Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Күндер бойынша реттелген элементтер: Жұма, 26 Сәуір 2019
Жұма, 26 Сәуір 2019 16:15

Көпке үлгі шара

Жуырда Саймасай ауылында жастар жылына орай ұлтаралық татулықты насихаттау мақсатында жүгіруден көпшілік марафон өтті. Оған ауыл тұрғындары өз еркімен қатысты. 150-ге жуық адам екі шақырымды бағындырды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қоры, округ әкімдігі және А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің ұйымдастыруымен жүзеге асқан шара «Ұлтаралық татулық – саяси тұрақтылық негізі» деп айдар тақты. Қуаныштысы сол, мектеп оқушылары, орта буын ұстаздар мен алдыңғы буын ақсақалдар да қысқасы, ауыл тайлы-тұяғымен жүгіруде бақ сынады. Ауылішілік жолдармен жүгірген көпшілік округ әкімдігінің алдындағы алаңда мәре сызығын кесті. Жеңімпаздарды округ әкімі Мұхамедәли Мейрамкулов пен аталмыш қор төрағасы Қайнар Жұмағожа және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Думан Мырзақожа құттықтады. Сонымен жастар арасында А.Ахметов үшінші орынға табан тіресе, О.Хамидов екінші боп мәре сызығын кесті. Ал Р.Грозовский біріншіліктің биігінен көрінді. 29-40 жас аралығында Аян Көшербаев екінші, Сапархан Тулебаев бірінші орын иеленді. 40 жастан жоғары азаматтар арасында Р.Алимжанов – үшінші, С.Кубесова екінші боп мәре сызығын кесті. Ал А.Байтұрсынов атындағы мектеп директоры Ш.Пірімбаев біріншіліктің биігінен көтерілді. Қыздар арасында А.Сальникова үздік деп танылды.

Published in Мақалалар
Жұма, 26 Сәуір 2019 16:09

Герои памяти достойны

С 12 по 14  апреля 2019 г. в СШ имени Аль-Фараби с.Байтерек состоялся областной детско-юношеский турнир по боксу, посвященный памяти ветеранов Афганистана Александра Гусева, Максуда Мадьярова и Сакена Нусупалиева.  Участниками турнира   были 16 команд Енбекшиказахского района, г.Талгара и Алматы. В их составе на ринг вышли  боксеры  2011-2012, 2009-2010 , 2007-2008, 2003-2004 годов рождения, среди которых немало спортсменов, хорошо проявивших себя  в  областных, республиканских и международных соревнованиях. Почетными гостями турнира были ветераны войны в Афганистане из районного общественного обьединения «Кахарман».  Во главе с председателем обьединения Амантаем Маммедовым  спортсменов приветствовали Садык Оспанов, Рахат Иленов, Болат Тектуров, Гани Хужанов, Алжомарт Касымбеков, Берик

Заместитель директора по воспитательной работе СШ имени Аль-Фараби Гульмира Еламанова предоставила слово директору  школы Гульнар Туаршиевой. Гульнар Борангазиевна рассказала о вкладе мецената Александра Гусева, депутата районного  маслихата, директора ТОО «Кентас», в культуру и массовый спорт, в популяризацию детско-юношеского бокса, отметила, что воины-«афганцы»: Александр Гусев,  Максут Мадьяров и Сакен Нусупалиев ушли в бессмертие, и в мирной жизни продолжая выполнять гражданский долг, занимаясь  воспитанием  патриотизма у подрастающего поколения. Вечная им память и слава!

  По команде супервайзера турнира Марата Берикболова победители турнира 2018 года под звуки Государственного Гимна  подняли Флаг Республики Казахстан.

Председатель ОО «Кахарман» Амантай Маммедов предложил почтить минутой молчания память товарищей, павших в Афганистане, и ушедших из жизни в наши дни от ран, полученных в той войне. Воспоминаниями о покойных родственниках поделились сестра Сакена Нусупалиева Гульнар, его братья Серик и Нурболат, вдова Максуда Мадьярова  Зарухан Тлеубергенова.

Среди финалистов турнира особое  внимание привлек Батырхан Нурасыл из Рахата, воспитанник Тлека Манапа, который в весовой категории 24 кг стал чемпионом в младшей группе. Хорошо показала себя  команда СШ имени О. Мухаммади, которую тренирует  Ринат Жалелов. Чемпионами в весе 50 кг стал Ильдар Кадыров, 62 кг – Ерсултан Черапиев. Победитель республиканских турниров Андрей Кокорин из СШ имени В.Терешковой в весовой категории 66 кг  одержал финальную победу  с нокаутом. Его тренирует Юсуп Алиев. Дружно выступили воспитанники тренера Фархата Розыбакиева (с.Балтабай), Марата Берикболова (с. Байтерек). Лучшим тренером турнира признан Ауелхан Ерсин из с. Казахстан, а лучшим судьей  Канат Абдыкеримов ( г.Талгар).

 Все победители и призеры были  награждены медалями и грамотами  ОО «Кахарман».

 

Муталип КАЛИЕВ,

пресс-секретарь

ОО «Кахарман»,

Гульмира ЕЛАМАНОВА,

заместитель директора

 СШ имени Аль- Фараби, с.Байтерек.

Published in Мақалалар
Жұма, 26 Сәуір 2019 15:41

Батырлар біздің арамызда

Әлемді дүр сілкіндірген Чернобыль атом-электр станциясындағы төртінші энергоблогында жойқын жарылыстың болғанына да, міне отыз жылдан астам уақыт болыпты. Сол кездегі «өлі» Припят қаласы, босап қалған ауылдар, радиация «сіңірген» ормандар, радиациялық қою түтіні қаптаған Украинаның бұл өңірінде өз «ізін» қалдырған ауыр апат еді. Радиоактивті түтін аймақтан асып, тіпті, оннан аса мемлекеттің мыңдаған шаршы шақырым жерін ластады, бес миллион халық зардап шекті. Оның залалы қаншалықты ұзаққа баратыны белгісіз еді. «Бір өкініштісі, апат орнында болған жерлестеріміздің ешқайсына радиацияның денсаулыққа келтірер зияны жөнінде мағлұмат берілмеген, қауіпсіздік ережелерімен таныстырылмаған», – деп батыр ағамыз әрі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовтың жазғаны бар. Бұл Чернобыль зардабы Қазақстанды да шарпып өтті. Мыңдаған жерлестеріміз осы апатты залалсыздандыруға тартылды. Олардың көпшілігі алған радиация сәулесінен ерте өмірден өтті, мүгедектікке ұшырады.

Сол Чернобыль АЭС-нің апатының зардаптарын жоюға қатысқан біздің ауданның да тұрғындары аз болған жоқ. Солардың бірі – Есік қаласының тұрғыны Байсабаев Берік  Дайырбекұлы. Біз онымен «Қаһарман» атты Ауған жауынгерлері қоғамдық бірлестігінің кеңесінде кездестік. Өмірде өте ақкөңіл, ақжарқын жан. Чернобыл апаты жайлы әңгіме барысында жүзінде мұң ұялап, бір сәт ойға шомды. Аз үнсіздіктен кейін асықпай басынан кешкен сонау қиын кез-дерін көз алдына әкелгендей әңгімесін бастап кетті.

Берік Байсабаев 1986 жылдың 10 сәуірінде армия қатарына шақырылып, оны бірден Украинадағы Днепропетровский облысындағы Верховцы қаласындағы  44318 химиялық ротаға жібереді. Әскери міндетінің алғашқы айында-ақ жас солдат әскери емтиханын Чернобылда тапсыруға тура келеді. Беріктің әскери қызметін өтеп жүрген полк жоғарыдан келген бұйрық бойынша 1986 жылдың 19 тамызында радиация тараған аймаққа жылжыды. Химротаның орналасқан жері апат аймағынан 12 шақырым жер еді.

– Сол кездегі  өз көзіммен көрген көріністерді бір сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Борышын өтеп келгендердің ұзақ уақыт бойы хайуанаттар паркіне немесе балық аулауға баруға беттей алмағандары сол жойқын апаттың кесірі секілді. Біздің химиялық рота заласыздандыру жұмыстарына жеткілікті дайын емес еді. Жауынгерлердің арнайы киімдерсіз және құралдарсыз жасаған іс-әрекеттерінің зардабын дәл сол кезде түсініп жатуға мүмкіндік болмады. Жергілікті тұрғындарды  құтқару кезінде солдаттар радиация сәулесін алумен өздерін үнемі қатерге тігумен болды. Оған қазір дәлел келтірудің қажеті де жоқ шығар. Өздеріне қойылған тапсырманы жанталаса орындау кезінде кейінгі көрсетер зардабы туралы ол уақытта ойлады дейсіз бе?! – деп әңгімесін жалғастырды Берік Дайырбекұлы.

Тек ондаған жылдардан кейін ғана Чернобыль апатындағы көрсеткен ерен ерлігі үшін марапаттары иелерін тапты. 2015 жылы Украина Берік Байсабаевты «Герой-спасатель» орденімен марапаттады және Алматы Кеңестік Чернобыль офицерлерінің қауымдастығының председателі С.Серікбаевқа «Герой Чернобыля» медалін табыс етті.

Бір күні Берік Дайырбекұлының кеудесіндегі медальдарды көрген кішкентай қыз «Сіз соғысқа қатысқан жоқсыз ғой, ал медальдар не үшін берілген?» – деп сұрағаны бар. Сол бүлдіршін қыз да оның қатарлары сияқты нағыз батырлықты  тек оқ жаудырған ұрыс майданында ғана көрсетпейтінін бір кездері білер, түсінер деген үміттемін. Бейбітшілік уақытында нағыз ерлікті көрсету үшін де қаншама қайсарлықпен табандылық керек екенін келер ұрпақ ұғына  жатар. Нағыз қаһармандық – басыңа түскен  сынақ сәттеріндегі көрсеткен адамгершілік пен патриоттық, азаматтық борышыңды өтеу, тіпті, өз өміріңді қиюға дейін бару деп білемін.

Қазақстандықтардың Чернобыль апатында көрсеткен ерлігі ерен. Олар өз тәжірибесінен атом жарылыстарының бейбіт мақсатқа негізделмейтінін біледі. Украиндықтардың қасіретін қазақтар түсінбегенде кім түсінеді? Семей даласындағы атом полигонының радиациялық қасірет жарасы әлі күнге дейін жазылмады. Қазақ даласындағы жусан иісінің ащы қасіреті – Украинаның қара жусан қасіретінен кем емес.

Муталип ҚАЛИЕВ,

«Қаһарман»  ауған жауынгерлері қоғамдық бірлестігінің баспасөз

хатшысы.

Published in Мақалалар
Жұма, 26 Сәуір 2019 15:34

Жаңғыртылған жәдігер

Қазақ даласындағы тарихи-мәдени ескерткіштер – еліміздің баға жетпес байлығы. Халқымыздың өткенінен сыр шертер өшпес мұрасы. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтқандай, дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін қастерлі жәдігерлерді сақтап, қорғау, зерттеп, зерделеу, кейінгі ұрпаққа сыны мен сырын жоғалтпай жеткізу – абыройлы парызымыз. Біздің аудан да тарихтан сыр шертер ескерткіштер мен мәдени құндылыққа бай. Өлкемізге 100-ден аса ескерткіштер көрік беруде. Әлем бойынша 1984 жылдан бастап сәуір айының 18-де Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні аталып өтеді. Мерекелік күн аясында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Жебелі қылшанның» таныстырылымы өтті.

Шараға белгілі реставратор, «Остров Крым» зертханасының директоры Қырым Алтынбеков, Қазақ туризм және спорт академиясы «Туризм» факультетінің деканы Татьяна Имангулова, сарапшы, жетекші экскурсовод Бақыт Оразымбетова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Беспаева, музей басшылары, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, «Тұран» университетінің студенттері мен қала тұрғындары қатысты. «Жебелі қылшан» тарихы туралы Қырым Қасенханұлы  қонақтарға терең мағлұмат берді. Бұған дейін ол бұйымның қайың қабығынан жасалғанын анықтап, 2018 жылы «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық зертханасында қалпына келтіргендігін айта кетті.

Тұсаукесермен қатар, «Ұлы даланың ұлы мерекесі – Наурыз» мерекесі аталып өтті. Сөз кезегін музей директоры Тасқын Тойбаев алып:

– Еліміздің жарқын болуы келешек ұрпақтың білімі мен мәдениетіне байланыс-ты. Жас ұрпақтың тәрбиесіне мұражайлар мен тарихи орындардың қосар үлесі өте зор. Біз музейдің жас достарымен жиі байланыс жасап, түрлі конкурстар мен шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Солардың бірі – бүгін қорытындысын жариялайтын сурет  байқауы. Жас суретшілердің өнерін бағалай отырып, қиялдарының ұшқырлығына таң-тамаша қалдық. Талантты жас өрендер барда, тарихымыз ұмытылмайтынын сеніммен айта аламыз, – дей келе айтулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, туризм мен мәдениет саласындағы әріптестерін, ақпараттық қолдау білдірген БАҚ өкілдерін музей ісіне қосқан үлесі үшін арнайы дипломмен марапаттады.

 

Жансая ЫСҚАҚ

Published in Мақалалар
Жұма, 26 Сәуір 2019 15:26

Жол ережесін сақтаңыз!

Қазіргі таңда аудан орталығы Есік қаласында көліктер саны жылдан жылға көбейіп келеді. Сондықтан жүргізушілер мен жаяу адамдар, оның ішінде мектеп оқушылары көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Осы мақсатта аудандық жастар ресурстық орталығы, Рахат №1 орта мектебі және аудандық полиция басқармасы бірлесе жолда жүру ережесін сақтауға, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметін түсіндіріп, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу мақсатында «Қауіпсіз жол» тақырыбында акция өткізді.

  Шараға аудандық жергілікті полиция қызметінің жол патрульдік полиция лейтенанты Дархан Танабаев пен полиция капитаны Ернұр Әубәкіров, аға лейтенант Дарын Жапарбекұлы мен аға лейтенант Руслан Айсаев, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Айжан Әбіт, Рахат №1 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадина Еділ қатысты.

Оқушыларға жолда жүру қауіпсіздігі, бағдаршамнан өту жолдары, жол белгілері түсіндіріліп, тәжірибе ретінде көрсетілді. «Сақтанаң, сақтаймын» дегендей, жолда құлаққаппен өлең тыңдап жүру, бір-бірін қуалап ойнау секілді келеңсіз оқиғаларды болдырмау бойынша қатаң ескертулер айтылды. Осындай профилактикалық жұмыстар көптеген оқыс жағдайлардың алдын алып, бүлдіршіндеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысатыны сөзсіз. Баршаңызды, әсіресе, ата-аналарды балаларын мектепке жібергенде жол ережесін қатаң сақтауын қадағалауға шақырамыз.

Сұлтан ТОЙҒАНБАЙ, аудандық жастар

ресурстық орталығының маманы.

 

Published in Жастар
Жұма, 26 Сәуір 2019 15:05

«Түнгі қаладағы балалар»

Бүгінгі бала – ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азамат, жарқын келешек кепілі. Сондықтан оны тәбиелеуде ата-ана ғана емес, ұстаздарынан бастау алған қоғамдық ортаның атқарар рөлі зор. Осындай жауапты іс полиция қызметкерлеріне де жүктелген. Жақында облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің нұсқауына сәйкес Есік қаласында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел профилактикалық шара өткізді.

Жасыратыны жоқ, қазір-гі таңда түн мезгілінде жасөспірімдер көше кезіп, ойын-сауық орталықтары мен компьютер клубтарынан табылады. Оған қоса, спирттік ішімдіктер ішіп, темекі тұтынады. Осындай бассыздыққа тосқауыл болу және алдын алу мақсатында құрылған жұмыс тобы үш күн бойы аудан орталығындағы мекемелерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Беймезгіл уақытта балалардың кө-шеде, қоғамдық орындарда үл-кендердің қарауынсыз жүрмеуін ювеналдық полиция қызметінің аға лейтенанты Дарын Токторов, білім бөлімінің бас маманы Зарима Қожмамбетова, жастар ресурстық орталығының маманы Сұлтан Тойғанбай және полицияға қолдау көрсету мақсатында құрылған «Жалын» студенттер жасағы, олардың жетекшісі Қанат Досқуатов қадағалады.

Рейд жұмыстары алдымен қала орталығындағы ұтыс тігетін букмекерлік орталықтан басталды. Ғимарат сыртында «21 жасқа толмағандарға кіруге болмайды» деп жазылған букмекерде расымен де жасөспірімдер жоқ болып шықты. Мекеме әкімшісінің айтуынша, мұнда жасөспірімдер де келіп тұратын көрінеді. Алайда, күзетшінің қатаң бақылауынан өте алмайды. Екінші болып жұмыс тобы компьютер клубтары мен мейрамханаларға бас сұғып, мекеме басшыларына кәмелеттік жасқа толмаған балаларды түн мезгілінде (22:00-ден 05:00-ге дейін) заңды өкілдерінсіз кіргізбеуін ескертті. Олай болмаған жағдайда 40 АЕК (МРП) көлемінде айыппұл салынады.

Үш күнге созылған шара кезінде 55 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның екеуінде жасөспірімдер мас күйінде ұсталды (ата-анасына салынатын айыппұл көлемі 5 АЕК). Ұсақ құқық бұзушылық бойынша 2 хаттама (10 АЕК), темекі шеккен балаларға да 2 хаттама толтырылды (3 АЕК). Көңіл көтеру орындарында жүрген 4 балаға айыппұл салынды (3 АЕК). Ал заңды өкілдерінің қадағалауынсыз түнгі 23:00-ден таңғы 05:00 аралығында көшеде ұсталған 31 балаға ескерту жасалды. Осы балалар түнгі уақытта екінші рет полиция қызметкерлерінің қолына түссе, ата-аналары 15 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды. 

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Published in Жастар
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама