Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 21 Ақпан 2019
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 16:19

Мен – өмірді таңдаймын!

Жуырда Есік медициналық колледжінің мәжіліс залында  «Мен – өмірді таңдаймын» атты жастар арасындағы суицидтің алдын алу бойынша жиын өтті. Оны аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Сұлтан Тойғанбай жүргізді.

Аудандық ішкі істер бөлімі жол полиция қызметі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары полиция аға лейтенанты Айгерім Әкімжанова және полиция аға лейтенанты Ару Қасымова, ауданның дін инспекторы Ақжол Әлнұр, Көктөбе ауылы мешітінің имамы, аудан имамының наибы Нұржан Нышан, Есік медициналық колледжінің психологі Жазира Нұртілеуова студенттер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара шымылдығы арнайы дайындалған видеороликпен ашылып, мамандардың баяндамаларымен жалғасты. Психологиялық ойындар ойнатылды. Соңы ашық сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Жалпы, қатысқандарға жан-жақты, толыққанды мағлұматтар берілді. Қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздығы салдарынан, қоғам мәдениетіндегі құндылықтардың төмендеуі, сәтсіз отбасы мен қолайсыз тұрмыстық-материалдық жағдайлар, жағымсыз қарым-қатынас, қоршаған ортадан, әсіресе мектептегі топтан оқшаулану, жасөспірімдердің психикалық ауруларға ұшырауы, сәтсіз романтикалық ситуацияға тап болуы, ішімдік пен есірткі заттарын қолдану – міне осының барлығы жасөспірімдердің суицидке баруына алғышарттар болып табылады. Суицидті мінез-құлық белгілері байқалған жасөспірімдерге тек арнайы даярланған мамандар ғана емес сол белгілерді байқаған кез-келген адам көмек бере алады. Сондықтан, баршаңызды осы мәселеге немқұрайлы қарамауға шақырамыз!

 Жастар ресурстық орталығы

Published in Жастар
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 16:16

Тәрбиенің алтын діңгегі

Бүгінгі күнде бала тәрбиесіне қатысты ұстаздар тарапынан көптеген ізденістер жоспарланып, жүзеге асырылуда. Әрине, ұрпақ тәрбиесінде рухани тұғырды нығайту аса қажет.Мемлекет басшысы  Н.Назарбаев «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» еңбегінде қоғамдық сананы жаңғырту басты шарттарының бірі – өзінің ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау және іргелі негіз – патриотизм болып табылатындығын көрсеткен.

Бастауыш сынып оқушыларына бұл бағытта арнайы жоспар жүйесінде тәрбие сағаттары, түрлі шаралар ұсыну жолға қойылған. Құндылықтар мен адамгершілік бағдарлар және патриотизм өзара байланыса отырып, ұлттық идеяны қалыптастыратынын ойласақ, біз кішкене баланың бойында азаматтық сана, ұлттық рух қалыптасуын көздейміз. Осыған байланысты патриотизмге баулу, ұлттық мемлекет стратегиясының іргелі бағдарлары кеңінен қарастыры-луда. Олардың еліне, жеріне деген сезімі қаланады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты мақсаты да сол – өз ауылы, қаласы, жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген махаббат, мақтаныш пен адалдық, адамгершілік борыш сезімінің қалыптасуы.

Осы бағытта өзім жан жақты жұмыс жасап, шараны ата-аналармен ғана емес, қоғам қайраткерлері, түрлі мамандық иелерімен біріге өткізуге тырысамын. Қазақстандық азаматтарды тұтастырып тұрған үлкен мұраттар мен идеялар бар: ол – мемлекетіміздің гүлденуі, үлкен жетістіктерге қол жеткізуі. Олай болса, соны жас ұрпаққа жеткізу қажет, солардың бойына сіңіру керек.

Әр ауыл мектебі – мемлекеттің шағын бөлшегі, әрбір бала – қоғамның белсенді мүшесі. Демек, бұл бізге мектептегі әр оқушыға елдің ертеңгі тұтқасын ұстайтын келешек отансүйгіш азамат деп қараумен қатар, өзінің және айналасындағы өзгелердің өмірін, білім мен тәрбие алуын, құқығын, міндетін зерделеп, реттей алатын толыққанды белсенді азамат деп қарау және олардың көзқарасымен, пікірімен санасу міндеттерін жүктейді.

Оқушылар жазғы демалыста ауыл адамдарымен бірлесе отырып, туған ауыл тарихы туралы деректер жинап, әңгіме, реферат жазып, ауыл тақырыбында сурет салу және мүшәйраға өз шығармашылығын ұсынуға тапсырма алды.

Мектеп ұстаздары және басқа тұлғалар туралы деректер жинақтауды да жоспарлап отырмыз. Осы шаралардың қай қайсы да оқушы, бүгінгі ауыл баласы – ертеңгі ел тұлғасы жүрегіне ұшқын тастағаны, рухани қуат сыйлағаны сөзсіз.

Енді осы жұмыстарды жүйелеп, арнайы жұмыс бағ-дарламасы ретінде жалғас-тыруды ойластырудамыз, бұл – бала жүрегіне елжандылық пен рух сыйлайтын игі іс. Расында, рухани жаңғыру – тәрбие бесігінің алтын діңгегі. 

 

Дана ЖАНСЕРКЕЕВА,

Көктөбе орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі.

Published in Жастар
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 16:12

Дұрыс тамақтану – саулық кепілі

Алғашқы болып сөз алған ұйымдастырушы мекеменің бөлім басшысы Ұлмекен Қанағатова аудандағы мектеп асханаларында орын алып жатқан кемшіліктерді тізіп берді.

– Бүгінде көптеген мектептердің асханаларында тауар көршілестігі сақталмайды. Яғни, ет тағамдары, балық пен ұн өнімдері, сүт өнімдері барлығы бір тоңазыт-қышта сақталады. Бұл – заңға қайшы. Ал кейбір асханаларда хот дог, гамбургер, пицца сынды фаст-фут өнімдерін жасырын дайындап сатады. Аталған тағамдарды мұғалімдерге арнап пісірдік деп ақталатын асхана меңгерушілері бұның да заңбұзушылық екендігін білуі тиіс. Осындай заңсыздықтарды ауданымыздың бірнеше мектебінде анықтадық – деген Ұлмекен Ахатқызы асхана меңгерушілеріне тиісті стандаттарды түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қадағалау мекеме қызметкерінің айтуынша, әр мектеп асханасында балаларға ішуге арналған қайнаған су тұруы тиіс немесе мектеп ғимаратының кез-келген жерінде су толтырылған арнайы құрылғылар болуы керек.

– Бала – біздің байлығымыз, барымыз, елдің болашағы. Сондықтан олардың денсаулығы мен дұрыс тамақтануын қадағалау – баршамыздың міндетіміз. Қазіргі таңда осы міндетке бейжай қарап жүрген азаматтарымыз да жоқ емес. «Нұр Отан» партиясы құзырлы органдармен бірлесе асханаларға мониторнг жұмыстарын жүргізіп отырады. Шара барысында, кейбір асхана қызметкерлерінің медициналық кітапшаларының мерзімі өтіп кеткендігін анықтадық. Біз балалардың өміріне жауапты болғандықтан, ешқашан олқылыққа жол бермеуіміз керек – деген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев алдағы уақытта да кестеге сәйкес асханаларға мониторинг жұмыстары жалғасатындығын жеткізді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бақытгүл Дүйсебекова да өзінің пікірін ортаға салып, мектеп асханаларын жалға алып отырған кәсіпкерлерге кеңес берді. Семинар соңында қатысушылар тиісті мекемелерге сауалдарын қойып, арнайы мамандардан тиісті кеңес алды.

 С.НҰРАДИН.

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 16:04

Қарасай – қазыналы, құтты мекен

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында музейлер мен тарихи орындарға айрықша тоқталғаны киелі орын қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп, мерейін өсіргені ақиқат. Солардың бірі де бірегейі, ел арасында «Елбасы мұражайы» атанған Қарасай аудандық тарихи-өлкетану мұражайы жуырда біздің өңірде өздерінің жәдігерлерін таныстырып қайтты.

Есік археологиялық-өлкетану музейінде өткен көшпелі көрмеге аудандық білім бөлімі қызметкерлері, ұстаздар мен оқушылар, қала тұрғындары қатысты. Алдымен сөзді музей директоры Серік Қалиев алып:

– Әсем табиғаты, керім даласы, бай тарихы бар, елге танымал  ардақты адамдарымен дүниені шарлаған қасиетті Қарасай ауданы Жетісу өңірінің ғажайып пұшпағы дер едім. Өлкеміздің тәуелсіз елімізде алатын орны ерекше және бұл мекеннің биыл 90 жылдық мерейтойы. Өткеннің елесін, бүгінгінің тынысын біріктіріп, құнды жәдігерлерді бір шаңырақ астына жинайтын музейлер орны ерекше. Халықты уақытпен қауышуға мүмкіндік беретін айғақты мұражай, бүгінде мәдени рухани мұраны бағалап, талдап, ел дамуының өзекті бір айнасы болып отырған Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейі де өз жұмысын жүйелі жүргізіп, 20 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Киелі мекеннің әрбір залы тарихи экспонаттарға бай. Солардың біразын бүгін назарларыңызға ұсынамыз, – дей келе,   көне заман жәдігерлерін таныстырып, терең тарихына тоқталды.

Шара соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Беспаева мұражайдың тарихи сананы жаңғыртып, жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру үшін таптырмас құрал екендігін айта отырып:

– Еліміздің болашағының жарқын болуы үшін өткенімізді біліп, салт-санамызды саралауымыз қажет. Ол үшін көне жәдігерлерді сақтаушы, тарихты насихаттаушы мұра-жай қызметкерлеріне үлкен алғыс білдіремін, – деп қорытындылады. 

Жансая ЫСҚАҚ.

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 15:56

Қызметіне қарай құрмет

Ауданымыздың  Шелек өңірінде тұратын  Чернобыль  атом электр стансасының, Семей сынақ полигонының жарылыстарынан зардаптанған аймақтарды залалсыздандыруға қатысқан ардагерлер мен қайтыс болған ардагерлердің жесірлері, сондай-ақ, Венгер оқиғасының қарт жауынгерлері жақында №2 Шелек аудандық ауруханасында бас қосты.

Бас қосудың мақсаты – ардагерлердің денсаулығын жақсартудағы ақ халаттылар қызметіне құрмет көрсету. Соңғы екі жылда жоғарыда аталған ардагерлерге тұрақты көңіл бөлініп, әрбіріне жедел аурудың алдын алатын, керекті дәрі-дәрмекпен жабдықталған арнайы қорапша (аптечка) беріп, облыстық ауруханаға жолдамамен дерт диагнозын анықтатып, госпитальға, санаторий-курорт-тарға, сауықтыру орындарына баруға жағдай жасалған. Осындай қамқорлыққа бөленген ардагерлер алғыстарын жеткізіп, емхана меңгерушісі Гүлжан Макееваға облыстық Чернобыль АЭС апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Х.Мустафа қол қойған Құрмет грамотасын салтанатты түрде табыс етті. Кісілігі мығым, іскерліктің ығын білетін Шелек өңірлік Чернобыль, Семей, Венгер тарихи оқиғасының куәгері болған ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Омаров, Шелек аудандық ауруханасының бас дәрігері аудандық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы факциясының мүшесі Гүлнәр Құраметова жиында жылы лебіздерін білдірді.

Анарбек Мөкішұлы,

Ержан ОМАРОВ.

Шелек ауылы.

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 15:52

«Улыбке» - 50!

В 1969 году состоялись первые выступления этого детского ансамбля. И с того времени не было, наверное, ни одного районного мероприятия, праздника, который не украшали бы задорные танцы его юных, грациозных артисток. Название ансамбля всем известно – «Улыбка».  Его 50 лет тому назад основали и до сего времени руководят замечательные хореографы – Почетные граждане района, супруги Нина Пашкова  и Дмитрий Остапенко, проживающие в с.Болек. За полвека «Улыбка» стала мощным творческим коллективом, в котором в основном занимаются девочки и девушки с 4 до 18 лет, со сложившимися традициями, методиками обучения, широчайшим репертуаром танцев народов мира. В биографии «Улыбки»  – съемки в документальном фильме японских кинематографистов о Великом Шелковом пути в 1983 году, участие в республиканских и всесоюзных фестивалях и конкурсах. В 1987 году постановлением коллегии Министерства культуры Казахской ССР ансамблю было присвоено высокое звание «Народного». В 1989 году он занял 1 место среди народных коллективов Казахской ССР. И сегодня «Улыбка», что называется, держит марку, удивляя и восхищая зрителей профессиональной постановкой танцевальных номеров. Несомненно, «Улыбка» стала примером для создания других детско-юношеских ансамблей в нашем районе и эталоном творческого мастерства. Ее воспитанники выступают в лучших профессиональных коллективах, учат детей хореографии, преподают в творческих вузах и колледжах.

 На юбилейном концерте, состоявшемся 10 февраля 2019 года в районном доме культуры имени Туманбая Молдагалиева, в знак признательности Нине Ивановне и Дмитрию Павловичу, с танцами народов Казахстана выступили все возрастные группы «Улыбки», спортивно-танцевальная студия «Импульс», шоу-балет  «Аврора», ансамбль «Мереке», ансамбль кавказского танца «Картал», юные виртуозы домбры  –  лауреаты и обладатели Гран-при республиканских и международных  конкурсов Наренбай Ильяс и Ахмет Рауан, и многие другие самодеятельные и профессиональные певцы и музыканты.

Сейчас  Нина Ивановна (она также руководит ансамблем «Мереке» при СШ имени Горького с.Болек)  и Дмитрий Павлович передают эстафету внучке Арине Некрасовой, выпускнице Санкт-Петербургского университета культуры. Арина сама 12 лет  танцевала в знаменитом ансамбле. Багаж знаний, которые дали ей «Улыбка», эстрадно-цирковой колледж и университет,  она теперь использует в развитии созданных ею студии «Импульс» и шоу-балете «Аврора», в обновлении репертуара «Улыбки». Яркое тому свидетельство – постановка танцев на праздничном концерте в честь деда и бабушки под началом их внучки – еще совсем молодого, но безусловно талантливого и способного хореографа. В завершение праздничного вечера  за многолетний вклад в творческое развитие и воспитание детей и юношества, укрепление дружбы и добрососедских отношений директор Дома культуры Бауыржан Шаяхметов от имени районного отдела культуры и развития языков  вручил Нине Пашковой приветственный адрес и почетную грамоту, а также подарочный сертификат на 50 тысяч тенге.  Виновнице торжества (Дмитрий Остапенко приехать не смог)  бывшие ученики, благодарные зрители, пришедшие на концерт семьями в полном составе,  аплодировали стоя. Всеобщее уважение и признание подчеркивает как нельзя лучше, что «Улыбка» была и остается поистине народным ансамблем.

 И.ТУРАНИН.

Published in Өнер
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 15:49

Лицейдегі келелі кездесу

Жуырда қаламыздағы А.Мәлкеев атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінде қазақ поэзиясының Хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мұхаммедқалиұлымен кездесу өтті. Білікті білім ордасының ұстаздары мен шәкірттері құрметті қонақты қазақы қонақжайлылыққа сай күтіп алды. Ұйымдастыруға ұйытқы болған – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрбүбі Елубаева.

«Пай, пай, Өмір!» атты өлеңін мұзбалақ ақынның жанды дауысында тыңдаған көрермендерге Жұлдыз Мұхаммедқалиұлымен бірге келген қонақтар таныстырылды. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, Құрмет Орденінің иегері Айтақын Әбдіқал және Мұқағали Мақатаев атындағы халықаралық қордың Президенті, ақынның келіні Бақытгүл Айдарова да келелі кездесуде оралымды ойларын ортаға салып, елең еткізер естеліктерін жеткізді. Шара барысында лицей директоры Еркін Тұрлыбеков құрметті қонақтардың қадамдарына нұр тілеп, оқушыларға жақсылардан үйренетін жұғымды ой түюлерін тапсырды. Мұқағали атамыздың өмір жолына шолу ретінде бейнероликтер тамашаланып, мектеп-кеменің зейінді ұлдары ақынның өлеңдерін жатқа оқып, өздерінің ақынға жолдаған арнауларын да паш етті көрерменге.

«Мұқағали ақынның ұрпақтары жайлы білгіміз келеді, өзіңіз қандай мамандық иесісіз?» деген оқушылар Жұлдыз Мұхаммедқалиұлының өз аузынан жауап алды. «Жалпы біз әкемізден алтау едік. Тағдырдың жазуымен, түрлі себептер мен дерттің кесірінен кей бауырларым жастай өмірден өтіп кетті. Мен өзім – заңгермін. Мамандық таңдауыма тікелей әкемнің ақылы мен кеңесі әсер етті. Заңгер болып қызметімді атқарып болып, бүгінде зейнеттемін», – деді ақынның ұлы. Осы тұста ақын Айтақын Әбдіқал сөз алып, Жұлдыз Мұхаммедқалиұлының да шығармашылықтан шет еместігін, қаламынан туындаған өлеңдерінің өзіндік бояуы бар оқылымды дүниелер екенін де тіліне тиек етті. Қазақтың күпі киген қара өлеңін шапан жауып өзіне қайтарған ақынның келіні Бақытгүл Айдарова халықаралық қор жайында мағлұмат беріп, Мұқағали Мақатаевтың «Тамаша айым – тамызым» атты жыр жинағы жарық көргенін жеткізді.

Өнерлі де өрлі оқушылары бар білім ордасының ұжымы ұйымдастырған шараға құрметті қонақтар алғыс білдіріп, өрлеу тіледі.

 

Алмагүл НҰҒМАН.

Published in Жастар
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 15:46

Өнерді өрге сүйрер – жас өрендер

Малыбай халқы өнерді құрметтеген, талантты бағалаған текті халық. Тау тұлғалы ақын-жазушыларымызды төрімізге шығарып, қонақ етер елі барда, өлеңдерін жатқа оқитын ұрпақтары барда өнер де өлең де өлмек емес. Ақиық ақынымыз, мұзбалағымыз Мұқағали Мақатаевтың рухына тағзым етіп, өшпес мұрасын жаңғырту мақсатында, бүгінгі күннің заңғар жазушысы, журналист, республикалық қоғамдық-саяси «Президент және халық» газетінің бас редакторы, қоғам қайраткері Марат Тоқашбаев пен ұлтаралық татулықты, ынтымақтастықты насихаттау ниетінде ұйғыр ұлтының ақыны Жәмшит Розахуновтың  шығармашылығына арналған кеш өтті жуырда.

Малыбай орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары ұйымдастырған шараға  аудандық білім бөлімінің өкілдері  Алмагүл Ұнақбаева мен Зарема Қожмамбетова, мектеп басшылары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ауыл тұрғындары қатысты.

Алғашқы сөзді алған мектеп директоры Дәметкүл Балмахамбетқызы ақиық ақынның туған күнімен құттықтай келе:

– Өлкеміздің ақын-жазушыларын өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсету біздің абыройлы міндетіміз. Өткенін ұмытпай, ұлы тұлғаларды танып, бойына жақсы қасиетін сіңіріп өскен жас жеткіншек келешекте кемеңгер де, елін сүйер елжан болары хақ. Сол себепті, Хан Тәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевты еске алып, ауылымыздың мақтаныштарымен кездесу ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз да осы. Шәкірттерімізге шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдемін, – деп жылы лебізі мен жүрекжарды тілегін білдірді.

Ақын өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқып, ақын сөзіне жазылған әндерді орындаған, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына көрініс қойған ауыл өнерпаздары көпті сүйсінтті.

Кеш соңында қос тұлғаға шапан жауып, ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары жылы лебізін білдіріп, батасын берді. Осындай өнерлі өскелең ұрпақ барда өмірін өлеңмен өрген тау тұлғамыз Мұқағали да, қазіргі заманның қоғамдық мәселелерін көтеріп, журналистикада да, публицистикада да өзіндік қолтаңбасы бар Марат Тоқашбаев та, өзге ұлт өкілі болса да, жүрегі қазақ деп соғатын, елін жерін жырлап жүрген ұйғыр ақыны Жәмшит Розахунов та ұрпағына үлгі болып, ел жадында мәңгі сақталады деген сенімдемін.

 Жансая ЫСҚАҚ.  

Published in Жастар

Изменения и дополнения в Налоговом кодексе РК, введенные в 2019 году, касаются в первую очередь бизнеса, но отдельные пункты затрагивают и рядовых налогоплательщиков. На семинаре, организованном 19 февраля 2019 г. районным управлением государственных доходов, перед предпринимателями выступили руководитель УГД района Нуржан Журынбаев, представители департамента государственных доходов Алматинской области: руководители управлений ДГД Нагипа Абдуллина, Габит Оразов, главные специалисты Санжар Иманкулов, Данияр Атимов, Шугыла Калибекова, Салтанат Алдибекова.

Нагипа Абдуллина рассказала о критериях системы управления рисками, на основе которой осуществляется дифференцированное применение форм налогового контроля. Высокая степень риска в деятельности бизнеса неминуемо приведет к включению предприятия в план проверок управления по госдоходам. Низкая степень риска напротив, снизит налоговый контроль. Одним из положительных критериев является высокая заработная плата работникам.

Темой выступлений Шугылы Калибековой и Салтанат Алдибековой были новые условия применения  специального налогового режима на основе патента, изменения в Законе «О пенсионном обеспечении РК», разъяснение правил списания пени и штрафов при условии уплаты недоимок. Вводится «Единый совокупный платеж для самозанятых»  – упрощенная налоговая форма, которая  дает самозанятым гражданам возможность зарегистрировать себя как предпринимателей, заплатив  необходимую сумму в банке, и остановить свою деятельность, перестав платить. Никаких отчетов делать не надо.    Выступление Данияра Атимова было посвящено открытию контрольных счетов, Санжар Иманкулов сообщил о обязательном применении электронных счетов-фактур для обеспечения контроля при перемещении товаров на территории ЕАЭС. Габит Оразов осветил нововведения в Таможенном кодексе РК. К примеру, с 1 января 2019 года снижены критерии беспошлинного ввоза товаров для личного пользования. Вскоре физические лица при посещении МЦПС «Хоргос» будут применять так называемые RFID-карты для прозрачности товарооборота и прохождения границы. Физическое лицо, приобретая товары на МЦПС «Хоргос», будет предъявлять RFID-карту продавцу для внесения в Систему учета сведений о приобретенных товарах. 

В заключение Нагипа Абдуллина напомнила о введении с 2020 года всеобщей декларации о доходах, которую будут обязаны сдавать все граждане Казахстана, о том, какие пункты декларация будет содержать: финансовые доходы, недвижимость, предметы антиквариата и т.д.

Подробней ознакомиться с изменениями в Налоговом кодексе РК в 2019 году можно на сайте  ДГД Алматинской области.

И.ТУРАНИН.

 

На фото: в ходе семинара; выступает руководитель управления ДГД Нагипа Абдуллина.

Published in Ресми

Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық – бұның барлығы бүркіт салып, көкпар тартып, ат баптаған қазақ халқының кәсібінен гөрі өнерге жақын тірлігі. Аңшылықты серік етіп, саят құрған ата-бабамыздың төл өнері мен ат спорты бүгінгі күнде де заман көшінен қалған емес. Әсіресе жас-тар арасында кеңінен таралған ұлттық спортты дамытуға мемлекет тарапынан көңіл бөлінуде. Осы орайда жақында Тескенсу ауылында округ әкімдігінің, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, жастар ресурстық орталығы мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Құсбегілік өнер – ұрпақтан ұрпаққа» атты бүркітшілер жарысы өтті. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын қолдау мақсатында, төл өнерімізді насихаттайтын спорттық жарысқа сол аумақ ауылдарының жастары жиналды. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық ойындарына асқан қызығушылықпен қарайтын Венгрияның азаматтары қатысты.

Өткен ғасырда Венгр елінде тұрған қандасымыз, белгілі түрколог, ғұмырын мажарлар мен күллі түркі халықтарының ынтымақтастығына арнаған Қоңыр Мандоки мажар елінде ұлттық спортымызды насихаттап, мажарлардың қызығушылығын тудырған. Қоңыр Мандоки арқылы қазақтың ұлттық құндылығына қанық Венгрия азаматтары аудан азаматтарының қонақжайлығына ризашылығын білдірді.

Шара барысында қазақстандық жеткіншек Ерсұлтан өзі баптап жүрген 3 жасар Дәуір атты бүркітін аңға салып, көпшіліктің таңданысын тудырды. Сонымен қатар, ат құлағында ойнайтын жастарымыз теңге ілуден жарысып, кім мықтыны анықтады. Алып денелі, кең иықты балуандарымыз аударыспақта күш сынасып, мектеп оқушылары көкпар тартты.

Жарыс соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев сайыста үздік шыққан азаматтарға Алғыс хаттарын табыстап, ұлттық спортты дамытып жүрген жастарға сәттілік тіледі.

 С.НҰРАДИН.

Published in Спорт
Page 1 of 2
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама