Күндер бойынша реттелген элементтер: Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019
Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 16:23

Наурыз-бата

Ұлысымыз  оң болсын,

Ырысымыз мол болсын.

Ішкі-сыртқы туристер көбейсін,

Ел-жер тану жүрістері көбейсін.

Өрісіміз малға толсын,

Отбасыларымыз жанға толсын.

Береке-бірлік берік болсын,

Бейбіт өмір бізге серік болсын.

Билігіміз әділетті болсын,

Қызметкерлеріміз әдепті болсын.

Дастарханымыз аққа толсын,

Сай-саламыз баққа толсын.

Жастарымыз білімді болсын,

Кәсіпкерлеріміз білікті болсын.

Ауамыз таза, суымыз тұнық болсын,

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Әумин!

Тоқтасын ТҰЯҚОВ,

ардагер, ұстаз, «Қазақ КСР халық ағарту  ісінің үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері,

Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы,

«Халықаралық балалар мен жасөспірімдер туризм және өлкетану академиясының» академигі.

Published in Мақалалар
Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 16:21

Ел тарихындағы маңызды сәт

19 наурыз сағат 19.00... Мемлекет тарихындағы маңызды шешім қабылданды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтату туралы Үндеу жариялады. Сөйтіп, Ел конституциясының 48-бабының 1-тармағында көрсетілгендей қалған мерзімде оның өкілеттігі Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшті.Конституцияның 48-бабының 2-тармағына сай, Қасым-Жомарт Кемелұлының Ант беру рәсімі Орталық сайлау комиссиясының келісімімен, 2019 жылы 20 наурызда Астана уақытымен сағат 12:00-де парламенттің бірлескен отырысында өтті.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға оң қолын қойып тұрып.

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел дамуындағы табанды еңбегін айрықша атады: «Біздің қол жеткізген жетістіктеріміз ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды. Елбасы Кеңес одағының күйреген қалдықтары ғана қалған аса күрделі геосаяси жағдайда жаңа мемлекеттің іргесін қалады және оның көшін бастады. Көптеген теріс болжамдарға қарамастан мемлекетті барша әлем мойындаған табыстарға жеткізді» – деді.  Кейіннен Қасым-Жомарт Кемелұлы алғашқы Жарлығымен Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беріп, «Алтын жұлдыз» орденін тапсырды. Қазақстан астанасын «Нұрсұлтан» деп атауды, Тұңғыш Президенттің құрметіне ел астанасында монумент орнатуды, барлық облыстардағы басты көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтты. Елбасын  «саяси ұстазым» деп атап, алғысын білдірді.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Кемелұлы 1953 жылы туған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Бейжің лингвистикалық институтын (ҚХР), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. ҚР Премьер-Министрі, Мем-лекеттік хатшы, Сыртқы істер министрі, Үшінші, төртінші сайланымдағы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары басқа да қызметтер атқарған.

Орталық ақпарат көздерінен.

Published in Ресми

Құрметті қазақстандықтар, отандастар!

Ардақты ағайын!

Қадірлі әріптестерім, «Нұр Отан» партиясының мүшелері!

Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер.

Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын.

Бірақ, бүгінгі үндеудің маңызы зор.

Мен Қазақстан Республикасының президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – оңай шешім емес.

Биыл еліміздің ең жоғары лауазымын-дағы қызметімді атқарып келе жатқаныма 30 жыл толады.

Халқым маған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті болу мүмкіндігін берді.

Кеңес империясы құлаған сәтте біздің саясатымыз бен экономикамыз құлдырап қалды. Ел ішінде қобалжу мен түсініксіз жағдай орын алды.

Бұл сынақ болатын. Біз одан сүрінбей өтіп, дамудың қазақстандық жолын салуға белсене кірісіп кеттік.

Біздің үштұғырлы міндетіміз – нарықтық экономика құру, тоталитарлық идеологиялық жүйені бұзу және қоғамның барлық институттарын жаңғырту болды. Біз мұны заманауи демократиялық мемлекет – Қазақстан Республикасын құру үшін жасадық.

Біз әлсіз экономикамен және жағдайы жоқ азаматтармен демократиялық институттар қалыптастыру мүмкін болмайтынын түсініп, экономиканы дамыту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру ісіне баса мән бердік. Соның нәтижесінде экономикамызды 15 есе, ал халықтың табысын 9 есе (доллармен есептегенде) арттырып, кедейшілік деңгейін 10 есеге жуық қысқарта алдық.

Қазақстан аграрлы экономикадан өнеркәсіптік-сервистік экономикаға өтті. Елді индустрияландыру және урбанизациялау процесі жүріп жатыр. Шикізат секторына әлемнің ірі инвесторлары келді.

Соның арқасында мұнай-газ секторындағы күрделі жобаларды жүзеге асыра алдық.

Шикізат ресурстары есебінен қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін қор құрылды. Қазақстан жаһандық экономиканың ажырамас бөлігіне айналды. Инвестиция тартып, әлемнің барлық дерлік елдерімен сауда-саттық жүргізіп келеміз.

Біз әлемдегі озық дамыған 50 елдің қатарына қосылдық. 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы әзірленді. Мақсатымыз – озық дамыған 30 елдің қатарына ену.

Біз қираған КСРО-ның орнында заманауи нарықтық экономикасы бар, табысты Қазақстан мемлекетін құрып, көпұлтты және көпконфессиялы елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты қалыптастырдық. Көпғасырлық тарихымызда алғаш рет Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық тұрғыдан мойындалуын қамтамасыз еттік. Мемлекет ретінде бедерленбеген Қазақстанды әлем картасына енгіздік. Біздің өз Туымыз, Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар.

Еліміздің тарихында алғаш рет өз елордамызды тұрғыздық. Астана – барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің жарқын көрінісі.

Осының бәрін сіздермен бірге жасадық, құрметті қазақстандықтар.

Осы жылдарда өткен барлық сайлау-ларда сіздер маған сенім артып, бастамаларыма қолдау білдірдіңіздер. Маған ұлы халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға – халқыма зор ризашылығымды білдіріп, басымды иемін.

Осындай қолдаудың арқасында сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін мен бар күш-жігерімді, денсаулығымды, уақытымды аямай адал қызмет еттім.

Өздеріңіз білесіздер, заңдарымызға сәйкес мен тұңғыш президент – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне ие болдым. Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде қызмет ете беремін. «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесімін.

Яғни, өздеріңізбен бірге боламын. Еліміздің, халқымыздың қамы – менің мүддем болып қала береді.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы міндетім – басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету. Олар елімізді жаңғырту процестерін жалғастыратын болады.

Қазақстандағы билік сабақтастығы конституциялық тұрғыдан реттелген. Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін Сенат төрағасына беріледі. Содан кейін жаңа президент сайлауы болады.

Қазір парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Оны сіздер жақсы білесіздер. Ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, ғылым докторы. Ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгерген. Басшылық лауазымдарда қызмет етіп, мол тәжірибе жинады. Еліміздің сыртқы саясатының қалыптасу жылдарында сыртқы істер министрі, премьер-министрдің орынбасары және премьер-министр, сенат төрағасы болды. Елімізді, оның экономикасы мен саясатын жетік біледі.

Біріккен Ұлттар ұйымы бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл – оның дипломат ретінде сіңірген еңбегінің және Қазақстанға деген зор сенімнің жемісі.

Ол Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеп келеді. Мен оны жақсы білемін. Ол – адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінеді. Ол барлық бағдарламаларды әзірлеуге және қабылдауға атсалысты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін.

Халқымыздың достығы мен бірлігін, бір-бірімізге деген сенімді сақтап, еліміздегі әрбір азаматтың төл мәдениеті мен дәстүрін құрметтей біліңіздер.

Сонда ғана біз мықты болып, сын-қатердің бәріне төтеп береміз.

Сонда ғана біз өркендейтін боламыз.

 

Құрметті қазақстандықтар!

Менің отандастарым!

 

Мен бүгінгі сөзімді сіздердің әрқайсыңызға арнаймын.

Еліміздің алдында ауқымды міндеттер тұр. Жетістікке жететінімізге сенемін.

Мен Қазақстанның болашағын қалай елестетемін?

Болашақ қазақстандықтар білімді, үш тілде сөйлейтін, еркін адамдардың қоғамын қалыптастыратынына нық сенімдімін.

Олар – әлемнің азаматтары. Олар дүниені шарлайды. Олар жаңа білім алуға құштар. Олар – еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.

Қазақстан 2050 жылы жалпыға ортақ еңбек қоғамына айналады деп сенемін.

Бұл – бәрі де адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Оның білім саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік болады. Онда бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрады. Азаматтары еркін әрі тең құқылы, ал билігі әділетті болмақ. Мұндай елде заң үстемдік етеді.

Мен дұрыс жолмен келе жатқанымызға сенімдімін. Бізді тура жолдан ештеңе де тайдыра алмайды.

Егер біз күшті болсақ, бәрі де бізбен санасады.

Егер біз әлдеқандай күшке немесе басқа біреуге үміт артсақ, қол жеткізген жетістіктің бәрінен айрыламыз.

 https://egemen.kz/article/185778-memleket-basshysy-nursultan-nazarbaevtynh-qazaqstan-khalqyna-undeui

 

Published in Ресми
Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 16:04

Остается с нами

Елбасы Нурсултан Абишевич Назарбаев объявил о своем уходе с поста Главы государства. Но, как и прежде, он остается Председателем партии «Нұр Отан» и Председателем Ассамблеи народа Казахстана. За минувшее 30-летие под его руководством  более ста народов Казахстана, сплотившись вокруг исторического преемника суверенного государства – казахского народа, стали единым Народом. С 1995 года успешно действует созданный Елбасы уникальный институт – Ассамблея народа Казахстана, реализующая межнациональную политику, основанную на принципах равноправия  граждан, независимо от их национальной и расовой принадлежности и вероисповедания. Конституционно закреплено представительство от АНК в депутатском корпусе высшего законодательного органа –  Парламента Республики Казахстан. Созданы и свободно развивают свою культуру региональные  этнокультурные центры десятков национальностей. Благодаря  дальновидной и мудрой  национальной стратегии мира и согласия, проводимой  Нурсултаном Абишевичем, в нашей стране не допущена межнациональная и межконфессиональная рознь, в обществе созданы и укреплены традиции этнического добрососедства и взимопонимания. В том, что в третье тысячелетие Казахстан вошел в числе 50 конкурентоспособных государств,  с высокими темпами социально-экономического развития, общностью целей и интересов всех его жителей, главная  заслуга Первого Президента. Его слова: «Остаюсь с вами. Заботы страны и народа остаются моими заботами» говорят о том, что  Первый Президент не снимает  с себя ответственности за дальнейшую судьбу Республики Казахстан, в том числе и в сфере межнациональной политики.

 От имени чечено-ингушского этнокультурного центра хочу выразить Нурсултану Абишевичу благодарность за все, что он сделал для  процветания Казахстана, для спокойной и плодотворной жизни каждого из нас.

Зоя МАГОМАДОВА,

заместитель председателя чечено-ингушского этнокультурного центра, заместитель директора по учебно-воспитательной работе

СШ имени Толе би.

 

Published in Саясат
Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 15:58

Партия бағдарламалары күшінде

Қазақстан Республикасын отыз жылдан бері басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жариялады.

Елім деп еңбек етіп шекарамызды шектеген, тереземізді теңеп, керегемізді кеңейткен, көпұлтты елді бірлік пен тұрақтылықта басқара отырып, Тәуелсіздігімізді баянды етуге күш салған, Қазақстан елін әлемде орнықтырып, бүгінгі бейбітшілігі мен ынтымағы жарасқан, экономикасы тұрақты, дамыған 50 елдің қатарына қосқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі орасан зор. Әр кездегі халыққа Жолдауында еліміздің әрбір азаматтары үшін білім беру, денсаулық сақтау саласы, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігін арттыру сынды үлкен мәселелерді жақсарту бағытында тынбай жұмыс жасап келді. Алға зор мақсат қойды, мақсатқа жету жолдарын көрсете отырып, әр кез халықтың қолдауына ие болды. Сондықтан партия Төрағасының «Ел тәуелсіздігі», «Мәңгілік Ел» ұғымдарын қастерлей де, қолдай да білуіміз керек. Бұл біздің, «нұротандықтардың» парызы деп білемін және өскелең ұрпақтың болашағы үшін қажет деп ойлаймын. Мен, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге бір бағытта, бір мақсатта, бір партияда болғанымды мақтан етемін.

Қ.БАЙҒОДЖАЕВ,

«Нұр Отан» партиясы

Еңбекшіқазақ аудандық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары.

Published in Саясат
Page 2 of 2
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет