Қазақстан ауылындағы Ж.Қайыпов атындағы орта мектепте асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету, олардың өмір жолымен жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын ұғындыру және ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында маңызы зор кездесу кеші өтті. Ардагер ұстаздар ең алдымен мектепте орналасқан Кеңес одағының батыры Ж.Қайыповқа арналған мұражайды араласа, келесі кезекте өз пәндері бойынша жеткіншектерге ашық сабақтар өткізді, одан әрі кеш оқушылардың көңілді концерттік бағдарламасымен жалғасты. Ансамбль жетекшісі Азат Бақасов бастаған өнерлі оқушылар халық күйімен кеш шымылдығын түрді. Мектеп директоры Шарапат Орынбаева: «Бүгінгі күніме мен осы ұстаздарымның…
Бейсенбі, 28 Наурыз 2019 10:52

Қолөнер — еңбектің қайнар көзі

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қандай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп жалпы ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеген еді. Арқалаған аманатқа қиянат жасамау мақсатында Есік мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының ұжымы аянбай жан-жақты қызмет етуде. Соның айқын көрінісі – «Қолөнер – еңбектің қайнар көзі» атты аудандық іс-тәжірибелік семинар. «Қазақстан қайта даярлау біліктілікті арттыру» курсынан келген Махмут Жәлелов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қайрат Әукен кезегімен сөз алып, жиынның нәтижелі өтуін тіледі. Іс-тәжірибелік семинарға аудандағы мектептерден технология пәнінің мұғалімдері келіп, оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Шәкірттердің шеберлігін, білімі мен еңбегін осы күні ұйымдастырылған…
Бейсенбі, 07 Наурыз 2019 19:11

От «Улыбки» станет всем светлей...

Эта старая добрая песенка из мультфильма служит «фирменной» мелодией одноименного танцевального ансамбля, созданного полвека тому назад Ниной Пашковой и ее супругом Дмитрием Остапенко. С тех пор «Улыбка» озаряет все наши праздники, являясь как бы символом культуры Енбекшиказахского района. В 1987 году ансамблю было присвоено звание народного, а в 1989 году он завоевал титул лучшего среди народных творческих коллективов Казахстана. И в числе лучших остается по сей день, а бывшие воспитанник ансамбля приводят в него своих детей. Совсем недавно «Улыбка» обрела второе дыхание – ветераны-основатели ансамбля передают эстафету внучке Арине Некрасовой. Молодой хореограф, выпускница Санкт-Петербургского университета культуры, Арина сама 12 лет…
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 15:52

«Улыбке» - 50!

В 1969 году состоялись первые выступления этого детского ансамбля. И с того времени не было, наверное, ни одного районного мероприятия, праздника, который не украшали бы задорные танцы его юных, грациозных артисток. Название ансамбля всем известно – «Улыбка». Его 50 лет тому назад основали и до сего времени руководят замечательные хореографы – Почетные граждане района, супруги Нина Пашкова и Дмитрий Остапенко, проживающие в с.Болек. За полвека «Улыбка» стала мощным творческим коллективом, в котором в основном занимаются девочки и девушки с 4 до 18 лет, со сложившимися традициями, методиками обучения, широчайшим репертуаром танцев народов мира. В биографии «Улыбки» – съемки в документальном…
Таңдарымыз тұғырлы Тәуелсіздіктің арқасында арайлап атып, күндеріміз мәнді де мағыналы өтуде. Сондай керемет күннің бірінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденінің иегері Бекжан Тұрыс ағамызбен келелі кездесу өтті. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Рахат №1 орта мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен өткен шара рухани жаңғырудың жаңа қырын көрсетті. Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дәріптеу, Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ өнерінің жеткен жетістіктерін, оның әлем мәдениетіндегі орнын насихаттау мақсатында болған кездесуге мектеп ұстаздары мен оқушылары, музей қызметкерлері және Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің драматургия, қазақ тілі мен әдебиеті тобының студенттері жиналды. Әуелі…
Сәрсенбі, 26 Желтоқсан 2018 16:21

Театр – жақсылық жақтаушысы

Жаңа жыл қарсаңында Есік қаласындағы «Техноград» техника дүкенінің демеушілігімен Қаракемер ауылдық мәдениет үйінің жанынан ашылған «Қаракемер» балалар театры өңірдегі мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен көзі нашар көретін мектеп-интернат бүлдіршіндеріне «Алдар көсенің сиқырлы дүрбісі» атты қойылымын тегін көрсетті. Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде қойылған көріністе балалардың зәресін алып, Аяз ата мен Ақшақарды тұтқындап қойған бір көзді Диюмен айқасу үшін Алдар көсе, «өрмекші адам», жүйрік көлік Маккуин, және тентек қыз Маша күш біріктіреді. Ашылғанына көп уақыт болмаса да жыл бойы ауыл-аймақты аралап, кішкентай көрермендердің жүрегінен жол таба білген театр ұжымының биылғы жылғы қорытынды сапары болды бұл қойылым. Мейіржан Әлібектің…
Бейсенбі, 05 Шілде 2018 15:04

«Әдемі-айдың» әдемі жеңісі

Елдіктің ерен жеңісі, Тәуелсіздіктің жемісі болған Елордамыздың 20 жылдығы қарсаңында «Street dance battle» жастар арасында би байқауы өтті жақында. Аудан орталығындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында жалауы желбіреген шараға 9 команда қатысты. Арасында Талғар ауданынан да үміткерлер бар. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Есік қаласы әкімі аппараты, аудандық жастар ресурстық орталығы және «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен өткен шара шымылдығын қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов құттықтау сөзімен түрді: – Астана – ұлтымызды ұлы істерге ұйыстырар саяси сахнамыз. Шындығында, Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Көрмені қойып, әлемнің назарын өзімізге бұрғыздық. Бүгінге бас…
Сәрсенбі, 16 Мамыр 2018 15:43

Театр – өмір айнасы

Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер ауылы өзіндік тарихы бар киелі мекен. Бүгінде Қаракемер ауылында Мәдениет үйінің ішінен ашылған «Қаракемер балалар театры» жұмыс істеуде. Ашылғанына азғана уақыт болса да көрнекті ойындарымен, мағыналы көріністерімен көрерменнің көзайымына айналып отыр. Театрымыздың негізін қалаушы ақыл-кеңесімен де, балаларға шынайы ниетімен де, актерлік шеберліктің қыр-сырын үйретіп, балаларды өнер әлеміне қызықтыра жетелеген белгілі режиссер әрі актер Асқар Наймантаев ағамыз. Бүгінде театрымыз арнайы мамандармен толықтырылған. Театр директоры өнер академиясының түлегі Жарқын Барақбаев болса, режиссері осы өнер ордасынан шыққан жас сценарист Әлішер Кубенкулов. Сондай-ақ, театрымыздың суретшісі Сымбат академиясының дизайнерлік бөлімін тәмамдаған Әйгерім Сүндетбаева. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, театрымыз 2017 жылдың желтоқсан…
Отты жырдың қызыл жолбарысы Жамбыл мен сұлу сөздің сардары Тұманбай ақынға көне Сақтың астанасынан ескерткіш қойылды. Анығын айтсақ, атқамінерлеріміз қос ақынын тұғырына қондырды, сөйтіп алаш жұртының ақ батасын арқалап, руханиятқа басқан қадамды оң қылды. Тірісінде-ақ, «Бір ескерткіш тұрғыздым мен өзіме» деп кестелі сөз, орамды ойымен ұлт жүрегіне тұғыр орнатқан жерлесіміз Тұмағаңның есімі де аудандық мәдениет үйіне берілді. Сонымен не керек, бұл күні әуезді ән көгімізден нұр болып төгілді, жас ақындардың еркін үні өлең болып өрілді. Жастар саябағының кіре-берісінде Жамбыл, аудандық мәдениет үйінің алаңында Тұмаш ақын «тұғырға қонды» дегенді естіген алаш зиялыларын Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин бастап келсе, Алматы…
Жексенбі, 22 Қазан 2017 13:08

Ұлттық мәдениет – рухани болмыс

Қазақ халқының көнерген ұлттық аспаптарын таныстыру, насихаттау, балалар шығармашылығын дамыту мақсатында «Қазақ халқының көнерген аспаптары мен би өнері» атты байқау өтті жақында. Бәйдібек би мәдениет үйінде шымылдығы түрілген шараны «Елім-ай» қоғамдық қоры және аудандық мәдениет үйі ұйымдастырды. Аудандық ішкі саясат бөлімі қолдау білдірді. Иә, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ-қа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «...Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деген еді. Ал рухани тамырымыз ол біздің ана тіліміз, мәуелі мәдениетіміз, ұлттық салт-дәстүріміз. Осыны темірқазық етіп, тарихи соқпақта сүрленіп қалған құндылықтарымызды қозғауға күш салған қордың бұл үшінші шарасы. Бастапқыда облыстық деңгейде айтыс ұйымдастырса, ауданымызда жыршылық өнерді…
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет