Күндер бойынша реттелген элементтер: Сенбі, 13 Сәуір 2019

Қымбатты, отандастар!

 

Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын.

Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым.

Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым.

Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім.

Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім.

Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім.

Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам.

Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халық-аралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды. 

Қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз.

Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады. 

Мемлекет басшысы ретінде мен өзімнің міндетімді және жауапкершілігімді терeң сезінемін. 

Президент лауазымына кіріскеннен бастап өңірлерді аралап жүрмін. Халықтың көңіл-күйін жақсы білемін. Зиялы қауыммен, еңбек ұжымдарымен, бизнес өкілдерімен, инвесторлармен, халықаралық тұлғалармен кездестім.

Біз Елбасының сара жолымен жүреміз. Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым. Алдағы Президент сайлауы осыған дәлел болуы керек.

Сондықтан, елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет. Оның үстіне, әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл Отанымыздың қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін.

Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтас-тық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек. 

Ол үшін аталған тағдырлы шешімді қабылдадым.

Мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет. 

Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. 

Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым!

Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге  сенемін.

 

Қадірлі, Отандастар!

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді дана халқымыз. 

Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын.

Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты!

 

Уважаемые, соотечественники!

Обращаюсь к каждому из вас.

В соответствии с Конституцией страны, я принял решение о проведении внеочередных выборов Президента Респуб-лики Казахстан 9 июня 2019 года.

Я советовался с Елбасы – Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым.

Консультировался со спикерами обеих палат Парламента, Премьер-Министром страны.

Согласовал свое решение с Конституционным Советом.

Встречался с лидерами парламентских партий.

Решение о досрочных выборах важное и необходимое.

Благодаря Елбасы мы построили успешное, авторитетное в мире государство. Казахстан занял достойное место в международном сообществе. С нашей страной считаются во всем мире.

Сейчас все мы переживаем исторический момент.

Верховная власть в Казахстане была передана в спокойной обстановке в полном соответствии с Конституцией. Это вызвало уважение к Казахстану со стороны мирового сообщества.

С момента вступления в должность Президента я выезжал в поездки по регионам, знаю настроения людей. Встречаюсь с интеллигенцией, трудовыми коллективами, представителями бизнеса, инвесторами, международными деятелями.

Мой вывод: мы идем правильным курсом. Наш мудрый народ един. Государство, как высшая ценность нашей Независимости, незыблемо.

Поэтому, твердо считаю, досрочные выборы Главы государства абсолютно необходимыми.

Для того, чтобы обеспечить общественно-политическое согласие, уверен-но двигаться вперед, решать задачи социально-экономического развития необходимо снять любую неопределенность.

К тому же, обстановка в мире быстро меняется и далеко не в лучшую для нас сторону. Мы должны подтвердить преемственность, предсказуемость и стабильность нашей внутренней и внешней политики. Нужно продолжать работу по эффективной, успешной реализации социальных программ и стратегии Елбасы.

Сделать это можно только путем пря-мого волеизъявления народа на выборах.

Казахстан – демократическое государство. И Президент будет избран согласно воле народа.

Как действующий Глава государства, я гарантирую, что выборы будут проведены честно, открыто, справедливо!

Это – моя принципиальная позиция!

Перед нами стоят большие задачи. Я верю в мудрость нашего народа.

 

Уважаемые, соотечественники!

Народная мудрость гласит: «Созидание будет там, где есть единство» («Бірлік бар жерде, тірлік бар!»).

Призываю вас подойти к будущим выборам со всей ответственностью.

От вашего решения зависит будущее страны и судьба каждой казахстанской семьи!

 

Published in Ресми

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауын 9 маусымға қойғаны заман ағысынан туындап отыр. Себебі, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: «Елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, бізге айқындық керек» – деді.

   Шынымен бұл шешім саяси жағынан ұтымды қадам. Өйткені, қазіргі Президентіміз әлемде Елбасы Н.Назар-баевтың сайланған мерзімін аяқтағанына дейін жеткізуші, уақытша тұлға ғана болып қабылданып, оған терең сенім болмайды. Ал біз дүние жүзінің көптеген елдерімен екіжақты шарттарға отырамыз. Елімізге инвестиция тарту мәселесінде де Президент келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ, ішкі мәселелерде де тікелей Президенттің шешімін күтетін маңызды түйткілдер жетерлік. Осынау түйткілдердің түйінін тарқатуда уақытша тұлғаға сенім берік болмайды. Сондықтан ол халық мандатын толық алуы керек. Ол үшін әрине, жалпыхалықтық сайлау қажет. Одан жеңіп шыққан тұлға ғана елдің атынан сөйлей алады. Президент өзінің сөзінде: «Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым!» деп қадап айтты. Бұл баршамыздың сайлауға деген сенімімізді оятады.

Бұл ретте Президент: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді дана халқымыз. Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты!» деді. Сондықтан  тағдыршешті мәселеде жұмыла іс қылуға шақырамын. Бұл қадам – біздің болашағымыз!

 

Болатжан НҰРБЕКОВ,

«Ауыл» партиясы аудандық  филиал төрағасы.

Published in Саясат

  Әлемде 200-ден астам мемлекет бар. Әлбетте, түрлі дінде, әрқилы тілде сөйлейді. Сәйкесінше, жаһан жаппай пікір алмасатын кең таралған 6 тіл бар: ағылшын, француз, араб, қытай, орыс және испан. Жаһандану заманында ақпарат алмасудың және технологияның тілі ағылшыншаға басымдық беріліп отыр. Бұл факт – дәлелді қажет етпейді. Демек, сонау 1929 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы негізін қалаған латын қарпіне көшу – қазіргі күннің басты мәселесі.

  Осы ретте жуырда Бартоғай және Шелек тұрғындарымен кеңейтілген кездесу өтті. Онда әліпби ауыстыру мәселесінің мән-жайы айтылып, орын алатын өзгерістер баяндалды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен жүзеге асқан шараға «Тіл орталығы» Еңбекшіқазақ аудандық филиал меңгерушісі Нұрсұлу Рақымбаева, аудандық мәслихат депутаты, аталмыш қор төрағасы Қайнар Жұмағожа, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Думан Мырзақожа, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Ақмарал Қанапина, аудандық  ұйымдастыру бөлімінің рухани жаңғыру жұмысы бойынша жетекші маманы Динара Коканова қатысты.

   Жазу – тілді жаңғыртудың, орнықты-рып, бекітудің құралы. Сол себептен де әр ұлттың тілі өзінің даму тарихында жазудың ең қолайлы, тиімді, үнемді, оңай игерілетін түрін қолдануды мақсат етеді. Қазақ әліпбиі де түрлі себептерге байланысты соңғы 100 жылдың мұғдарында бірнеше рет өзгерді. Тарихи бастауы көне сына немесе руникалық жазулармен тікелей байланысты қазақ әліпбиі дүниежүзіне кең тараған араб, кирилл, латын графикасын пайдаланып келді. Аталған қаріптерді пайдалану туралы шешімнің әрқайсы қабылданған кезде қазақ қоғамының жағдайы түрліше болғаны аян.

   Бұл тұрғыда Ақмарал Қанапина баяндама жасады. Кейіннен Нұрсұлу Рақымбаева латын әліпбиіне өткен сәттегі орын алатын фонетикалық өзгешеліктер жайында слайд көрсетті. Нақты дәлелдермен, дейіктермен әрледі. Тұрғындар сұрақтарына жауап берді.

   Қорытындысында Қайнар Жұмағожаұлы: – Жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын алфавитін үйрену, меңгеруі және сол алфавитте жазуға көшуге қадам жасауы заман талабынан туындап отыр.

   Қазақ халқы: «Елу жылда, ел жаңа», – дейді. Яғни, заман талабына сай өзгерістер мен реформалар болатындығы анық. Мысалы, Түркияда АтаТүрік 1928 жылы бүкіл елін латын алфавитіне көшірді. Ол кезде түріктер араб және парсы тілінде жазатын. Демек, өркениет заманына қарай бет бұрған деп түсінуміз керек.

   Латындандырудың қарсыластары әліпби әр өркениеттің өзіндік бір таңбасы болып табылатынын әділ айтып жүр, сол себептен, әліпби таңдауы өркениеттік даму бағытын таңдаумен пара-пар дүние. Бірақ олардың қазақ әліпбиін латындандыру идеясының батысшыл (соның салдарынан ресейшілдікке қарсы) жоба ретінде қарастыруы үлкен қателік. Қазіргі әлемдегі латын әліпбиінің жағдайын ерекше деп атауға болады. Бүгінде ол іс жүзінде әмбебап космополиттік мінезге ие болды, яғни оны мәдени, геогра-фиялық және басқа да қырларынан бір-бірінен алшақ мемлекеттер бірдей пайдаланады. Тағы бір айта кетерлігі, латын әліпбиін алыс шет мемлекеттері, оның ішінде ислам әлемінде көшбасшы орындарды алып отырған елдер атап айтсақ, Түркия, Индонезия, Малайзия қолданады. Азия құр-лығының мұсылман емес бөлігінде Вьетнам мен Филиппин қолданса, Қытай мен Жапонияда иероглифтік жазумен қатар, латын транскрипциясы пайдаланылады. Ақыр соңында, латын жазуын Латын Америка елдерінің барлығы дерлік iске асырды. Сондай-ақ, Африка мен Океанияның дамыған халықтары да өз кәдесіне жаратып жатыр. Басқаша айтсақ, бүгінгі таңда латын әмбебап халықаралық әліпби болып отыр, әрі оны қолдану «батысшыл» бағыттың белгісі емес, керісінше, бұл Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың құрамына толыққанды мүшесі ретінде енуінің тағы бір белгісі іспетті, – деп қорытты.

Өз тілшіміз.

 

Published in Саясат
Сенбі, 13 Сәуір 2019 14:11

Рухани құндылықтар бастауы

  Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде. Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті. Осы тұста ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бізге рухани азық болды.

   Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқататын бағдарламалық мақала  мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағыт-талған құжат. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді Мұхтар Әуезов. Әрбір қазақстандық өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруді үйренудің жолдарын білуі тиіс. Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспеттес. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, барлық мемлекеттің алдында заманға сәйкес жаңғыру міндеті тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.

   Қазір өзгерістерді тек қолдау ғана емес, іс жүзінде қолға алу да маңызды, ол әрбір қазақстандықтың өмірінде басталуы тиіс. Психологтардың айтуынша, түптің-түбінде барлық өзгерістер адамның мінез-құлқының өзгерістеріне келіп саяды. Біздің барлық қорқыныштарымыз, шектеулеріміз, тілемейтін ойларымыз тек өз басымызда ғана. Сондықтан, жеке мақсаттарды іске асыруымыз тек біздің өзімізге, алдағы міндеттерді қалай сезініп, түсінетімізге, табысқа жетуге қаншалықты ынталы екенімізге, әрқайсымыздың өз өмірімізде оң өзгерістер болуы үшін қандай әрекеттер жасауымызға байланысты.

   Аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады Елбасы мақаласында: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды». Демек, Мәңгілік ел болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениет-ті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.

 

Нұржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары,

Әдеп жөніндегі уәкілі.

Published in Саясат
Сенбі, 13 Сәуір 2019 14:07

Жауапкершілік жүгі ауыр

 

   6-шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 45 сессиясында үш мәселе күн тәртібіне қойылды: Еңбекшіқазақ ауданының 2018 жылғы бюджетінің орындалуы туралы Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Жұбаныш Ноғайбековтың қорытынды хаттамасы, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Батыр Хайруллаевтың есебі және ауданның 2018 жылғы дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов, аудан әкімінң орынбасары Алтай Досымбаев, бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері қатысты.

   Алғаш мінберге көтерілген Жұбаныш Ноғайбеков түзетілген бюджет болжамы толық орындалғандығы, Есік қаласы мен ауылдық округтердің кірістер болжамы да артығымен жиналғандығын атап өтті. Сонымен қатар бірқатар түйткілдерді тарқатып берді: – Аудан бюджеті параметрлерінің тү-зетілуіне және нақтылануына қарамастан шығыс бөлігі бойынша бюджеттік қаражаттардың 62496,5 мың теңге сомма игерілмеген. Соның ішінде аудандық бюджетте 46502,4 мың теңге, ауылдық округтердің бюджеттерінде жалпы 15894,1 мың теңге. Аудандық бюджеттің атқарылу қорытындысы бойынша 39653,9 мың теңге сомасына дебиторлық берешекке жол берілген. Бюджеттік инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы бойынша 2018 жылы 28 инвестициялық жобаларға қаржы бөлініп, 20 инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарланған. Жыл қорытындысымен 8 инвестициялық жоба бойынша соның ішінде, есепті кезеңде аяқтауға беру жоспарланған 8 жоба орындалмаған.

   Инвестициялық жобаға бөлінген қаражаттың игерілуі 99,1 пайыз. Орындалуының тиімділік көрсеткіші 78,6 пайызды құрап отыр. Қорыта айтқанда осынау кемшіліктерді назарға алу сұралады, – деді.

    Кейіннен Батыр Таштемірұлы мінберге көтеріліп, өткен жылға бюджеттің орындалуына байланысты баяндама оқыды.

   Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Дәурен Мәлібеков сөз сөйлеп, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын тілге тиек етті.

   Сессия жұмысының қорытындысында олқылықтардың орнын толтыру мақсатында арнайы шешім қабылданды. Онда: 2018 жылдың қорытындысымен жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 62496,5 мың теңге қаражаттардың игерілмеуіне байланысты жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру; 2018 жылдың қорытындысымен Еңбекшіқазақ ауданы бойынша орын алған дебиторлық және кредиторлық берешектерді азайту жұмыстарын жүргізу және жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру ұсынылған.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Published in Ресми
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет