Күндер бойынша реттелген элементтер: Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019

Алда көктем мезгілі де келіп қалды. Қар еріп, күн жылынғаннан бастап орманды-шабындық жерлерге өрт қаупі төнеді. Қазіргі қала, аудан, ауыл тұрғындары демалыс күндері бос уақыттарын «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркінің» көркем де сұлу табиғатына келіп демалады. От жағып, кәуәп дайындап, уақыттарында қызықты өткізуге тырысады. Алайда, табиғатқа қауіп туғызулары мүмкін екенін сезінбейді де. Ал, өрттің кесірінен ағаштар, жануарлар әлемі қасірет шегеді, жойылады. Осыған орай Іле-Алатау МҰТП Түрген филиалы мемлекеттік мекемесінде 20-ақпаннан 20-наурыз айы аралығында өрт маусымына дайындық басталды. Мақсаты – ұлттық паркті тілсіз жау – өрттен қорғау. Ұлттық парктің орман қорғау қызметінің инспекторларын өрт маусымына дайындау, өртті болдырмаудың алдын алу шараларын күшейту, өрт сөндіру техникалары мен құрал-саймандарын дайындыққа келтіру, жедел іс-шараларды іске асыру мақсатында жоспар жасалды және аудандардың төтенше жағдайлар басқармаларымен келісіліп, өрт сөндірудің жедел жоспары, ұлттық парк аумағында және іргелес орналасқан мекемелермен өзара бірлескен  өрт   сөндіру   іс-қимыл   жоспарлары  дайындалды. Филиал аумағындағы ішкі және сыртқы шекаралас жер пайдаланушылар мен демалыс үйлеріне ормандағы өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау жөнінде ұйғарымдар таратылды.

Орманды өрттен қорғау тек орман қызметкер-лерінің ғана емес, жасыл орман жанға сая деген кез-келген адамның борышы болуы тиіс.

 Дархан Дүйсембиев,

 «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық

табиғи паркінің» Түрген филиалы ОӨСС басшысы.

Published in Санаты жоқ

Қазіргі таңда мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпы қоғамдық мәселе ретінде қарастыратынымыз рас. Себебі, білімді тереңдету мен жетілдіруді мұғалімнің жеке басы үшін ғана емес, қоғамға қажет әрекет деп қабылдағанымыз дұрыс.

Баланың  бос уақытын  қызықты, пайдалы әрі мазмұнды өткізу міндеті педагогтар мен ата-аналарды да толғандырады. Осы орайда мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлер  балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда ерекше рөл атқарады. Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің РМҚК «Республикалық  қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» маманы С.Салбенбекованың  ұйымдастыруымен  балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагог қызметкерлеріне арналған «Жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде уақытша балалар ұжымдарымен жұмыс жасаудың заманауи технологиялары» тақырыбында республикалық біліктілікті арттыру курсы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің базасында өткізілді. Курс жазғы сауықтыру және мектеп лагерьлерінде жазғы демалысты ұйымдастыратын, балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының кәсіби және педагогикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Курстың мақсаты – жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде балалармен тәрбие жұмысы және сауықтыру бойынша   педагог   жұмыскерлердің білімдерін жаңарту және кәсіби шеберліктерін жетілдіру үшін жағдай жасау. Колледж оқытушылары, психолог және жазғы сауықтыру лагерьлерінің директорлары дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, курстың мазмұнды өтуіне үлестерін қосты. Жазғы сауықтыру лагерьлерінде тәжірибесін өткізген  колледж студенттері курстың практикалық  бөлімінде оқытушылармен бірлесе меңгерген іскерліктері мен дағдыларын көрсете білді. Сонымен қатар, курс тыңдаушылары да  сауалнама толтырып, лекторларға жоғары баға берді.

А.Абженбаева,

директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.

 

Published in Мақалалар
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 21:17

Туған елін жырлаған...

Қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі, қазақ поэзиясының көрнекті шебері, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Ә.Тәжібаевтың 110 жасқа толуына орай аудандық кітапханада  «Неге маған жырламасқа, Сырда туған елімді» атты Тәжібаев оқуларының байқауы өтті.

Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Әбділда Тәжібаев шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу мақсатында ұйымдастырылған шарада оқушылар туған жерді, елді сүюге, ұлттық мәдени мұрамызды құрметтеуге, білімді әрі өнегелі болуға бағыт алды. Ақын өлеңдеріндегі атамекен мен адамгершілік сезімдерін, жастық пен достық сырларын кеңінен саралады. Байқауға 9-10 сынып оқушылары арасынан іріктеліп 18 талапкер  қатысты. Шарт бойынша жыр додасына қатысушылар «Аспанға ұшыра көр өлеңімді» бөлімінде мәнерлеп жатқа оқыса, «Әр пьесасы бір әлем»  бөлімінде пьеса үзіндісінен сахнада актерлық шеберліктерін көрсетті. Шара барысында «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Ә.Тәжібаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд тамашаланды. Қатысушылар арасынан оқ бойы озып шыққан Қ.Орымбетов атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Г.Сейсенбаева бас жүлдені жеңіп алса, өзге де өнерпаздарға мадақтамалар мен  сыйлықтар тапсырылды.

Г.Саурықова,

кітапхана әдіскері.

Published in Тарих
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 21:14

Өнерлілер өрледі

Жастар жылы аясында Рахат ауылдық округі әкімі аппараты және Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен аудандық мәнерлеп оқу және шахматтан жарыс өткізілді.

Жарысқа ауданымыздың ауылдық округтерінен жас өнерпаздар мен спортшылар қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Жас ерекшеліктеріне қарай төрешілер қоры-тынды шығарды. Нәтижесінде, мәнерлеп оқудан 15-20 жас аралығында І-ші орынды Шелек ауылдық округінің медициналық колледжінің студенті Думан Манлук жеңіп алды. Ал, 14-10 жас аралығында І-орынды Рахат ауылдық округінің Азат №1орта мектебінің оқушысы Томирис Әскерқызы қанжығалады. Шахмат ойындарында қыздар арасында І-орынды Рахат ауылдық округінің Азат №1 орта мектебінің оқушысы Дильназ Ренатова алса, ұлдар арасында 1-6 сынып оқушылар арасында І-орынды Есік қаласы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Бағдаулет Шанмұхамбет иеленді. Ересектер арасында шахматтан І-орынды Рахат ауылдық округі Азат №1 орта мектептің оқушысы Али Иманкулов ұтты.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, дипломмен марапатталды.

Өз тілшіміз.

Published in Жастар
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 21:10

Жастар – ел болашағы

Сөгеті ауылдық округі Нұра ауылының мәдениет үйінде жастар жылына орай,  «Жастар – ел болашағы» атты форум өткізілді.  Шараға жас мамандар, жас кәсіпкерлер, спортшы жастар, ауылдың белсенді жастары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Форумның шымылдығы мемлекеттік Гимнмен ашылды. Алғашқы құттықтау сөз алған аудандық мәслихат депутаты, Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Жас Отан» Жастар Қанаты аудандық филиалының төрағасы Айбек Ілебаев жастарды айтулы жылмен құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнады. Ауылдың белсенді жастарына, оқушыларына, жас кәсіпкер, жас көп балалы аналарға  аудан атынан алғыс хаттар табыстады.  Шара арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен аяқталды.

 Өз тілшіміз.

Published in Жастар
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 21:07

Үстел теннисі өтті

Жастар жылы аясында аудандық жастар ресурстық орталығы мен Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының бірлесе ұйымдастыруымен жастар арасында үстел теннисінен аудандық жарыс өтті.

Жастар ресурстық орталығының маманы Сұлтан Тойғанбай спортшылар мен жиналғандарды «Жастар жылымен» құттықтап, бұқаралық спорт түрлерін дамыту – басты мақсат екенін жеткізді. Кейіннен бас төреші Бәйтерек орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрболат Байзақов жарыстың өту барысын, шарттарын түсіндіріп, жеребе арқылы ойын ретін белгіледі. Ават, Жаңашар және Бәйтерек ауылдық округінің жастары 2 топқа бөлініп өнер көрсетті. Өте тартысты өткен дода нәтижесі бойынша 3-орын Ғани Нұрақынға бұйырса, 2-орынды Дастан Жақай, жүлделі 1-орынды Дулат Дүйсен жеңіп алды. Жүлдегерлер дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

 Өз тілшіміз.

 

Published in Жастар
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 21:04

Ауданның қос жұлдызы

Жақында Талдықорған қаласында жастар мен жасөспірім қыздар арасында бокстан Алматы облысының чемпионаты өтті. Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен жарыста ауданымыздың қос аруы жүлделі оралды.

Байрақты бәсекеге облысымыздың түпкір-түпкірінен былғары шеберлері жиналып, өзара мықтыны анықтады. Ауданымыздың атынан барған бокстан халықаралық дәре-жедегі AIBA төрешісі Тілек Манаптың бабынан шыққан Мақпал Ерболатқызы мен Мина Жұмабай қарсыластарынан басым түсті. Нәтижесінде, Рахат орта мектебінің оқушысы Мина 48 кг дәрежесінде І орынды иеленді. 80 кг салмақта күш сынасқан Қ.Сәтпаев атын-дағы орта мектептің түлегі Мақпал да қарсыластарын оқ бойы озық шығып, І орынды қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, ауданымыздың қос аруы республикалық сайыстан құралақан қайтпады. 11-17 ақпан аралығында Түркістан облысы Арыс қаласында бокстан 2001-2002 жылы туылған жас қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің кіл мықтылары бас қосқан жарыста да қыздарымыз өздерінің өнерлерін көрсете білді. Өз салмақ дәрежелерінде Мина Жұмабай ІІІ орынға табан тіреп, Мақпал Ерболатқызына жүлделі ІІ орын бұйырды.

– Облыстық, республикалық жарыстарда шеберлігімен талайды таңдандырған Мина мен Мақпал бүгінде бокстан Қазақстанның қыздар құрамасына мүше болды. Ендігі кезекте, қазан айында Біріккен Араб Әмірлігінде өтетін Азия чемпионатына бару үшін жаттығу үстіндеміз. Іріктеуден өтсек, халықаралық додада көк туымызды желбіретіп қайтамыз – дейді боксшы қыздардың бапкері Тілек Манап. 

С.НҰРАДИН.

Published in Спорт
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 20:57

Инвесторлар бас қосты

Жақында аудан әкімдігінің жиын залында жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен ауданымыздағы инвесторлармен кездесу өтті. Жиынға орталық директоры Берік Иманбаев, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғали және инвесторлық компаниялардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Берік Иманбаев жиынға қатысқан кәсіпкерлерге «Еңбек» бағдарламасын түсіндіріп өтті. Кейіннен, орталық қызметкері аталған бағдарлама бойынша қанша пайызбен несие алуға болатындығын, сонымен қатар, оған кімдер қатыса алатындығы жөнінде толығырақ ақпарат берді.

Бүгінде ауданымыздағы ең ірі инвесторлық жобалардың бірі – Сөгеті жеріндегі вольфрам тау-кен комбинаты. Инвестициялық құны 95 млрд теңге болатын комбинаттың құрылысы биыл басталуы тиіс. Осыны айтқан Берік Әділжанұлы жұмыспен қамту орталығы 3 ай мерзім ішінде құрылысшы мамандарды оқытып, дайындап беретіндігін айтты «Жетісу Вольфрамы» ЖШС-нің өкілдеріне. Сондай-ақ, инвесторлар тарапынан тапсырыс түссе, кен өн-дірісіне қажетті мамандарды қазірден бастап оқытатындығын айтты. Ол үшін колледждерде арнайы мамандықтар ашылмақ. Шелек ауылындағы «Ақтай сауда» ЖШС-нің ет комбинатына да технолог пен мал соятын адам жетіспейтін көрінеді. Жұмыспен қамту орталығы технолог маман тартуға көмегін берсе, қасапшыны табу қиынға соғады екен. Себебі, ондай мамандарды еш жерде оқытпайды.

Жиынға қатысқан «Ескене» ЖШС, «Гаитов», «Ынтымақ» шаруа қожалықтары мен «Нұрислам» жеке кәсіпкерлігі алдағы уақытта өздеріне қажетті мамандарды жұмыспен қамту орталығына тапсырыс беру арқылы оқытып алатын болды. Шара соңында мекемелермен екіжақты меморандум жасалды.

С.НҰРАДИН.

 

Published in Ресми
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 20:56

С горечью и радостью в сердцах

15 февраля 1989 года  –  дата завершения вывода советских войск из Афганистана. И на торжественных мероприятиях, и в узком кругу воины-«афганцы» ежегодно отмечают её с горечью в сердце, с любовью к Родине и, замешанной на чувстве исполненного долга, радостью возвращения домой.

К 30-летию со дня вывода советских войск из Афганистана в СШ имени Аль-Фараби состоялась встреча с членами общественного объединения «Кахарман»: воинами-«афганцами», участниками локальных конфликтов и ликвидаторов аварии на ЧАЭС. 

 «Вспомним, товарищ, мы Афганистан...». Этой песней о   о солдатском братстве, мужестве и дружбе встретили ученики и учителя дорогих гостей: председателя ОО «Кахарман» Амантая Мамедова, Андрея Шляхова, Болата Тектурова, Владистава Казимира, Александра  Давыденко, Николая Аристова, ликвидаторов аварии на ЧАЭС Берика Байсабаева, Алжомарта Касымбекова, пресс-секретаря  объединения Муталипа Калиева. Ветераны  рассказывали ребятам о военных буднях, том, что прежде всего они были  солдатами, выполняющими  интернациональный долг перед Демократической Республикой Афганистан. Житель нашего села Байтерек, воин-«афганец» Владислав Казимир, которого дети называют  «дядя Слава»,  трогательно рассказал о том, как на его глазах подорвалась на мине военная машина «Урал», в которой погиб его боевой товарищ Сергей Еремеев. Много лет спустя Владислав назвал своего первенца Сергеем в память о боевом друге.

Встреча прошла на достойном уровне. Были довольны все: и дети, и гости. Особенно были рады дети, потому что общались с людьми, на которых можно всегда положиться. По их восторженным глазам  было видно: каждому хотелось бы иметь таких друзей, братьев, отцов...

Гульнар ТУАРШИЕВА,

директор СШ имени Аль-Фараби, преподаватель истории.

Published in Тарих

Программа «Энергосбережение-2020», действующая в рамках национальной Концепции развития малой гидроэнергетики, ставит целью максимальное использование потенциала возобновляемых источников энергии (ВИЭ).  По инициативе Президента Н.А. Назарбаева еще в 2013 году принята Концепция по переходу к «зеленой» экономике, сбережению энергоресурсов, снижению парникового эффекта, загрязнения окружающей среды. По  программе развития малой энергетики в Алматинской области до 2025 года планируется ввести в строй 98 ветровых, солнечных  и гидроэлектростанций.

В Енбекшиказахском районе уже эксплуатируется каскад из 4 малых ГЭС на р.Есик. Три ГЭС ведут выработку электроэнергии общей мощностью 5 МВт, достраивается ГЭС-1 проектной мощностью 5,3 МВт со среднегодовой выработкой 25 млн кВтч. Строительство ГЭС мощностью 1 МВт, которая работает  на р.Тургень,  инвестировала компания «Электрокабель».  По пилотному проекту АО «Самрук Энерго»  идет  монтаж  ветровых электростанций  возле с.Нурлы в Масакском округе. В 2017 году вступила в эксплуатацию  ВЭС «Шелек» мощностью 4,5 Мвт, построенная  ТОО «НұрлыВЭС», в 2018 г. ТОО «СамрукГринЭнерджи» запустила ВЭС мощностью 5 МВт. В 2019-2020 г.г. ТОО «НұрлыВЭС» планирует  запуск дополнительных мощностей на 4,5 МВт. В 2019-2025 г.г. ТОО «КЗА Констракшн» планирует строительство солнечной электростанции на 200 МВт, ТОО «Энергия Семиречья»  – ВЭС на 50 МВт.

Однако основным поставщиком электроэнергии пока остаются «большие» ГЭС и ТЭС, обеспечивающие потребности растущей промышленности и частного сектора. К примеру, только Есикский регион в год потребляет 284 млн киловатт-часов. И тут встает вопрос о минимизации потерь электричества в распределительных сетях и пресечении его хищений, а также более эффективном управлении распределительной энергосистемой.  О проблемах энергосбережения и энерго-снабжения района мы беседуем с главным инженером  Есикского предприятия электросетей АО «Алатау жарық компаниясы» Токтасыном ТЕГЕНБАЕВЫМ.

– Токтасын Калимбаевич, развитие экономики на месте не стоит. В промышленности, особенно в АПК, ежегодно вступают в строй новые предприятия: теплицы, птицефабрики, агропереработка. Все они нуждаются в электроэнергии. Невозможно представить без электричества и повседневный быт. Существует ли в районе  дефицит энергопоставок?  

– О дефиците электроэнергии речь не идет. Электричество в распредсеть  ЕПЭС  поступает сразу  от нескольких  крупных электростанций, и в этом отношении не стоит беспокоиться. Надо скорее говорить о возможностях распределительных сетей, которые с ростом потребления нуждаются в модернизации. Мы можем подключать предприятия с мощностью потребления 10, 25, 30 КВт. В основном это карьеры, птицефабрики.  Более крупным предприятиям  советуем устанавливать подстанции и самостоятельно подключаться к высоковольтным ЛЭП. Тому пример завод, построенный китайцами в с.Тургень, мощности которого превышают возможности нашей распредсети.

Чтобы избежать перегрузок, особенно в зимний период, ведем постоянный мониторинг, «перебрасываем»   мощности на другие подстанции. В случае установки предприятием собственной подстанции, проводки частной электролинии, оно обязано принять в штат электрика. Непосредственно допуск электриков на предприятиях, в хозяйствах ведет Энергонадзор. Но ЕПЭС, если хозсубъект подключен к нашим сетям, также проверяет документацию и выдает предписание с требованием к обслуживающему персоналу.

– Насколько актуальна проблема хищений электроэнергии и как вы ее решаете?

– Сейчас, конечно, не 90-е, когда люди мерзли в многоэтажках и отапливали квартиры электричеством, подделывали счетчики и т.п. Но, тем не менее, за прошлый год выявлено 28 случаев хищений в частном секторе. Чтобы   обнаружить набросы на электролинии, проводим утренние и вечерние рейды, на участках работают 30 опытных контролеров, шкафы в многоэтажках вынесены на первый этаж.  Производится  замена проводов на самоизолирующие. Основным способом воровства становится подделка счетчиков: изменение схем, использование магнитов. Но не советую этим заниматься – потребитель в обязательном порядке должен каждые 8 лет проходить госповерку счетчика. Все ухищрения при поверке выявятся. Кроме того, по окончании срока эксплуатации счетчика он подлежит замене. Срок указан в техпаспорте.

– Кто занимается госповеркой? Как быть потребителю, если счетчик снят?

– Мы работаем с фирмой АО «Сайман» в г.Алматы.  Потребитель должен в ней  счетчик поверить и получить заключение экспертизы. Эта услуга платная. В случае замены счетчика его надо приобрести в специализированном магазине. Непосредственно снятие и установку счетчиков проводят наши специалисты бесплатно. Во время поверки или замены счетчика без электричества мы дома не оставляем. Потребителя подключаем напрямую и в течение месяца плата с него взимается по среднему показателю энергопотребления в этом доме. В более поздний срок, если счетчик не установлен,  выдаем предписание и отключаем  от линии.

– Работаете ли вы с  малыми ГЭС  и ВЭС?

– Да, они подключены к общей распредсети, выработанная ими электроэнергия поступает в нее. Но говорить о большом эффекте энергоснабжения от мини-ГЭС и ВЭС еще рано. Их мощности в сумме могут обеспечить не более десятой части всего энергопотребления района. К примеру, каскад есикских  ГЭС дает не более 5 МВт, и то в летний период.

–  Используете ли вы  какие либо инновации в управлении распредсетями?

– Здесь происходит много нового, например, компьютеризация   работы диспетчерской. Оперативная диспетчерская группа обучается работе по программе SCADA; обучение и наладку программы ведут специалисты компании «NR Electric Company Limited». Установка SCADA даст возможность полного мониторинга энергосистемы, изменения мощности подстанций. В будущем, когда на смену нынешним придут телеуправляемые «цифровые» подстанции, SCADA  будет регулировать нагрузку, переброску мощностей, вести расчет режимов. И к этому будущему мы готовимся уже сейчас.

 

     

И.ТУРАНИН. 

 На снимке: инновации пришли в работу диспетчеров ЕПЭС.

Published in Санаты жоқ
Page 1 of 2
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет