Бейсенбі, 08 Тамыз 2019 09:58

«АЗАТТЫҚ РУХЫ – АЛТЫН АДАМ» республикалық байқауы. Республиканский КОНКУРС «ДУХ НЕЗАВИСИМОСТИ – ЗОЛОТОЙ ЧЕЛОВЕК»

«АЗАТТЫҚ РУХЫ – АЛТЫН АДАМ» республикалық байқауы. Республиканский КОНКУРС «ДУХ НЕЗАВИСИМОСТИ – ЗОЛОТОЙ ЧЕЛОВЕК» https://www.google.com/search?q=%D0%B0%D0%BB%D1%82%D1%8B%D0%BD+%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwiOrqjKsfLjAhWoxaYKHQb7CZkQ_AUIECgB&biw=1600&bih=757#imgrc=du7o0LbWzkbnrM:

Шығармашыл оқушылар арасындағы

«АЗАТТЫҚ РУХЫ – АЛТЫН АДАМ» республикалық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі РМҚК-нің ұйымдастыруымен «Азаттық рухы – Алтын адам» атты әдеби-тарихи республикалық байқауы өткізіледі.
Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, бабалар аманат етіп қалдырған қасиетті атамекеннің тарихын, мәдениетін тануға ықпал ету.
Байқау номинациялары: 
• «Азаттық рухы – Алтын адам» тақырыбына сурет салу;
• «Азаттық рухы – Алтын адам» тақырыбына ертегі немесе шығарма жазу;
• «Азаттық рухы – Алтын адам» тақырыбына өлең жазу. 
Байқаудың шарттары: 
Байқауға 8 бен 16 жас аралығындағы оқушы балалар үш топ бойынша қатыса алады: 
- (8-10 жас) – кіші топ;
- (11-13 жас) – орта топ;
- (14-16 жас) – жоғарғы топ.
Байқауға қатысу үшін өтінімді көрсетілген электронды мекенжайға жолдау керек This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Әдеби туындылар мен шығармалар электронды мекенжайға өтініммен бірге жолдануы тиіс. Шығармаларға қойылатын талаптар: Times New Roman шрифті, 14 кегль, беттің сол жағынан – 3 см, жоғары және төменгі жағынан – 2 см, оң жағынан – 1,5 см, жол арасы – бір интервал, көлемі 3 беттен аспауы керек.
Өлең жазу (поэзия) номинациясы бойынша байқауға қатысушы тақырыпқа сай бір өлең, еркін тақырыпта бір өлең жолдауы қажет. 
Сурет салу номинациясы бойынша жұмыстар А3 көлемде Қазпошта арқылы музейдің мекенжайына жолдануы керек.
Байқауға қатысушылардың жетекшілері «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына тіркелуі құпталады. 
- Instagram: https://www.instagram.com/issykmuseum/
- Facebook: https://www.facebook.com/issykreservemuseum/

Жұмыстар мен байқауға қатысу өтінімдері 2019 жылдың 1 шілдесі мен 11 қыркүйегі аралығында қабылданып, жеңімпаздардың есімі 16 қыркүйек күні жарияланады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінің күні мен орны қосымша хабарланатын болады.

Әр номинация бойынша әр топтан тек қана бір жеңімпаз анықталады. Жеңімпаздар арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Байқау қорытындысы туралы 2019 жылдың 16 қыркүйегінде қорық-музейдің сайтында және еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарияланады. Байқау турасында толық ақпаратты қорық-музейдің www.issykrm.kz сайтынан біле аласыздар. Үздік жұмыстар қорық-музейдің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады. Қатысушылардың жетекшілері арнайы қорық-музейдің алғыс хатымен марапатталады.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің мекенжайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі, Өрікті ауылы, Есік-Александровка тас жолы, 6,6 шақырым, құрылыс 2. Индекс: 040400
Байланыс телефондары: +7 (727) 306-91-30, +7 707 166 44 39.
Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Өтініш беру үлгісі

Қатысушының тегі, аты-жөні:
Жетекшісінің тегі, аты-жөні: 
Конкурсқа қатысу тілі (қазақша, орысша): 
Мекенжайы: (Облыс, аудан, қала, көшесі, индексі) 
Мектеп, сынып (толық атауы): 
Жасы: 
Байланыс телефоны: 
Электронды мекенжайы:

Ескерту! Өтінім электронды нұсқаcында қатесіз жіберілуі керек. Марапат қағаздары қатысушының өтінімде көрсеткен мәліметтері бойынша толтырылады. Қате толтырылғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді. Мұқият болыңыз! Байқауға жолданған жұмыстар кері қайтарылмайды!

 

 ПРАВИЛА КОНКУРСА «ДУХ НЕЗАВИСИМОСТИ – ЗОЛОТОЙ ЧЕЛОВЕК»

 

Министерство культуры и спорта Республики Казахстан и Государственный историко-культурный заповедник-музей «Иссык» проводят республиканский литературно-исторический конкурс «Символ независимости – Золотой человек».
Цель конкурса – воспитание подрастающего поколения в патриотическом духе на примере деяний наших предков, которые сформировали цивилизацию великих степей. 
Номинации конкурса: 
• Рисунок на тему «Символ Независимости – Золотой человек»;
• Сказка или сочинение на тему «Символ Независимости – Золотой человек»;
• Стихотворение на тему «Символ Независимости – Золотой человек».
Условия конкурса 
В конкурсе могут принять участие учащиеся в возрасте от 8 до 16 лет трех возрастных групп:
- (8-10 лет) – младшая группа;
- (11-13 лет) – средняя группа;
- (14-16 лет) – старшая группа.
Заявки на участие в конкурсе необходимо отправить по адресу This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Работы литературных номинаций также отправляются на электронную почту вместе с заявкой. Требования к текстам: шрифт Times New Roman, кегль 14, разметка страницы: слева – 3 см, справа – 1,5 см, верхняя и нижняя – 2 см, интервал-одинарный, объем – не более 3 страниц.
В номинации «стихотворение» необходимо представить два стихотворения – одно по теме конкурса, другое – на свободную тему.
Работы в номинации «рисунок» должны быть выполнены в формате А3 и отправлены на адрес заповедника-музея через Казпочту.
Каждому руководителю необходимо подписаться на страницы заповедника-музея в социальных сетях:
- Instagram: https://www.instagram.com/issykmuseum/
- Facebook: https://www.facebook.com/issykreservemuseum/

Заявки и работы будут приниматься с 1 июля по 11 сентября 2019 года, победители конкурса будут объявлены 16 сентября 2019 года. Время и место проведения церемонии награждения победителей будет объявлено дополнительно.

В каждой номинации будет определен только один победитель в каждой возрастной группе. Победители будут награждены денежными призами и дипломами. 
Результаты конкурса будут опубликованы 16 сентября 2019 года на сайте заповедника-музея и в средствах массовой информации. Информацию о конкурсе можно найти на официальном сайте заповедника-музея www.issykrm.kz. Лучшие работы будут опубликованы на официальном сайте и страницах заповедника-музея в социальных сетях. Всем учителям, указанным в качестве руководителей заявок, будут выданы благодарственные письма участника конкурса.

Адрес государственного историко-культурного заповедника-музея «Иссык»:
Алматинская область, Енбекшиказахский район, Рахатский сельский округ, село Орикти, трасса Есик-Александровка 6,6 км, строение 2. Индекс: 040400
Контактные телефоны: +7 (727) 306-91-30, +7 707 166 4439
Электронная почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Форма заявки

Ф.И.О. участника: 
Ф.И.О. педагога-руководителя: 
Язык заявки (казахский, русский): 
Адрес: Область, город, район, улица, индекс 
Школа, класс: 
Возраст:
Контактные телефоны: 
Электронный адрес:

Внимание! Заявка в электронной версии должна быть представлена без ошибок. Дипломы заполняются, исходя из предоставленной информации в заявке участника. Будьте внимательны! Работы участников не рецензируются и не возвращаются!

Read 45 times

Күнтiзбе

« Тамыз 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет