Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 05 Шілде 2018 15:04

«Әдемі-айдың» әдемі жеңісі

Елдіктің ерен жеңісі, Тәуелсіздіктің жемісі болған Елордамыздың 20 жылдығы қарсаңында «Street dance battle» жастар арасында би байқауы өтті жақында. Аудан орталығындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында жалауы желбіреген шараға 9 команда қатысты. Арасында Талғар ауданынан да үміткерлер бар.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Есік қаласы әкімі аппараты, аудандық жастар ресурстық орталығы және «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен өткен шара шымылдығын қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов құттықтау сөзімен түрді:

– Астана – ұлтымызды ұлы істерге ұйыстырар саяси сахнамыз. Шындығында, Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Көрмені қойып, әлемнің назарын өзімізге бұрғыздық. Бүгінге бас қаламызда өтіп жатқан көрмеге құрлық көз тігіп, қызыға да қызғана қарап жатқаны ақиқат. Осындай ғасырға бергісіз Егемендігіміздің 26 жылдығындағы ерен еңбек ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады, – деді.

Әр топ заманауи би байқауын барынша көрсеткісі келді сахнада. Алайда, хореографтар Ақбота Нұрақын мен Аида Ибрагимова және аудандық жастар ресурстық орталығының маманы, «Улыбка» би тобының түлегі Гаухар Абиырқызы кеткен кемшіліктерді ашып айтты.

Екі сағатқа созылған би жарысының қорытынды-сында орталық жетекшісі Айбек Ілебай және Жаңаберген Мұхамедов жеңімпаздарды салтанатты жағдайда марапаттады. Нәтижесінде есіктік «Көркем-ай» би тобы үшінші орынға табан тіреп, арнайы диплом мен музыкалық аппарат табыс етілді. Ал екінші орынға қаракемерлік «Гучи-лучший» би тобы, үздік бірінші орынға бәйдібекбилік «Әдемі-ай» тобы ие болды. Жеңімпаздар диплом мен түрлі-түсті теледидарға ие болды.

Байқау жастар би кешіне ұласты.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

Read 269 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама