Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Күндер бойынша реттелген элементтер: Дүйсенбі, 29 Сәуір 2019

«Мақсатың айқын болса, оған баратын жол табылады».

Бауыржан Момышұлы

     Қазақ жазуын латыннегізді жаңа әліпбиге, латын графикасына көшірудің негізі  -  анық, мақсаты  -  айқын.

     Басты мақсаттарының бірі – ұлттық тілде сауатты болу, ұлттық тілді қалыптастыру; ұлттық бірегейлікті, «бодандық сана» стереотиптерінен арыла отырып, бостан санасының заманауи жаңаша ойлау жүйесін қалыптастыру. Тағы бір мақсатымыз - аға буынға түсіндіріп талдай отырып, болашақ ұрпақ санасына дұрыс жеткізу.

     Латын әліпбиіне көшуде біз не ұттық? Біріншіден,  сауатты да жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу.

     Екіншіден,  тілді шұбарламау, тіл тазалығын сақтай отырып, басқа тілдерден енген сөздерді пайдалануды  шектеу.

    Үшіншіден, 42 әріптің орнына 32 әріп, 28 дыбыспен шектелдік.

    Төртіншіден, тек қазақ тіліне тән дыбыстар үстемдік алды. Бұл деген сөз, ұлттық тіліміздің, жазуымыздың өз орнына отырғаны, мемлекеттік тілдің мерейінің үстемдігі десек артық бола қоймас.

     Қазақ тіліне шет тілінен орыс орфографиясы бойынша енген сөздердің жазудағы тұрпаты өзгереді; егер ғылыми сананы  қалыптастыратын ғылыми стильдегі мәтіндерде кеңінен қолданылатын терминдік сөздердің дені тек орыс орфографиясы бойынша жазылатын сөздерден құралса, латыннегізді әліпбиде олар қазақ тілінің орфографиялық ережелеріне сәйкес жазылатын болады; бұған дейінгі негізгі донор тіл орыс тілі болса, жаһандану үдерісінің әсерімен бірте-бірте  осы рөлге ағылшын тілі де орнығатыны ақиқат, олай болса, жаңа әліпби негізіндегі емле ережелерінде ағылшын тілінен енген сөздерді игерудің тетіктері қалыптастырылады; кирилнегізді әліпби бойынша қалыптасқан емле ережелері бүгінге дейін толық немесе дұрыс кондификацияланған кейбір тілдік бірліктердің орфограммалары реттеледі; жаңа әліпбимен берілген қазақ мәтіндерінің халықаралық жазба кеңістіктегі танымалдылығы, тартымдылығы арта түседі, себебі латын жаһанияттың әліпбиіне айналып отыр, әрі сапа тұжырымдамасының алдыңғы қатарлы өкілі болмақ.

        Жіптің ұшын түйіп айтқанда: латын әліпбиі – Қазақстан халқының еңселі елу ел қатарына қосылуға жасаған сәтті қадамдарының бірі!

Н.Ә.Рахымбаева

«Тіл» оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі 

Published in Саясат

«Төл тарихын білетін, баға-лайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деген еді Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында. Әлбетте, қарт тарихтың бар қазынасы мұражай қойнауында сақтаулы. Осыған орай жуырда жас буын ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұражайына арнайы барды. Ондағы жәдігерлермен танысты, сол арқылы қазақ қолөнерімен қауышты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен өткен экскурцияға мұражай директоры Дәулет Дәркем-байұлы арнайы қатысты. Темірден түйін түйген хас шебердің жүріп өткен жолын жіпке тізді. Жас буын сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Алмагүл НҰҒМАН

Published in Тарих
Дүйсенбі, 29 Сәуір 2019 11:02

Ажырасу асқынып барады!

Қазақ қашаннан отбасы, ошақ қасын – Отаны деп сезінген. Өз үйін өлең төсегі деп түйсінген. Тәрбиенің бесігі, әулетіндегі ұл-қызын бақ-береке несібі, шаңырағын бұл пәнидегі жұмақтың есігі деп енген. Анығы да сол, мемлекетті құраушы қоғам болса, қоғамды құраушы – отбасы. Сондықтан болар «Отан – отбасынан басталады» деген тәмсілдің бізге жеткені. Ұлттық болмысымыздың балталанбай, тұтастығымыздың тамырлануы шынтуайтына келгенде отбасындағы тәрбиеге тәуелді. Демек, «Тәрбие – тал бесіктен басталады» деген қазақтың айтқаны тағы да ақиқат.

Осы ретте жуырда Райымбек батыр атындағы орта мектептің конференц залында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында жас отбасылармен кездесу өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен жүзеге асқан шарада судья Зульфия Баки, медиатр Ләззат Кобланова, аудандық мәслихат депутаты, аталған қор төрағасы Қайнар Жұмағожа, аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Өркен Әбдібай қатысты.

Алаңдатарлығы, ауданымызда өткен жылғы қаңтар, ақпан айларымен осы жылғы екі айды салыстырғанда жұбы жараспай ажырасқан отбасылар саны 9,4 пайызға өскен. Бұл тұрғыда судья Зульфия Срапулқызы (суретте) айтып берді:

– Отбасылардың басым көпшілігінің ажырасу факті үш қана мәселе: мінездері жараспады, қаржылық жетіспеушілік және жас отбасылар мәселесіне екі тараптың ата-аналарының араласуы. Міне, осыны желеу еткен жас жанұялар арасында қаншама сәбилер тағдыры жатыр, – дейді.

Иә, қазақ танымына жат, Алланың ең сүймейтін ісін қылған ажырасу деген дерт қоғамымызды жаулап барады. Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде отау құрған отбасылардың 5-тен бірі айырылысып тынады екен. Бұл дегеніміз мың отбасы құрылса, оның 200-інің дәм-тұзы жараспайды деген сөз. Арадағы тірі жетім атанған балалардың тағдыры, жалғыз қалған аналардың тағдыры не болмақ. Аң екеш аңның өзі табиғат заңдылығымен жүреді, Жаратушы нәсіп еткен төлдерін жарық дүниеге әкеледі. Ал бүгінгі қоғамымызда нәпсіқұмарлық артып, ыстық ықыластан дүние есігін ашқан сәбиін асырауға әлі жетпей отырғандар жетерлік. Жауапкершіліктен жалтарғанымыз – қай сасқанымыз. Қасқыр бөлтірігіне аң ау-лауды үйрету үшін тірідей әкелінген аңды немесе малдың төлін талатады. Демек, жыртқыштың өзі баласының алдындағы жа-уапкершілігін се-зініп отырғанда, сана беріп, ой беріп, келісті тұлға бой беріп, даралаған АДАМ дейтін атымызға бұл қылығымыз сын болмай ма? Осыны ойласақ, өзек өртенетінін несіне жасырамыз.

Кезекті сөз алған Қайнар Жұмағожаұлы ұр-пақ тәрбиесіне алаңдаушылығын ашық айтты. – Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы! Осы жолда жұмылмасақ, ертеңіміз қарынның қамын ойлайтын, нәпсісіне тоймайтын, саны да, сапасы да сын көтермейтіндерден құралады. Анасына қызы, әкесіне ұлы қарсы шыққан қоғамнан құралады. Бұны болдырмас үшін қайтпек керек?

«Сөз түзелді, тыңдарман сен де түзел» деген тәмсіл бар. Қазіргі жас буын сөзбен емес, көзбен, құлақпен емес, іспен тәрбиеленетінін ұмытпағанымыз абзал. Ол үшін сөзіміз бен ісімізді бір арнада тоғыстырғанымыз жөн. Мұндайда қазақ «Әкеге ҚАРАП ұл, шешеге ҚАРАП қыз өсер» деген. Әкені немесе шешені ТЫҢДАП деп айтылмаған. Демек, ұрпақ тәрбиесінде ата сақал аузына түскендер де, ата-ана атанғандар да аса жауапты. Баяғыда бір оқымыстымыз Еуропаға барғанда қаусаған кемпір-шалдарды көріп, бұл кісілер не істеп жүр деген бір шетелдікке «Өздерінше өмір кешіп жатқан қариялар ғой» дегені есте. Несін бүгеміз, қазір арамызда да өзінше «тыныштықта» өмір сүруге үйреніп жатқан үлкендер жетерлік. Кенже баланың қолында тұру сиреді. Жанбағыс қамында ұл-қыздарымыз жүр. Немере тәрбиесін басқа қолға бердік. Бұл ұлт болашағын өзгенің қолына ұстатқанмен тең. Осы ретте қазақтың батыры Бауыржанның: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оларға жақсыны үйретіп жатқан әже жоқ, үйреніп жатқан бала жоқ» деген сөзі алдыңғы толқынға, яғни ата мен әжеге, әке мен анаға мың батпан  салмақ салып-ақ тұр. Осы салмақты арқалау үшін бірігетін кез келді. Демек, әрбіріміз отбасымыздың президенті ретінде ұрпағымызға сапалы білім, саналы тәрбие беруге, айналасына мейірімді жүзбен қарауға, туған жерін бақытына балауға үйретуіміз тиіс. Сонда ғана елдігіміз еңселі болмақ. 

Шара барысында медиатр Ләззат Қобланова да пікір білдірді. Жас отбасылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды. Пікір алмасу соңында жуырда ғана бас қосқан Мейрамбек Ботамбаев және Динара Абдубаитоваға, Сымбат Қанатбек пен Аяулым Ербосынқызына ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар табысталды. Жас отбасына еліміздің тірегі болатын салиқалы ұрпақ тәрбиелеуге, мерейлі отбасылар санатынан көрінуге тілектестік білдірді көпшілік.

Алмагүл НҰҒМАН

Published in Мақалалар

А называется оно знакомым каждому со школьных уроков биологии словом «биогумус». Не так давно наука заново открыла уникальные свойства  главного компонента почвы – гуминовых кислот. Содержащий их биогумус снижает засоренность полей, повышает сопротивляемость растений болезням и засухе, но, главное, восстанавливает не только неплодородную, но даже отравленную гептилом и солями тяжелых металлов землю. Препараты биогумуса  – наиболее эффективное для нее «лекарство». Оно  весьма востребовано в условиях обширной деградации сельхозугодий, истощенности и зараженности почв нитратами и гербицидами, промышленными отходами.

В рамках Плана нации Елбасы Нурсултана Назарбаева и программы «Агробизнес-2020» финансовую поддержку агроинновационным проектам оказывает АО «Фонд науки». Одним  из таких проектов является  биотехнологический комплекс по производству биогумуса и биопрепаратов, построенный КХ «Agro-Мerkur»  в Болекском округе. С 2017 года ТОО «КХ «Agromerkur», входящий в холдинг «Национальная агропромышленная корпорация», на грант  АО «Фонд науки» разрабатывает и апробирует технологии производства трех видов органических удобрений: жидкого и твердого биогумусов  и вермикомпоста.

Презентация биотехнологического комплекса, созданного на базе животноводческой фермы КХ «Agromerkur», а также лаборатории по контролю качества препаратов, состоялась 11 апреля 2019 года. В ходе презентации заместитель акима Енбекшиказахского района Даулет Нургисанов,  председатель правления АО «Фонд науки», академик НАН РК Ануарбек Султангазин, учредитель холдинга «Национальная агропромышленная корпорация» (НАК) Руслан Азимов, генеральный директор НАК Дария Азимова,  директор   КХ «Agro-Мerkur»   Казбек Аксакалов, научный руководитель проекта   КХ «Agro-Мerkur» Карим Богуспаев рассказали приглашенным руководителям и специалистам хозяйств и агропредприятий области о  внедрении данной инновационной технологии в производство.

 Председатель правления О «Фонд науки» Ануарбек Султангазин подчеркнул, что коммерциализация научных проектов– самое рискованное звено «инновационной цепочки». Ведь хозяйство или предприятие, запуская производство инновационного продукта или применяя новую технологию, рискуют собственными деньгами. АО «Фонд науки», выделяя гранты на реализацию таких проектов, помогает   решить проблему «финансовой безопасности» производителей, укрепить партнерские связи с наукой.  Учредитель НАК Руслан Азимов говорил о значении биогумуса в выращивании экологически чистых фруктов и овощей. Биогумусные препараты   прекрасно зарекомендовали себя и при севообороте в открытом грунте, и  в тепличных хозяйствах, при окультуривании и рекультивации загряхненных почв. Важная деталь – получение вермикомпостов и биогумуса возможно далеко не во всех странах. Для их изготовления нужны отходы животноводства – главным образом отработанная навозная подстилка, которую надо либо иметь свою, либо покупать. Поэтому стои-мость биогумуса на международном рынке доходит до 500 долларов за тонну. В Казахстане есть  все условия для обеспечения инновационными органическими удобрениями и отечественных аграриев,  и поставок на экспорт. Биогумус и вермикомпост позволяют резко сократить внесение как минеральных удобрений, так и обычной органики. По эффективности они в 2-4 раза превосходят традиционные торфонавозные удобрения, увеличивают сопротивляемость растений к неблагоприятным погодным условиям, сорнякам и вредителям. Биогумусные препараты уже совершают революцию в сельском хозяйстве, формируя новую отрасль  -  органическое земледелие.

Гвоздем презентации стала экскурсия по  биотехнологическому комплексу КХ «Agro-Мerkur». Директор хозяйства Казбек Аксакалов, научный руководитель проекта Карим Богуспаев, заместитель гендиректора НАК Амантай Азимбаев  познакомили гостей с производством вермикомпоста и биогумуса, лабораторией контроля качества. В приниципе, получаемый объем биоудобрений ограничен всего двумя факторами – наличием отходов животноводства и основного «труженика» - красного калифорнийского червя, перерабатывающего навоз в гумус. Сейчас у   КХ «Agro-Мerkur» около трех миллионов особей червя-«иностранца». Такое количество    позволяет вырабатывать за полный цикл – 4 месяца, около 40 тонн вермикомпоста.  Всего в 2018 году  сельхозпроизводителям  уже реализовано 520 тонн твердого и 4 тыс. литров жидкого биогумуса, 120 тонн компоста.

В будущем сельхозпроизводители, закупая в КХ «Agro-Мerkur» калифорнийского червя, смогут  изготавливать вермикомпост  для собственных нужд  даже в открытых буртах. 

Выращивание органических  овощей, фруктов и кормов значительно повысят прибыль сельчан от производства экологически чистых растительных и животных продуктов  питания, которые, несмотря на высокую стоимость,  становятся все более востребованными на потребительском  рынке.  Физиологически человек есть то, что он ест. Выращивать и продавать ему здоровую пищу – вот благородная и достижимая цель органического земледелия, в основе которого лежит биогумус.           

 И.ТУРАНИН.

Published in Мақалалар
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама