміз саяси дағдарыстар дауылында, азаматтық дау-шаралар иірімінде, әлемдік сілкіністер мұхитында нағыз тұрақтылық аралына айналды. Қазақстан 130 этнос өкілдерінің татулық мекені, киелі бесігі, бір шаңырақ астындағы тағдыры ортақ Отанына айналды. Саралап айтсақ, біздің жетістіктеріміз, партияның жетістіктері: қоғамдағы татулық пен келісім, халықтың әл-ауқатының өсуі, білім мен медицинадағы прогресс, Еуразия кеңістігіндегі озық экономика және Әлемдік қауымдастықтың танылуымен өлшенеді.

Жетістікке жету мақсатында қазақстандықтардың жоғары өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруды, жұмыссыздық деңгейін төмендетуді,зейнетақының әділетті деңгейін қамтамасыз етуді және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсетуді партияның негізгі жоспарына енгізіп отырмыз. Әлбетте, мектептегі сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, жаңа типті мектептер мен балабақшалар ашу, жоғары білім деңгейін әлемдік стандартқа жеткізу, мемлекеттік тілдің озық жүйесін құру, 95 пайыз қазақ тілі, 90 пайыз орыс тілі, 20 пайыз ағылшын тілін меңгеру, мұғалім мәртебесін көтеру – толыққанды дамуымыздың алдаспанына айналып отыр. Сондай-ақ, медициналық қызмет көрсетудің  қолжетімділігі мен сапасын және олардың мәртебесін арттыру, халықты сапалы да қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй коммуналдық қолжетімділігі және телекоммуникациялық және электрондық қызметтердің кең таралуын,  ел экономи-касының тұрақты өсуін қамтамасыз ету, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, жауапты да белсенді сыртқы саясатымызды жалғастыру – бірігіп атқарар басты тірлігіміз болмақ,– деді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе яғни, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру аясында атқарылған жұмыстармен таныстыру үшін мінберге аудан әкімінің орынбасары, аудандық Саяси кеңес мүшесі   Айбек Бидаев көтерілді. Мемлекет басшысының белгілеген бағ-дарламалары шеңберінде атқарылып жатқан нақты істерді кеңінен баяндады:

– Бүгінгі таңда, аудан  бойынша 1 аудандық және 26 ауылдық округтік ақпараттық  түсіндіру тобы жұмыс жасайды, құрамында 79 мүше бар.

Жолдауды іске асыру барысында ақпараттық түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылда бірқатар нақты жұмыстар жүргізілді.

Жолдаудағы тапсырмаларды бірге жүзеге асыруға, оның міндеттерін түсіндіріп, насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Жумангарин Серік Мұқашұлының қатысуымен ауданымызға ақпараттық түсіндіру кездесуі өткізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мәжіліс депутаты Балиева Зағипа Яхян-қызының қатысуымен 3 кездесу аудан тұрғындарымен өткізілді.

Аудан әкімімен бекітілген ауылдық округтерге шығу кестесіне сәйкес аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттарының кездесулері өткізілді. Бұл бағытта барлығы 26 кездесу өткізіліп, жалпы 2450 адам қамтылды.

Сонымен қатар, аудандық үкіметтік емес ұйымдардың, этно-мәдени бірлестіктердің, ардагерлер мен ақсақалдар, әйелдер, жастар, жергілікті қауымдастық мүшелерінің  ұйымдастыруымен Есік қаласы және ауылдық округтердегі, мемлекеттік білім беру мекемелерде жалпы әртүрлі форматтағы 35 кездесу өткізді. 

Осы орайда, мемлекеттік мекемелерде   өтіп жатқан іс-шаралар аудан әкімінің интернет желісінде, ресми сайтында күнделікті жарияланып отырады.

Жалпы барлығын қоса есептегенде 4 айдың ішінде 85 кездесу өткізіліп, 20 мыңға жуық адамның қамтылуы жүзеге асырылды, – деді.

Сондай-ақ, Жолдаудағы міндеттерге сәйкес үш ауысымды мектептердің мәселесі де күн тәртібінде тұрғандығын жеткізді. Айтуынша, Есік қаласындағы В.Терешкова атындағы  мектебі жанынан қосымша 600 орындық ғимарат салу, Қазақстан ауылында Ж.Қайыпов атындағы орта мектепте және Ташкенсаз ауылындағы Х.Абдуллин атындағы орта мектебіне 300 орындық қосымша ғимараттар салу жоспарлануда.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту жағдайын жақ-сарту үшін де ауыз толтырып айтарлық жұмыстар атқарылуда. Өткен жылдың өзінде ауданымызда 45 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде балабақшалар ашылған.  Биыл «Балапан» бағдарламасын мерзімінен бұрын орындауға бар күш-жігер жұмсалатындығын жеткізді өз баяндамасында Айбек Дүйсембекұлы.

Облыстық мәслихат депутаты Жанна Телпекбаева партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасымен кеңінен таныстырды.

Баяндамаларды талқылауға шыққан «Түрген» БПҰ төрайы-мы Бота Елеусізова, аудандық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Айбек Ілебай: – Біз Елбасы айтпақшы, шешімдерді іске асыруға қабілетті, күшті саяси ерік-жігердің қуатты көзі, елді дамытудың ірілендіруші секторының өкілдеріміз. Өйткені, Сіз бен біз елмен етене, әлеуметпен әріптес болған «Нұротандықтармыз»! – деп еліміздің партиясын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша облыстық конференцияға ауданымыздан 7 делегат сайланды.

 Қайнар ЖҰМАҒОЖА,

аудандық мәслихат

депутаты.

Published in Саясат

2018 жыл... 12 ай... 365 күн... Тағатсыз сағат тілімен таласқан ауданымыздағы табанды тірліктер енді тарих қойнына тартты. Әлбетте, оны қайтару мүмкін емес. Тек есте қаларлық ілкімді істерді ой таразысына салып, екшеп-текшегеніміз болмаса. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби айтқандай: «Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, соның рахатын көру – біздің мақсат». Ал рахатын көретіндей, елге пайда беретіндей қандай қам-қарекет болды? Бұл сұраққа өзінің қорытынды есебінде Бинәлі Ысқақ толыққанды жауап берді. Есепті кездесуді аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов жүргізді, облыстық мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсембінов арнайы қатысты. Сондай-ақ, әр деңгейлі мәслихат депутаттары, басқарма, бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері, қоғамдық кеңес, ардагерлер, әйелдер кеңесі мүшелері, аудан  жастары мен тұрғындары залдан орын алды.

Аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің спорт алаңы бұл күні ерекше күйге енген. 700 адамға қойылған арнайы орындықтар, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін айғақтайтын билбордтар кездесудің көркін ашты.

Сонымен, өткен жыл ауданға не сыйлады? Әлеуметтік даму, экономикалық өсім турасында кеңінен баяндама оқыған Бинәлі Әбдіқапасұлы сөзімен келтірсек: – Еңбекшіқазақ ауда-ны облыстың 15 пайызын өнді-ріп отырған іргелі аграрлы аудан. Былтыр 103 млн 847 мың теңгенің өнімін нарық-қа шығарды. 2017 жылмен салыстырғанда 4 млрд теңгеге артық. Мемлекет тарапынан шаруашылықтарға 2 млрд 300 млн теңге субсидия берілді.

Өздеріңізге мәлім, 2011 жылы Елбасы Алматы облысына сапары барысында, Еңбекшіқазақ ауданы бақтарды дамытуға бағыт алуы керектігін атап өткен болатын, себебі біздің өңір алманың отаны  деп есептеуге болады.

Аталған тапсырманы орындау жөнінде шаралар қа-былданған болатын. 2018 жылы 1295 гектарға алма бақ отырғызылды, оның ішінде 568 гектар интенсивті бақ. Атап айтсақ: Қаратұрық ауылдық округінде «Жетісу бақтары» өндірістік кооперативі 210 гек-тарға интенсивті алма бағын отырғызды, жоба құны 2 миллиард теңгені құрады.

Асы ауылдық округінде «Алма Мас-тер Филдс» ЖШС 126 гектар жерге интенсивті алма бағын отырғызды, жоба құны 1 миллиард 877 миллион теңге. Тес-кенсу ауылдық округінде, «Арнау Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 гектар жерге интенсивті алма бағын отырғызды, жоба құны 1 миллиард 511 миллион теңге.

Осылайша, 2018 жылы алма бақтарының жалпы көлемі 9868 гектарға жетті (оның ішінде 1500 гектар интенсивті бақ және 506 гектар апорт), ал 2012 жылы алма бақтың көлемі 3271 гектар ғана болған (өсім үш есеге жуық). Сонымен, өткен жылы бағбандықты дамытуға тартылған жалпы инвестиция көлемі 3 миллиард 380 миллион теңгені құрап, 250 жаңа жұмыс орны құрылды.  Аталған жұмысты биыл да жалғастыратын боламыз. Біз, интенсивті алма бағын кем дегенде 500 гектар жерге отырғызуды, осы мақсатта 3,5 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартуды және 300 жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз.

Жаңа бақшалармен бірге жаңа жеміс сақтау қоймалары салынуда, сондай-ақ табиғи шырындар мен  пюре өндірісі үшін өндірістік желілер пайдалануға беріледі.

Өткен жылы 4600 тоннаға 3 жеміс сақтау қоймасы және алма өнімдерін қайта өңдеу бойынша 3 желі салынды.

Ауданда сүтті және етті мал шаруашылығын дамуы қарқынды өсуде.Өткен жылы 2300 басқа арналған 5 ірі бордақылау алаңы ашылды. Мысалға: Бөлек ауылдық округінде, «АгроМеркур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 800 басқа арналған  бордақылау алаңын іске қосты. Шелек ауылдық округінде, «СВХ» шаруа қожалығы 400 басқа арналған бордақылау алаңын салды.  Асы ауылдық округінді, «Ынтымақ» шаруа қожалығымен 400 басқа арналған бордақылау алаңын салынды. Биыл біз 5 мың басқа арналған бірқатар ірі бор-дақылау алаңдарының құрылысын бас-тауды жоспарлап отырмыз. Бордақылау алаңдарымен қатар біз жаңа сүт-тауар фермаларын ашу жұмыстарын атқарып жатырмыз.Өткен жылы аудан бойынша жалпы 550 басқа арналған 4 сүт-тауар фермалары ашылды: Тескенсу ауылдық округінде 200 бас («Береке» шаруа қожалығы), Қаратұрық ауылдық округінде 200 бас («Темир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі),  Балтабай ауыл-дық округінде 100 бас («Ыбраев» шаруа қожалығы), Саймасай ауылдық округінде 50 бас («Каспакбаев» шаруа қожалығы).

Осы жылы біз 1150 басқа арналған 4 сүт-тауар фермаларын ашуды жоспарлап отырмыз. Олар: Ақши ауылдық округінде 800 бас («Умэкс БС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), Саймасай ауылдық округінде 200 бас («Айдарбаев» шаруа қожалығы), Балтабай ауылдық округінде 100 бас («Қартбаев» шаруа қожалығы), Бартоғай ауылдық округінде 50 бас («Элса» шаруа қожалығы), – деді.

Ауданда жасыл энергетика қарқын алған. Айталық, 2017 жылдан бері 3 су, 7 жел электр стансалары іске қосылды. Биыл «Нұрлы ВЭС» ЖШС (қуаттылығы 5 МВт), «Самрук Грин Энерджи» ЖШС (қуаттылығы 50 МВт) жел электр стансаларының жұмысын бастаса, Шелек өзенінің бойында қуаттылығы 4,5 МВт-тық төртінші су электр стансасының құрылысы тәмамдалмақ. Сол секілді Сөгеті округінде қуаттылығы 200 МВт болатын күн электр стансасы да бой көтермек.

Былтыр инвестиция көлемі де 39 млрд теңгеге жеткен. 2017 жылмен салыстырғанда 2,5 млрд теңгеге артық.

Аудан бюджетінің 70 пайызын алатын білім саласында да ауыз толтырып айтатын жетістіктер бар. Ол турасында: – Мен әрқашан білім беру жүйесіне ерекше назар аударамын, өйткені біздің балаларымыздың білімділігіне бүкіл елдің табысты болашағы тәуелді. Осы салада да біз серпінді жетістіктерге қол жеткіздік. ҰБТ-ның орташа балы 88,2-ні құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 5 балға жоғары, білім берудің сапалық көрсеткіші 8,8 пайызға өсіп, 63,6 пайызды құрады. «Алтын белгіні» 91, ал үздік аттестатты 84 оқушы иеленді. Өткен жылы барлығы 854 түлек жоғарғы оқу орнына түсіп, оның 353-і грантқа түскен. Бұл көрсеткіштер де алдыңғы жылдарға қарағанда айтарлықтай жоғары. Білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жаңа мектептер салу есебінен біз үш ауысымды мектептер санын 12-ден 4-ке дейін төмендеттік.

Осы мәселені толық шешу үшін біз Есік қаласындағы В.Терешкова атындағы мектебіне 600 орынды қосымша ғимарат, Қазақстан ауылындағы Ж.Қайыпов атындағы мектебіне және Ташкенсаз ауылындағы Х.Абдуллин атындағы мектебіне 300 орындық қосымша ғимарат салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейміз.

Бұдан басқа, алдағы жылдарда 12 ауылдағы бейімделген ғимараттарда орналасқан мектептердің орнына 120 орынға арналған жаңа мектептер салу және 19 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу  жоспарлануда.

Осылайша, биылғы жылы біз Саймасай мен Аймен ауылдарындағы мектептерде күрделі жөндеу жұмыстарын бастауды және Есік қаласындағы Абылайхан атындағы мектебін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзір-леуді жоспарлап отырмыз.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту жағдайын жақсарту үшін көп жұмыс атқарылды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде 45 балабақша іске қосылды  (жалпы 3440 орынға), балаларды бала-бақшамен қамту деңгейі 98,6 пайызға жетті.

Ағымдағы жылы, мерзімнен бұрын біз ауданның барлық балаларын мектепке дейінгі мекемелермен 100 пайыз қамтуды жоспарлап отырмыз – деді Б.Ысқақ.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы да өңірімізде табыс жүргізілуде. Мәселен, былтыр 228 877 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 92,5 пайызы электронды түрде. Ал бұл 2017 жылы 56 пайыз болған-тын.

Әкім баяндамасын талқылауға «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қорының» атқарушы директоры Б.Елшібаева, аудандық мәсли-хат депутаты В.Крылов, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты А.Ілебай, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Г.Жошыбаева, ауданның құрметті азаматы А.Оспан мінберге шықты. Еркін пікір білдіріп, аудан әкімінің бір жылдық жұмысына қанағаттанарлық деген баға беруді ұсынды. Өз сөзінде Гүлнәр Сағатқызы: «Ынтымақты жерде – ырыс жүреді» демей ме дана қазақ. Сөзімнің түйінінде осындай келелі істердің басында тұрған аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлының бір жылдық жұмысына бірауыздан «қанағат-танарлық» деген баға беруді ұсынамын. Себебі,

«Ері – елім, елі – ерім деген ел,

Қадірі артып, өсер, көктеп-көгерер»!, – деді. Кездесуге қатысушылар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Мінберге көтерілген Алматы облысы мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсембінов облыс аумағында атқарылған табысты жұмыстарды айтып, аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың есебіне қанағаттанатындығын жеткізді.

Жиын соңында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, аудан әкімі оң жауабын берді.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА,

аудандық мәслихат депутаты.

Published in Ресми
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама