Бейсенбі, 03 Тамыз 2017 12:21

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі оқуға шақырады!

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі - Алматы облысындағы орта буын мамандар даярлайтын жетекші оқу орындарының бірі. Өзінің елу жылдық тарихында оқу орны 20 мыңнан астам мамандар даярлап шығарды.

Алматы облысы әкімінің 2009 жылғы 7 мамырдағы №86 Қаулысымен “Есік педагогикалық колледжі” мемлекеттік қазыналық кәсіпорны “Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі” болып қайта құрылды.

Колледж «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік тәрбие беру пилоттық режимінде жұмыс істейді.

2015 жылы INSAM Жоғары бизнес және басқару институтының (Швейцария) жүргізген аналитикалық зерттеу қорытындысы бойынша «Ең үздік білім беру мекемесі» болып табылып, «Золотая Сова» халықаралық құрмет сыйлығына ие болды. «Музыкалық білім беру» мамандығының оқытушылары мен студентерінен құралған қазақ ұлт аспаптар оркестріне 2015 жылы «Халықтық» атағы берілді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық бизнес-рейтингтер одағының жүргізген сараптамалық зерттеу қорытындысы бойынша кәсібилікке негізделген экономиканың жаңа типін қалыптастыратын кәсіпорын ретінде Алматы облысының кәсіпорындары ішінде Алтын рейтинг тізімінде жүлделі І орынға ие болып, «Сала көшбасшысы – 2016» ұлттық сертификатын иеленді.

2016 жылы облыстық «Үздік кәсіптік білім беру ұйымы» атты байқауында облыс әкімінің І дәрежелі дипломымен марапатталды. Облыстық «Үздік әдіскер – 2016» байқауында ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Колледждің оқу-материалдық базасы айтарлықтай нығайып, барлық оқу кабинеттері, зертханалар, мәжіліс және спорт залдары, медпункт бүгінгі күннің талабына сай жаңа технологиялық, ақпараттық құралдармен, оқу жиһаздарымен жабдықталған. 47 оқу кабинетіне 30 интерактивті тақта мен мультимедиялық проектор орнатылып, оқушылардың электрондық оқу бағдарламаларымен, оқулықтармен жұмыс істеуіне, ғаламтор деректерін пайдалануына толық мүмкіндік алған. 400 орындық жатақханада студенттердің тұрмысы мен демалысына барлық жағдайлар жасалған.

Халықтың тұрмыс жағдайы мен әл-ауқаты ескеріліп, оқуға ақылы негізде қабылданған студенттердің оқу ақысына тек оқытушылардың жалақысынан тұратын ең төменгі төлемақы белгіленіп отыр.

Егер сіз заман талабына сай еңбек рыногында бәсекеге қабілетті, өз болашағыңызға нық сеніммен қарайтын білікті маман боламын десеңіз, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіне оқуға келіңіз !

 

Колледж төменде аталған мамандықтар бойынша талапкерлер қабылдайды:

Мамандық 0105000 – “Бастауыш білім беру”

Біліктілігі:

0105013 – “Бастауыш білім беру мұғалімі”

Оқу түрі – бюджет және ақылы ( күндізгі, сырттай)

0105033 – “Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі”

Оқу түрі – бюджет және ақылы (күндізгі)

Оқу мерзімі 9 сынып – 3 жыл 10 ай

11 сынып 2 жыл 10 ай

Мамандық 0111000 – “ Негізгі орта білім беру ”

Біліктілігі:

0111013 – «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»

Оқу түрі – ақылы ( күндізгі)

Оқу мерзімі 9 сынып 3 жыл 10 ай

11 сынып 2 жыл 10 ай

0111023 – «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі»

Оқу түрі – бюджет (күндізгі)

Оқу мерзімі 9 сынып – 3 жыл 10 ай

011105 3 - «Өзін-өзі тану мұғалімі»

Оқу түрі – бюджет және ақылы ( күндізгі, сырттай)

Оқу мерзімі 9 сынып – 3 жыл 10 ай

11 сынып – 2 жыл 10 ай

Мамандық 0101000 – “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту”

Біліктілігі:

0101013 – “Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі ”

Оқу түрі – бюджет, ақылы (күндізгі, сырттай)

Оқу мерзімі 9 сынып – 3 жыл 10 ай.

11сынып – 2 жыл 10 ай

Мамандық 0108000 – “Музыкалық білім беру”

Біліктілігі:

0108013 – “ Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка пәнінің мұғалімі ”

Оқу түрі – бюджет (күндізгі)

оқу мерзімі 9 сынып – 3 жыл 10 ай.

Мамандық 0510000 – ”Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану” ( қолдану аясы және салалары бойынша)

Біліктілігі:

0510023 – “Іс қағаздарын жүргізуші”

Оқу түрі – ақылы (күндізгі)

Оқу мерзімі 9 сынып 2 жыл 10 ай

Мамандық 0512000 – “Аударма ісі”(түрлері бойынша)

Біліктілігі:

0512013 – “Аудармашы”

Оқу түрі – ақылы (күндізгі)

Оқу мерзімі 9 сынып – 2 жыл 10 ай

Мамандық: 0103000 – “Дене тәрбиесі және спорт”

Біліктілігі:

0103023 – “Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі”

Оқу түрі – бюджет, ақылы ( күндізгі, сырттай)

оқу мерзімі 9 сынып – 3 жыл 10 ай

11 сынып –2 жыл 10 ай

Мамандық 0511000 – “Туризм” (салалары бойынша)

Біліктілігі:

0511043 – «Менеджер»

Оқу түрі – ақылы (күндізгі)

Оқу мерзімі 11 сынып - 2 жыл 6 ай.

Мамандық 0507000 – “Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру”

Біліктілігі:

0507063 – “Қызмет көрсетуші менеджер”

Оқу түрі – ақылы (күндізгі)

Оқу мерзімі 11сынып – 2 жыл 6 ай

Мамандық 1304000 - “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету”(түрлері бойынша)

Біліктілігі:

1304043 – “Техник - бағдарламашы”

Оқу түрі – ақылы (күндізгі)

Оқу мерзімі 9 сынып – 3 жыл 10 ай

11 сынып – 2 жыл 10 ай

Мамандық 0518000- ”Есеп және аудит”(салалар бойынша)

Біліктілігі:

0518023 – “Бухгалтер-ревизор”( аудитор)

Оқу түрі – ақылы (күндізгі)

Оқу мерзімі 9 сынып 2 жыл 10 ай.

Барлық мамандықтар бойынша оқу оқудың күндізгі және сырттай формаларында, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

Мекен-жайымыз: Алматы облысы, Есік қаласы, Абай көшесі, 320 үй. Байланыс телефондары: 8 (727-75) 7-32-00, 7-32-32

Қаралды 399 рет
Толығырақ бұл категорияда: « ДОСТАВКА ГАЗЕль Продам выкупленный КХ »
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама