Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 25 Сәуір 2019
Бейсенбі, 25 Сәуір 2019 17:58

Мемлекеттің жаңа белесі

Әлемдегі елдердің 80 пайызы ортақ қаріпті қолданады. Ғылым мен саясаттың тілі де осында. Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстан секілді мемлекеттер латын әліпбиіне көшті. Ендігі кезек – біздің елде.Ата-бабаларымыз латын әліпбиінде талай құнды жазбалар мен әдеби кітаптарды дүниеге әкелді. Біз бұл графикаға дәл қазір келгеніміз жоқ. Бұл орайда тәжірибеміз бар екеніне тарих куә.

Көне Қытай ғұламасы Конфуций «Айтсаң – ұмытасың, көрсетсең – есімде қалады, ал өзіме жасатсаң – түсінемін» деген екен. Жалпы, шет тілін оқыту әдістемесі осындай түсініктен қалыптасқан деп ойлаймын. Латын жазуына көшеміз деп айта салу оңай, ал оны жүзеге асыру үшін үлкен шараларды қолға алуымыз қажет. Кейбіреулер компьютердің көмегімен барлық дүниені латын әліпбиіне көшіре салуға болатынын айтады. Менің ойымша, бұлай жеңіл жол іздеген дұрыс емес. Мазмұнды оқулықтар мен әдебиеттің барлығын 100 пайыз сауатты етіп аударып шығу қажет. Өйткені, кезінде араб әрпінде жазылған небір әдебиеттер әлі күнге дейін шаң басып жатыр. Себебі, біз оларды оқи алмай, қиналдық. Ал латын әліпбиіне көшетін болсақ, кешегі, бүгінгі рухани дүниелеріміздің бәрін сауатты қалпында аударып алсақ, кейінгі буын трагедияға ұшырамайды. Және балабақшаларда, мектептерде, жалпы оқу үрдісінде латын әріптерін жазуды үйрететін пән – каллиграфия (жазу өнері) деген сабақты енгізу қажет. Сондай-ақ, латын қарпін сауатты жазатын, оқитын мұғалімдер дайындау қажет. Осы бағыттағы жұмыстардың бәрін тез арада тиянақты атқара білсек, ұтарымыз мол болмақ.

Жасыратыны жоқ, өз басым латын әліпбиіне көшуге әлі үрке қараймын. Себебі, 70 жылдан астам уақыт бойы қазіргі әліпбиге төселіп қалған қазақ халқы үшін, латын қарпіне үйренуі оңайға соқпасы анық. Десе де, нақты шешім қабылданғаннан кейін оның жүзеге асуына көпшілік болып атсалысуға міндеттіміз. Кезінде солақай саясаттың салдарынан халықтың мәдениеті, әдебиеті, тілі жойылып кетуге шақ қалғанын тарихтан білеміз. Сондай зұлмат замандарды басынан өткерген кейбір ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбалары еліміздегі мұражайларда сақтаулы тұр. Мұндай мол мұраларды жас буынның кәдесіне жаратып, ғұмырлы ету үшін келешегі кемел латын әліпбиіне көшудің маңызы зор деп білемін. Шын мәнінде, ұзақ жыл бодандықтың бұғауында, саясаттың салқынында қалған Қазақ елі үшін кириллицадан бас тартып, әлемдік өркениетке негізделген латын әліпбиіне көшу ежелгі арман болғаны даусыз.

Латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. «Латынға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», – деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда. Қазіргі таңда,ғалымдардың көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасы қабылданып, әдістемелік жұмыстар жүргізілуіде. Дегенмен, жаңа әліпбиді үйрететін сапалы мамандар қатарын көбейту қажет. Осы мақсатқа қол жеткізіп, соның жемісін көру үшін қаймақ бетінде жүрген білікті тіл мамандары мен оқытушы-профессорлар аянбай тер төгуде. Ел болашағы үшін қабылданған маңызды шешімге қолдау көрсету, жақсыны үйренбекке ұмтылу, жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті деп ойлаймын.

 

Роза ИСАТАЕВА,

аудандық әйелдер одағының төрайымы.

Published in Саясат
Бейсенбі, 25 Сәуір 2019 17:40

Baǵytymyz aiqyn

«...Көздерiн де от ойнар,

Сөздерiнде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемiн!».

Иә, Мағжан сенген жас буын

бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының да сеніміне селкеу түсірмек емес. Мемлекеттік деңгейде жүргізіліп жатқан латын қарпіне өту реформасын белсенді қабылдады. Оған сөзбен емес, іспен дәлел келтіруде. Сөзімізге төмендегі мақала тұздық болсын.

 Редакция.

 

Tuńǵysh prezıdentımız N.Nazarbaevtyń sózımen aıtqanda, qazırgı ýaqyt adamzat bıigin bilekpen emes,  bilimmen baǵyndyrýdyń zamany. Iaǵnı qazırgı tańda álemde bilim máselesi mańyzdy oryn alady. Sol sebepti de, búginde memleketimiz bilim sapasynyń joǵary deńgeıge kóterilýin qatań baqylaýda. Memlekettiń daryndy jastardan kúter úmiti zor ekeni de aıdan anyq.

Alaıda men, uly ǵulama Ábý  Nasyr ál-Farabı aıtqandaı: «Adamǵa eń birinshi bilim emes, tárbıe kerek. Tárbıesiz bilim – adamzattyń  qas jaýy», degen tujyrymǵa tolyqtaı kelisemin. Ulttyq tárbıe, ulttyq bolmys jáne ulttyq sana Qazaqstannyń árbir jas urpaǵynyń boıynda bolýy qajet. Tálim-tárbıe barlyq istiń bastaýy. Tárbıe bar jerde durys bilim bolady. Otanymyzdyń máńgilik el bolýy bizdiń, qazaq jastarynyń ózimizge tán ulttyq qundylyqtarymyzdy qanshalyqty qasterleı alǵanymyzǵa tikeleı baılanysty ekenin esten shyǵarmaǵan jón. Biz ata-babalarymyzdan mura bolyp kele jatqan kundylyqtarymyzdy, tarıhı dástúrlerimizdi jańǵyrtyp, ony alǵa bastyryp qana qoımaı, memleketimizdiń ekonomıkalyq jaǵdaıy men ǵylymı zertteýlerin damytýǵa mindettimiz. Elimizdiń jarqyn bolashaǵy jalyndaǵan jas býynnyń eńbekqorlyǵymen, talap-tilegimen jáne arman-muratymen astasyp jatqany da barshaǵa málim. Men, keń baıtaq jeri, asqar taý beli bar táýelsiz qoǵamda ómir keship júrgenimdi maqtan etemin. Zaıyrly memlekette týyp óskenime  Alla Taǵalama sheksiz rızashylyǵymdy bildiremin, shúkirshilik etemin. Búgingi kún – keshegi Asan qaıǵy babamyz ańsaǵan qoı ústinde boztorǵaı jumyrtqalaıtyn beıbit kún. Osy beıbitshilik tańyn uzaǵynan tamashalaý úshin, biz,   jas urpaq aıanbaı eńbek etýge mindettimız.

 Bizdiń el tek qana beıbitshilik joldy ustanady, ártúrli zańsyzdyqtarǵa da tıisti sharalar qoldanyp keledi. Al osyndaı bastamalar derbes memleketimizdiń derbes joldy durys jaǵynan qoldanyp kele jatqanyn aıǵaqtaıdy.

Janııa ALPYSBAI,

J.Qaıypov atyndaǵy orta mekteptiń 11-synyp oqýshysy.

Published in Саясат
Бейсенбі, 25 Сәуір 2019 17:23

Ауылым – алтын бесігім

Әлбетте, жат идеологияға қарсы тұра алатын  – елдің ұлттық құндылғы мен тарихы. Салт-санамызды, дәстүр-ғұрпымызды, өнеріміз бен музыкамызды, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі сақтау – азаматтық парызымыз. Осы мақсатта мәдениет үйлері арасында дәстүрлі түрде өтетін облыстық байқауда биыл ауданымыздың Ават және Қырбалтабай мәдениет үйлері бақ сынады.

Шараға аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Сайысқа бағасын беріп, әділ төрелігін айтқан әділ-қазылар алқасы құрамында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров, ҚР мәдениет қайраткері, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ермек Доланғаранов, ҚР мәдениет қайраткері, Сүйінбай атындағы облыстық филормониясы «Алтынай» мемлекеттік халықтық би ансамбілінің балетмейстері Раваль Сейфуллин, ҚР суретшілер одағының мүшесі, облыстық көркемөнер галереясының директоры Қайрат Қаблисанов, ҚР мәдениет саласының үздігі, облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі Асқар Нұрма-хамбетов болды.

Байқау барысында өңіріміздің талантты өнерпаздары әуезді әннен, күмбірлеген күйден, мың бұралған биден шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Шара соңын облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров:

– Бұл байқау жыл сайын облыс көлемінде шалғай ауыл-аймақтардағы мәдени нысандардың жағдайын жақсартып, таланттарды тану мақсатында ұйымдастырылып отырады. Осы шара арқылы өнер ошақтарының безендірілу жұмыстарына көңіл бөлініп, материалдық-техникалық базаларға баса назар аударылды. Қаншама өнерлі өрендер мен талантты жастар танылды,  – деп қорытындылады.

Айта кетейік, байқау қорытындысы жыл соңына қарай шығарылады.

 

Жансая ЫСҚАҚ

Published in Мақалалар

Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті  – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «NurOtan» партиясының кезектен тыс XIX съезінде айтты.

«Құрметті отандастар, екі апта бұрын Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізуге қол қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев айқын саясат жүргізуді жақсы біледі. Бұл арқылы біз бүкіл әлемге демократиялық жолды таңдағанымызды тағы дәлелдедік», – деді Елбасы.

Елбасы өз сөзінде Президент сайлауы халықты биік мақсаттарға жетелейтініне сенім білдірді. «Тұңғыш Президент бұл Қазақстанның саяси өміріндегі өте маңызды мәселе екендігін баса айтты. «Қазақстан жаңа кезеңге қадам басып отыр.  Биылғы 19 наурызда өздеріңіз білесіздер, мен Президенттік өкілеттігімді тоқтаттым. Еліміздің жарқын болашағы үшін осындай оңай  емес шешім қабылдадым, ойланып-толғанып шешілген мәселе болды. Мемлекетті басқаруға басшылардың жаңа буыны келетін заман болды. Уақыт солай, өмір солай. Олар еліміздің абыройын арттырып, беделін биіктете түседі деп сенемін. Біздің буынымыз соларға көмек көрсетіп, жан-жақты қолдап, жағдай жасауымыз қажет.

Қазақстандықтар бүгінгі тарихи кезеңде бірлік танытады деп сенемін. Партия атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент сайлауына кандидаттыққа  ұсынамыз» деді Н.Назарбаев.

«Nur Otan» партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді.

 

«egemen.kz» сайтынан алынды.

Published in Ресми
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет