Бейсенбі, 28 Наурыз 2019 10:52

Қолөнер — еңбектің қайнар көзі

Қолөнер — еңбектің қайнар көзі mezet.kz

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі  жастар. Сіздер оларға қандай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп жалпы ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеген еді. Арқалаған аманатқа қиянат жасамау мақсатында Есік мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының ұжымы аянбай жан-жақты қызмет етуде. Соның айқын көрінісі – «Қолөнер – еңбектің қайнар көзі» атты аудандық іс-тәжірибелік семинар.

«Қазақстан қайта даярлау біліктілікті арттыру» курсынан келген Махмут Жәлелов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қайрат Әукен кезегімен сөз алып, жиынның нәтижелі өтуін тіледі. Іс-тәжірибелік семинарға аудандағы мектептерден технология пәнінің мұғалімдері келіп, оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Шәкірттердің шеберлігін, білімі мен еңбегін осы күні ұйымдастырылған көрмеден анық байқадық. Іскерлік, икемділік қабілеттерінің арқасында өз қолдарынан шыққан бұйымдарын көпшілік назарына ұсынған өнерлі өрендер ұстаздарының еңбегін ақтады. Шебер сыныптарда тігін бұйымдарымен киім тігу, терме бау тоқу, трикотажды жіптен дорба тоқу көрсетілсе, көркем жобалар осы семинарда көздің жауын алды.

 Алмагүл НҰҒМАН.

Read 158 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет