Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Күндер бойынша реттелген элементтер: Сейсенбі, 26 Ақпан 2019
Сейсенбі, 26 Ақпан 2019 08:47

Көпбалалы ананың ерлігі

Жазира Отарбаева – көпбалалы ана. Ол - Түрген ауылының тумасы, қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылының тұрғыны. Жетінші сәбиін дүниеге әкелген Жазира - бүгінде «Алтын алқа» иегері.

Сонымен қатар жас кәсіпкер. 32 жасында екі балабақша ашып үлгерен батыр ана мектеп қабырғасында жүрген шағында-ақ  өзінің білімімен, әрі пысықтығымен көзге түскен. 2004 жылы Азамат Артықбайұлы есімді азаматқа тұрмысқа шыққан. 2005 жылы жас отбасында Әсел есімді тұнғыш қыздары дүиеге келеді. 2007 жылы атқа мінер Жанболат  есімді ұлды болды. Екі баланың анасы бола тұра үйде отырмай, Дінмұхамед Қонаев атындағы Еуразиялық университеттің заң факультетінің түлегі атанып, оны 2011 жылы тәмамдаған. Сол жылдары отбасы Әлия және Жанел есімді қыздармен толығады. Одан кейін Нұрболат, егіз қыздар Адель мен Анель дүиеге келеді. 

-Үш балам мектеп табалдырығында білім алса, төртіншім дайындық бөлімінде. Ал  үш кішкентайым балабақшаға барады. Төрт мыңнан астам тұрғыны бар Рахат ауылында балабақша жоқ.  Балабақша үйден қашықта орналасқандықтан, біраз қиындық туындайтын. Содан 2012 жылы  жеке кәсіпкерлікке бет бұрып, балабақша ашуды жөн көрдім. Бастапқыда 370 шаршы метр аумақты қамтитын 100 балаға арналған  мектепке дейінгі мекемеге өз үйімнен орын бөліп бердім. 2017 жылы қыркүйек айында алғаш рет «Нұрлы жол 2017» балабақшасын аштым. Сол уақыттан бері өз жұмысын тоқтатпай істеп келеді.

Ал, екінші балабақша Есік қаласында кеңестік кезеңнен қалған ғимараттан аштым. «Мейірімді періште»  3 жасқа дейінгі 300 бүлдіршінге арналған. Кейін ол балабақшаны Жетімдер үйінен жеке кәсіпкер сатып алды. Алайда мекеме ұзақ уақыт қызмет істемей,өз жұмысын тоқтатты. 2018 жылы несие алып, жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін қыркүйек айында балабақшаны қайта жандандыруды жөн көрдім.

- Несиені «Даму» орталығынан алдым. Бүгінде несиесіз ешбір іс біте қоймады ғой(күліп) . «Балапан» бағдарламасы арқылы жұмыс істейміз. Осы  бағдарлама   арқылы көптеген жетістіктерге жетіп отырмыз. Осындай жетісткке жетуіміз үшін қол ұшын созған  жергілікті атқарушы органдарға алғысымды білдіремін.

Айта кетейік, көпбалалы ана демалыс уақытында балаларына өз қолымен дәмді тағам әзірлеп, бірге серуендегенді ұнатады екен. Ал қалған уақытта балалар тәрбиешілерінің қарауында.

 

Динара Тюлемисова

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Published in Мақалалар
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама