Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 18 Сәуір 2019
Бейсенбі, 18 Сәуір 2019 12:07

Ответственность за наркотики

  Гражданин Д. напротив  СТО «Ермек» в Есике  обратил   внимание  на прозрачный полиэтиленовый пакет, лежащий на обочине, в котором находилось порошкообразное  вещество  зелено-коричневого цвета со специфическим запахом. Д. определив, что это вещество является наркотическим средством, забрал его себе для личного употребления.

  В тот же день на АЗС «Гелиос», расположенной на окраине  Есика, Д. был задержан сотрудниками полиции. При обыске  у него был изъят полиэтиленовый пакет  с веществом растительного происхождения, являющимся согласно заключению эксперта наркотическим средством – гашишем,  весом 8,98 гр.

  Допрошенный в суденом разбирательстве, Д. вину свою в совершении уголовного проступка признал полностью. Он раскаивался в содеянном и просил простить его, обещая впредь не совершать подобных действий.

 Суд счел Д. виновным в совершении уголовного проступка, предусмотренного ст.296 ч.3 Уголовного кодекса Республики Казахстан. По указанной статье он незаконно приобрел и хранил наркотическое средство без цели сбыта.

  При определении вида и размера наказания суд учел его чистосердечное признание  вины и раскаяние. На основании изложенного и руководствуясь ст.ст.529 ч.6, 387-389 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан суд признал Д.  виновным в совершении уголовного проступка, предусмотренного ст.296 ч.3 Уголовного кодекса Республики Казахстан и назначил ему наказание по данной статье в виде привлечения к общественным работам сроком на 180 часов.  В соответствии со ст.43 ч.2 Уголовного кодекса Республики Казахстан, в случае уклонения от общественных работ они заменяются арестом из расчета сутки ареста за четыре часа общественных работ.

  Контроль над его поведением  возложен на отдел службы пробации №1 Енбекшиказахского района.

  Согласно ст.178 ч.1 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, за проведенные по делу экспертизы с Д. взыскано девяносто три тысячи восемьдесят тенге в доход государства.

Е.БАЙМУЛДИНОВ,

судья Енбекшиказахского районного суда.

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 18 Сәуір 2019 12:01

Үздік жастар марапатталды

   Жуырда Есік гуманитарлық-экономикалық коллед-жінде жастар жылына орай салтанатты іс-шара өтті. Шара мақсаты айқын: шыншыл мінезді, пейілі дархан, ерен еңбекқор, ойы өткір жастарды қолдау.

«Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер».

 

Н.Назарбаев.

  Ашылуында алғаш боп сөз алған Есік қаласы әкімінің орынбасары Досжан Сейдахметов:

– Жастың қуаты білімі мен білігінде. Біз бабалардан мирас болған атамекеніміздің тірегіміз. Бүгінде Қазақстан тұрмысы шалқып, түтіні түзу ұшқан бақуатты мемлекетке айналды. Бүгінгі жастар –ертеңгі кәсіби білікті маман. Қазақта: «Жас келсе – іске!» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ендеше, жастар жылы – бізге зор мүмкіндіктер кезеңі – дей келе колледж студенттеріне оқуда сәттілік тіледі.

Ізгі тілекті аталмыш оқу орнының директоры Алмас Жылқыбаев жалғады. Кейіннен оқуда үздік, креативті жастарды салтанатты марапаттады. Олардың қатарын Н.Әскербай, Г.Марсова, Б.Тілеуберген секілді үздіктер толтырды. Жастар атынан сөз алған Нұржалғас Әскербай:

– Елбасы қандай жас қазақстандықтарды көргісі келеді? Ұлттық рухта сусындаған, бәсекеге қабілетті, кәсіби шеберлігі жоғары, үш тілді еркін меңгерген, қысқасы заман ағысына бейімделген ел ертеңін көргісі келеді. Осындай буын өсу үшін бар жағдай да мемлекет тарапынан жасалуда. Ендеше, біз соған сай болу үшін, елімізді өркендету үшін жұмыла жұмыс атқарайық, құрметті замандастар! – деді.

Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

 Өз тілшіміз.

Published in Жастар

  «Ас атасы – нан» дейміз де, сол «атамызды» көліктің артына өңгеріп алып, шаңға «шомылдырып» әкеліп, дүкен сөрелеріне төңкере саламыз. Бірінің үстіне бірі топырлап құлап жатқан нандардың шеті кертіліп, шекесі шертіліп, аянышты күйде қаз-қатар тізіліп, «кім мені алар екен?» деп есікке телміріп тұратыны жасырын емес бүгінде. Ең қасиетті дәм болып есептелгенімен, қадірі жоқтың қасы...

  Түскі үзіліске үйге қарай кетіп бара жатып, алдымдағы көліктің кесірінен біраз аялдадым. Өзі тарлау жол еді, екі көлік сыйысу үшін біраз еңбектену керек-тін. Дүкеннің алды. Көлік жүргізушісі ішке кіріп кеткен екен. Белгі беріп едім, бір уақытта жапа-тармағай жүгірген ер кісі көлігінің артындағы жүк салғышты аша салды да ораусыз, гигиеналық талап деп көпірмей-ақ қояйын, еш тазалықсыз, үйіліп жатқан нандардан қолына іліккенін ала салып, дүкенге кіргізіп жатыр. Бір-екеуі жерге құлап, қайта қолға ілігіп, сол күйі дүкеншіге тапсырылды. Ал, сол дүкеннен бәріміз де күнделікті болмаса да, кей-кездері ас атасын сатып алып жейміз. Көліктен еріксіз түсіп, әлгі кісіге жақындап едім, «Болды, міне, жүремін» деп, жүзімдегі ашуды басқаша түсінген болуы керек, дереу темір тұлпарының тізгініне жармас-ты. «Жоқ, тоқтай тұрыңыз, сіз неге нандарды қалай болса солай тасып, тазалық сақтамай, талапқа сай емес түрде тасымалдап жүрсіз?», – деген сауалыма тосырқай қарап, «Мен білмеймін, тасу керек болған соң тасимын!» деді де кетуге асықты. «Әй, тоқшылық-ай» деген оймен, амалсыз, мен де жөніме кеттім... Қазір көзіміз де үйреніп қалған. Дәл алдымызда нанды қалай болса солай тасымалдап, дүкенге жеткізіп береді. Біз болсақ, түк көрмегендей, барып сол жерден нанды сатып аламыз да кете барамыз. Сіздер де талай мәрте куә болған шығарсыз мұндай жағдайға, оқырман?! «Енді не істеу керек? Мұны қалай осы қалпында қалдырамыз? Обал емес пе? Тазалық талаптары сақталмаған соң денсаулыққа да кері әсері болмай қоймайды ғой» деген журналистік түйсік қосылды да, маза бермеді. Хош,   сауалдарды қанағаттандыру мақсатында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабарласқан едім. Алайда, «бұл біздің құзырымызда емес» деген жауап алып, тұтылдым. Еріксіз, ғаламторға ұмтылдым. Анықтағаным, нан ыстық пештен шыққан соң дұрыс сақталуы керек екен. Жақсы пісіп сақталғанымен, оны жөнсіз, тәртіпсіз тасымалдау бәрін құртуы мүмкін. Сақтау және тасымалдау жағдайында нан өнімдері әртүрлі микроорганизмдермен зақымдалуы да ғажап емес, сол себептен оған қатаң санитарлық талаптар қойылады. Нан өндірісінде қолданатын заттар (мысалы лоток) тазартылып отыруы керек. Оларды жылы сумен жуып, ыстық ауамен кептіру міндетті. Сонымен қатар, талаптарға сәйкес, нан арнайы жабық көлікпен ғана тасымалдануы тиіс. Көліктің өзін 5 күнде 1 рет 2 % хлорлы әк ерітіндісімен дезинфекциялау қажет. Қолдану рұқсаты мемлекеттік қадағалау органымен 6 ай мерзіміне беріледі. Піскен өнім белгілі өлшемді ағаш лотоктарға салынады.

  Хош, жалпы, нан қай уақыттан бері тағам ретінде пайдаланылады екен деген де сұрақ туындады осы тұста. Зерделей келе, нанның неолит дәуірінде-ақ пайда болып, даярлануы тарих тереңінде жатқанын білдік. Алғашқы нан жарма мен судан даярланған, сол сияқты су мен ұнды кездейсоқ немесе арнайы мақсатта тәжірибелеу қорытындысынан туындаған пісірме ботқаның түрінде болған-мыс.

  Ал, аңыздарға сүйенетін болсақ, ертеде бидайдың дәні сабағының түбінен бастап ұшар басына дейін болған екен. Молшылық жылдары ел-жұрт астықты аяқ асты етіпті. Бір әйел дәрет сындырған баласының құйрығын бидайдың масағымен сүртеді. Оның надандық әрекетіне қаһарланған Алла елге жұт жіберді. Бидайдың масағы кетіп, сабаны қалды. Астың киесі атып, адамдар ашаршылыққа ұшырайды. Сол кезде ит ұлып:

– Иә, Алла, менің несібемді қалдыр, – дейді. Әділетті Алла итке жаны ашып:

– Болсын! – деді де, бидайдың басына кішкене масақ бітірді. Халық иттің несібесін бөлісіп жеп, жұттан аман қалды. Ит содан бастап жеті қазынаға кірді. Осы жұттан соң, бидай дәні сабақтың ұшар басына ғана бітетін болыпты. «Иттің ырыздығы» деген сөз осыдан қалыпты деседі. Қазіргі ысырапшылдығымыз да Алланың қаһарын тудырмаса игі еді. «Бір тоқтықтың бір аштығы болады» деп дана халқымыз тегін айтпаса керек. Нанның бір үзімі үмітті үзбеуге үндеген қиын-қыстау шақтарды бастарынан өткерген қарияларымыздың аузынан жиі «Нанның ұсағын жеген бала сауапқа кенеледі» дегенді естіп жатамыз. Сол арқылы ұрпағын ас атасының қадірін ұғынуға тәрбиелегені, ысырапшылдықтан тиғаны да бекер емес.

  Ғарышкерлер ғарышқа ұшқанда 4,5 грамм ғана нанды өздері үшін қуат тұтады екен. Адам ағзасының күшін қалыпты сақтап тұрған нан қазақ халқы үшін аса қадірлі. Үйге келген мейман да қаншалықты асығыс болса да, наннан ауыз тимей кетпейді. Дастарханның сәні деп, үлкендер алдымен нанның қойылғанын қадағалайды. Сөйте тұра, сырттағы өзіміз куә болған көріністер бар қазақы ұғымға қарсы шығу іспетті жанды жаралайды. Ойланайық, ағайын! «Иттің ырыздығынан» да қағылып қалмайық, тоқшылықтан секіріп жүріп...

Алмагүл НҰҒМАН.

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 18 Сәуір 2019 11:46

Облыстық рейтингте екінші

  Биылғы жылға қойылған межелер – жоғары. Жастарды жұмыспен қамту, маргиналды жастарды қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша аудан жастарымен жүйелі жұмыстарды жандандыру. Қазақстанның өткенін бағалайтын, бүгінгі күні батыл қимылдап, келешекке сеніммен қарайтын табысты азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру бағытында аянбай еңбек етеміз. Осы бір сәтте мына оқиғаны айтып өткенді жөн деп отырмын: Бір күні әлде кім Әбу Наср әл-Фарабиге тамаша болып толыса піскен алманы көрсетіп, сауал қойыпты: «Осы алманың бітім-болмысындағы жақсы қасиет не? Түсі ме, шырыны ма, дәмі ме, әлде бітімі ме?» Сонда әл-Фараби: «Бәрінен де оның ұрығы тамаша. Өйткені, осы алманың өзі сол ұрықтан өсіп шыққан және одан бүкіл бақ пайда болды ғой!» – деп жауап берген екен.

  Бұдан түйіндейтініміз, жастарға жасалған қамқорлық – бұл болашаққа құйылған инвестиция. Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үдерістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелейік. Сонда ғана  ертеңіміз баянды, болашағымыз бағдарлы болмақ. Себебі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің ертеңі де биік болады» деп ерекше айтқан! 

Сұлтан ТОЙҒАНБАЙ,

Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының маманы.

Published in Жастар
Бейсенбі, 18 Сәуір 2019 11:38

Волейболдан жарыс өтті

  Жастар жылы аясында Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығы, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Есік гуманитарлық-экономикалық колледжімен бірлесе аталған колледж спорт залында «Жастар – болашақтың тірегі» атты волейболдан аудандық жарыс өтті.

  Жарыс шымылдығын аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Сұлтан Тойғанбай мен колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнәр Байтүкенова құттықтау сөзімен түрді:

– Жастар – болашақтың тірегі, еліміздің ертеңі. Келешігіміз кемел болуы үшін дені сау ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Денсаулықтың кепілі – спорт екені баршамызға аян. Сол мақсатта бүгін жас өрендер арасында волейболдан бақтарыңызды сынағалы отырмыз. «Тәні саудың – жаны сау» деп дана халқымыз айтқандай, спортты серік ету баршамыздың міндетіміз, – деді Гүлнәр Төлеуқызы.

   Талғар медициналық колледжі, Есік медициналық колледжі, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі, Қаракемер кәсіптік колледжі, Қазақстан, Аймен, Рахат №1 командалары қатысқан тартысты жарыс нәтижесінде жүлделі 1-орынды Қаракемер кәсіптік колледжі, 2-орынды Есік медициналық колледжінің командасы, 3-орын  Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері иеленді.  Жеңімпаздарды Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің директоры Алмас Жылқыбаев диплом мен кубок табыстап, медальдармен марапаттады.

 Өз тілшіміз.

Published in Спорт
Бейсенбі, 18 Сәуір 2019 11:35

Ұстаздар бақ сынады

  Жуырда «Алматы облысы білім беру мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Еңбекшіқазақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен білім қызметкерлері арасында волейбол жарысы өткізілді. Ұстаздар іріктеуде Есік қаласындағы Спорт сарайы мен В.Терешкова атындағы орта мектебінің ойын алаңдарында бас қосып, финалдық бәсекеде Шелек ауылындағы  Абай атындағы орта мектептің спорт алаңында бақ сынады. Жарысқа 20-ға жуық ауылдық округтегі білім ошақтарының командалары қатысты.

  Сөре бар жерде, мәре бар. Қызу тартысты өткен сайыстың нәтижесінде ерлер арасынан – А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп командасы бірінші орынды еншіледі,  екінші орын – Малыбай орта мектебі, үшінші, төртінші орындар Байтерек орта мектебінің командасы мен Т.Әубәкіров атындағы орта мектепке бұйырды. Сондай-ақ, «Үздік шабуылшы» номинациясымен А.Жексембеков атындағы  орта мектептің мұғалімі Бақытбек Сұлтанмұратов, «Үздік қорғаушы» М.Әуезов атындағы орта мектептің мұғалімі Нұрбол Тыныбай, «Үздік ойыншы» Жамбыл атындағы орта мектептің мұғалімі Айбын Ыдырысов, «Спорт ардагері» болып Абай атындағы орта мектебінің мұғалімі Нұрлан Сүтбеков марапатталды. Әйелдер арасында бабы мен бағы келіскен М.Әуезов атындағы орта мектебінің командасы бәсекеде озып шығып, бірінші орынға ие болды. Бұл команда бірнеше жыл қатарынан аудандық жарыста бірінші орынды, облыс көлемде өткен жарыстарда да алдыңғы орындарды иеленіп жүргенін тілге тиек етпесе болмас. Сонымен қатар, екінші орын А.Саттаров атындағы орта мектеп командасына, үшінші және төртінші орындар В.Терешкова атындағы орта мектеп пен П.Вихрев атындағы орта мектептің командаларына тиесілі болды. «Үздік қорғаушы» Т.Әубәкіров атындағы орта мектептің мұғалімі Диана Сегізбаеваға, «Үздік шабуылдау-шы» Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің мұғалімі Мадина Нұрпейісова, «Үздік ойыншы» М.Әуезов атындағы орта мектептің мұғалімі Людмила Бабларянға, «Спорт ардагері» А.Саттаров атындағы орта мектептің мұғалімі Унчам Надыроваға бұйырды. Жүлделі орындарға ие болған командалар облыстық көлемде өтетін жарыста ауданымыздың намысын қорғайтын болады. Жарыс қорытындысы бойынша командааралық және жекелей танылған жарыс жеңімпаздарын турнирдің бас демеушісі аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Серік Надырбаев құттықтап, грамоталар мен қаржылай сыйлықтарын табыстады.

 Нұрғиса ӘЛІШЕВ,

«Алматы облысы білім беру мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалы маманы.

Published in Спорт
Бейсенбі, 18 Сәуір 2019 11:29

Оқушыларымыз жарады!

  Жақында В.Терешкова атындағы орта мектепте үстел теннисінен облыстық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысы өтті. Сайысқа облыс аумағынан 15-тен астам ауданның оқушылары қатысып, өз бақтарын сынады. Ауданымыздың намысын өзге мектептерден оқ бойы озық шыққан Толқын орта мектебі қорғады.

  Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыстық білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының бас маманы Малик Мукаев пен аудандық білім бөлімінің өкілі Қайрат Әукен қатысушыларға сәттілік тіледі. Бас төреші Бекжан Балтешов спортшыларды жарыс ережесімен таныстырды.

  Нәтижесінде, 8 сынып оқушылары арасында І орынды ауданымыздың оқушылары иеленді (Толқын орта мектебі). ІІ орын Қарасай ауданы, ІІІ орын жамбылдықтарға бұйырды.

 11 сыныптар арасында Ескелді ауданы жүлдегер атанды. Кербұлақ ауданы ІІ орынды еншілеп, үздік үштікті Қарасай ауданы қорытындылады. Жеңімпаздар Алғыс хаттармен марапатталып, медальдар табысталды.

С.НҰРАДИН.

Published in Спорт
Бейсенбі, 18 Сәуір 2019 11:26

Турнир памяти Майлыбаева

  С 29 по 31 марта 2019  года в средней школе имени Омара Мухаммадий села Ават прошел областной турнир по боксу среди юношей, посвящённый памяти подполковника Даниэля Майлыбаева, бывшего ученика школы, героически погибшего при выполнении служебного и воинского долга.  Мероприятия в честь Д.Майлыбаева проводятся в школе ежегодно.

  Напомним:  5 июня 2016 года в г.Актобе  группа религиозных радикалов ограбила два оружейных магазина и   напала  на воинскую часть Национальной гвардии. При отражении дерзкой атаки превосходящих по численности и вооружению  террористов героически погиб старший оперуполномоченный отдела военной контрразведки майор Даниэль Майлыбаев. Указом Президента РК № 382 от 5 декабря 2016 года за образцовое исполнение воинского долга, мужество и самоотверженность, проявленные при обеспечении законности и правопорядка, укреплении национальной безопасности страны, майор Даниэль Майлыбаев посмертно  награжден орденом «Айбын» II степени, медалью «За отличие в органах национальной безопасности», ему присвоено воинское звание «подполковник». Семь жизней унесли трагические события в Актобе. Среди погибших также  военнослужащие Национальной гвардии Республики Казахстан: младший сержант Берик Калиев и рядовой Досбол Сапар.  Вечная память и слава героям!

  Спортивный турнир был организован по инициативе  пресс-секретаря общественного объединения ветеранов Афганистана «Каһарман» Муталипа Калиева  с участием руководства СШ имени Омара Мухаммадий и   спонсорской поддержке брата Даниэля Майлыбаева – Аяна Акарысовича.

  Почетными гостями турнира были родители Даниэля Майлыбаева Акарыс ага и Гулистан апа, его родные и близкие,  председатель общественного объединения «Каһарман» Амантай Маммедов, активисты общественного объединения Берик Байсабаев, Рахат Иленов, Полат Тектуров, учителя – ветераны  школы Ходжахмет Шамахунов, Карим Валиев, ветеран подразделения «Альфа» КГБ СССР Марат Кулмамбетов.

  По итогам турнира лучшими в своих весовых категориях стали Самир Хаталиев (Есик), Ислам Каримов (с. Балтабай), Айдар Ермек, Есболат  Садыкожаев, Адилет  Сембинов, Нуртай Куаныш  (с. Байтерек),  Али Бахытбек (г.Талгар), Чарани Ерасыл, Кадыр Ильдар, Абдуллаев Дильмурат, Нышанбай Женис,  Шаринов Ильмурат (с. Ават), Жанар Шыныбеков (г. Талгар), Акрамбек Ерасыл (с. Космос).

  В командном зачете 1 место заняла  команда боксеров из села Ават (тренер Рахат жалелов), 2 место  –   команда из  села Байтерек (тренер Марат Берикболов) и  3 – команда из г. Талгара. Лучшими боксерами турнира стали  Шыныбеков Жомарт, Имран  Ниясов, Кадыр Ильдар, а лучшими тренерами названы Ринат Жалелов, Канат  Абдыкаримов, Максим Милтонян,  Ерболат Курактаев.

  Главным судьей соревнований был судья высшей национальной категории по боксу Марат Берикболов.

Данара БАЙМАГАНБЕТОВА,

майор ВС РК,

пресс-служба регионального командования «Оңтүстік» Национальной гвардии РК.

 

Published in Спорт
Бейсенбі, 18 Сәуір 2019 11:20

Сдал батарейку – спас ежика

  Выброшенная вместе с другим мусором щелочная батарейка со временем исторгает из себя столько тяжелых металлов, что их достаточно для полного отравления территории кормления одного ежа, гибели тысячи дождевых червей. Такие батарейки относятся к отходам первого класса опасности. Они не просто захламляют планету, как, к примеру, полиэтилен, они ее отравляют. Отслужившие свой срок батарейки, когда оказываются в земле, становятся убийцами. Именно поэтому с 8 апреля по 12 апреля 2019 года. ученики СШ имени  М.Ломоносова с.Тургень провели экологическую акцию под образным названием  «Сдал батарейку- спас ежика». В ходе акции в школе были установлены корзины, предназначенные для сбора «электронных отходов». Результат впечатляющий: было собрано 583 батарейки, которые сданы в экоящик, установленный возле здания акимата Тургенского сельского округа.

  Инициатором акции стала учитель биологии Н. Валынкина совместно с активистами 5-х классов, которые  и открыли  пункты сбора батареек. В  сборе батереек и аккумуляторов приняли  участие учащиеся с 1 по 11 класс, самым активными отметили  учеников1 «б»,  которые условно  «спасли»  96 ежей.

  Организаторы акции призывали всех сделать мир чище, поддерживая развитие экокультуры в с.Тургень. Достаточно начать с себя, не выбрасывая «электронные» отходы вместе с бытовым мусором, а собирая и отправляя их на переработку и безопасную утилизацию.  

                                   Соб.инф.

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 18 Сәуір 2019 11:13

Мақал – сөздің мәйегі

  Ұлттық тәрбиенің өзегі, бабаларымыздың заманалар бойы жинаған даналығының інжу-маржандары, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – мақал-мәтел. Ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі тіліміздің байлығын, халқымыздың кемеңгерлігін көрсетеді. Бабадан қалған асыл мұрамызды шашауын шығармай, шашпай-төкпей келер ұрпаққа жеткізу – абыройлы міндетіміз. Осы мақсатты ту еткен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде аталмыш тақырыпта оқушылар арасында аудандық  байқау өтті.

  Сайысқа өңір-өңірден барлығы 48 бала қатысты. Ойыншыларға әділ бағасын беріп, сөз саптауын, терең білімін қадағалау үшін Түрген ауылындағы М.Ломоносов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Эльмира Нүсіпжанова, А.Жексембеков атындағы орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ғазиза Естембекқызы, Шелек ауылдық округі Ш.Уәлиханов атындағы орта тектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Балғын Шорманова қазылық етті.

  Байқау «Тақырып айтыс», «Жоғалған сөз», «Сөзден мақал құрау», «Қайым айтыс», «Балама мағына» айналымдарынан тұратын 5 кезеңде өтті. Сөз  маржанын терген кіл жүйріктің арасынан зеректігімен, ойының ұшқырлығымен, асқан ақылдылығымен, шешендігімен көзге түскен Қазақстан ауылдық округі, Ащыбұлақ ауылынан Мадина Думан бас жүлдені қанжығалап, облыстық байқауға жолдама алды. Бірінші орынды Балтабай ауылынан Айдана Нұржан иеленсе, екінші орын Балтабай ауылынан –Тұрапаш Рауанға, үшінші орын – Үркімбаева Нұрайға бұйырды.  Жүлдегерлер арнайы дипломмен және сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді. 

Жансая ЫСҚАҚ.

Published in Жастар
Page 1 of 2
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет