Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 05 Шілде 2018 15:04

«Әдемі-айдың» әдемі жеңісі

Елдіктің ерен жеңісі, Тәуелсіздіктің жемісі болған Елордамыздың 20 жылдығы қарсаңында «Street dance battle» жастар арасында би байқауы өтті жақында. Аудан орталығындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында жалауы желбіреген шараға 9 команда қатысты. Арасында Талғар ауданынан да үміткерлер бар. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Есік қаласы әкімі аппараты, аудандық жастар ресурстық орталығы және «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен өткен шара шымылдығын қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов құттықтау сөзімен түрді: – Астана – ұлтымызды ұлы істерге ұйыстырар саяси сахнамыз. Шындығында, Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Көрмені қойып, әлемнің назарын өзімізге бұрғыздық. Бүгінге бас…
Сәрсенбі, 16 Мамыр 2018 15:43

Театр – өмір айнасы

Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер ауылы өзіндік тарихы бар киелі мекен. Бүгінде Қаракемер ауылында Мәдениет үйінің ішінен ашылған «Қаракемер балалар театры» жұмыс істеуде. Ашылғанына азғана уақыт болса да көрнекті ойындарымен, мағыналы көріністерімен көрерменнің көзайымына айналып отыр. Театрымыздың негізін қалаушы ақыл-кеңесімен де, балаларға шынайы ниетімен де, актерлік шеберліктің қыр-сырын үйретіп, балаларды өнер әлеміне қызықтыра жетелеген белгілі режиссер әрі актер Асқар Наймантаев ағамыз. Бүгінде театрымыз арнайы мамандармен толықтырылған. Театр директоры өнер академиясының түлегі Жарқын Барақбаев болса, режиссері осы өнер ордасынан шыққан жас сценарист Әлішер Кубенкулов. Сондай-ақ, театрымыздың суретшісі Сымбат академиясының дизайнерлік бөлімін тәмамдаған Әйгерім Сүндетбаева. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, театрымыз 2017 жылдың желтоқсан…
Отты жырдың қызыл жолбарысы Жамбыл мен сұлу сөздің сардары Тұманбай ақынға көне Сақтың астанасынан ескерткіш қойылды. Анығын айтсақ, атқамінерлеріміз қос ақынын тұғырына қондырды, сөйтіп алаш жұртының ақ батасын арқалап, руханиятқа басқан қадамды оң қылды. Тірісінде-ақ, «Бір ескерткіш тұрғыздым мен өзіме» деп кестелі сөз, орамды ойымен ұлт жүрегіне тұғыр орнатқан жерлесіміз Тұмағаңның есімі де аудандық мәдениет үйіне берілді. Сонымен не керек, бұл күні әуезді ән көгімізден нұр болып төгілді, жас ақындардың еркін үні өлең болып өрілді. Жастар саябағының кіре-берісінде Жамбыл, аудандық мәдениет үйінің алаңында Тұмаш ақын «тұғырға қонды» дегенді естіген алаш зиялыларын Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин бастап келсе, Алматы…
Жексенбі, 22 Қазан 2017 13:08

Ұлттық мәдениет – рухани болмыс

Қазақ халқының көнерген ұлттық аспаптарын таныстыру, насихаттау, балалар шығармашылығын дамыту мақсатында «Қазақ халқының көнерген аспаптары мен би өнері» атты байқау өтті жақында. Бәйдібек би мәдениет үйінде шымылдығы түрілген шараны «Елім-ай» қоғамдық қоры және аудандық мәдениет үйі ұйымдастырды. Аудандық ішкі саясат бөлімі қолдау білдірді. Иә, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ-қа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «...Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деген еді. Ал рухани тамырымыз ол біздің ана тіліміз, мәуелі мәдениетіміз, ұлттық салт-дәстүріміз. Осыны темірқазық етіп, тарихи соқпақта сүрленіп қалған құндылықтарымызды қозғауға күш салған қордың бұл үшінші шарасы. Бастапқыда облыстық деңгейде айтыс ұйымдастырса, ауданымызда жыршылық өнерді…
Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 22:10

Көрме өтті

Деструктивті діни ағымдар белең алған уақытта, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адасушыларды дұрыс жолға тарту – ең негізгі міндет. Осы орайда, жақында облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» атты сурет көрмесі өтті. Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары діни тақырыпта салыған сурет туындыларын тамашалады. Сондай-ақ, «OPENAIR» форматында «Мұны білгеніңіз жөн» тақырыбында аудан орталығының халық көп шоғырланатын орындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Түсіндіру барысында қарапайым тұрғындар дін мамандарына сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Сардарбек НҰРАДИН.
Легендарный оперный певец и дирижер Пласидо Доминго посетил ЭКСПО-2017. Короля оперы и его семью поприветствовал сам глава национальной компании Ахметжан Есимов, после чего мегазвезда направилась на гольфкаре к главному павильону ЭКСПО – «Нур-Алем». Первым делом звезда мировой величины расписалась в книге почетных гостей и написала свои пожелания. «Какой впечатляющий, изумительный и волшебный павильон! Выставка запомнится, как одна из величайших в истории ЭКСПО! Поздравляю!», – написал маэстро. Сразу же после этого золотой голос Испании зашел в юрту, где ему показали энергию четырех стихий. Там же ему продемонстрировали волшебное звучание кобыза. Напомним, что в столицу Казахстана Пласидо Доминго прибыл со всей своей…
Сенбі, 29 Шілде 2017 01:14

Талант тас жарады...

Адамның рухани байлығы мәдениет болса, мәдениет үйі сол байлықтың кені. Нұра ауылының мәдениет үйінде өнердің өзегі саналатын өлең сайысына жан-жақты дайындық жасап, қонақтарын қошеметпен қарсы алды.Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бо-йынша «Еңбекшіқазақ аудандық әйелдер одағы» қоғамдық қорының қолдауымен, аудандық жастар ресурстық орталығы мен Сөгеті ауылдық округінің ұйымдастыруымен «Елбасы және Астана» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті. 31 жыл мәдениет үйін басқарып жүрген тәжірибелі директор Дәулет Тұрғанбаев бастап, осы өнер ошағында біте қайнасқан кітапхана, музей қызметкерлері қостап, бұл шараға тыңғылықты дайындалыпты. Қазақы нақыштағы ою-өрнекпен әшекейленген сахна төріне жыр сайысының тақырыбы ілініп, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» және «Өнегелі өнер» деген тақырыпқа сай…
Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне Жетісу өңірінің шеберлері қатысып, «Шығыс базары» этноауылында «Қазақтың қолөнері – төл өнері» көрмесін өткізіп жатыр. Жетісу өңірінде гобелен, зергерлік өнер, керамика, кесте тігу, киіз басу, ағаш, металл, тері, сүйек сынды материалдармен жұмыс істеу жан-жақты дамып келеді. Келуші қонақтар жоғарыда аталған дүниелердің жасалу барысын да тамашалай алады.Бұл өнер салаларымен айналысып жүрген шеберлердің еркін шығармашылық ізденіс, көркем идеяларды жүзеге асыру мақсатында шынайы шексіз мүмкіншіліктер жинағанын көреміз. ЭКСПО-ның басты мақсаты – «Болашақ энергиясы» тұжырымдамасын талқылау болса, шеберлер көрмесінің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық өнерін әлемге таныстыру болып табылады.Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор демекпін. Себебі, бұл…
Астанада сейсенбі күні «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі аясында Алматы облысы Мәдениет күндерінің ашылу салтанаты өтті. Арқа төріндегі ауқымды шараға облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ, Астана қаласының әкімі Әсет ИСЕКЕШЕВ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ, «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан ЕСІМОВ қатысты. Жетісудың өнерін паш еткен шара «Қазақстан» орталық концерт залында ұйымдастырылды. Зал облыстың өнерін тамаша-лауға келген көрерменге лық толды. Сүйінбай атындағы облыстық филармония өнерпаздары мен «Алатау әуендері» шығармашылық ұжымы астаналықтарды ерекше әсерге бөледі. «Жетісу – жұмақ мекені» деп аталған концерттің шымылдығы әйгілі сазгер Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен түрілді. Концерт М.…
Бейсенбі, 01 Маусым 2017 11:15

Көңілдің гүлі, көздің нұры!

Округ әкімінің орынбасары Мәди Бектасов алаңға жиналған жұртты ел болашағы балалар күнімен құттықтап, қамқоршысынан айырылған, мүмкіндігі шектеулі, жағдайлары нашар отбасылар-дың балаларына балмұздақ, түрлі тәттілер таратты. Өнерлі бүлдіршіндердің әр ұлт тілінде ән айтып, биленген билері тамашаланды. Баршамызды бал тілімен баурайтын, Бала деген бір бақыт қой жайнайтын. Ата-ананың арманы мен тілегін, Бала емес пе бал-бұлақ боп жалғайтын, – демекші, «Бәйтерек» балабақшасы педагогтары мен бүлдіршіндерінің осы мерекеге орай бір жылдық шығармашылық концерті болды. Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ тәрбиелеу десек, сол тәрбие мен білімнің қандай деңгейде екені осы шарада көрініс тапты. Бүлдіршіндер балабақшада алған тәлімі мен үйренген өнерін тамашалатты. Бал тілімен…
Page 1 of 3

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама