Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Елбасы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қазіргі таңда кең көлемде қолдау тауып, жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап бергені мәлім. Аталмыш мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндеді. Жастарымыз халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор. Шынайы бақыттың шуағына оранған Еңбекшіқазақ ауданы бүгінгі таңда тұмса табиғаты мен тереңге бойлаған тарихымен ерекшеленген «Алтын адамның» киелі мекені. Сонымен қатар, бүгінде ынтымағы…
Дүйсенбі, 13 Мамыр 2019 16:30

В АВАТЕ ПОСАЖЕНО 1800 ДЕРЕВЬЕВ

В селе Ават Енбекшиказахского района, Алматинской области прошла акция по посадке деревьев в рамках программы «Рухани жаңғыру»: под названием «Ауылым жасыл өлкем». Как отметили организаторы мероприятия на текущий год запланирована посадка более 3000 деревьев. На сегодняшний день в течении апреля месяца при поддержки местных предпринимателей, молодежью округа и жителями села было посажено 1800 различных видов деревьев. Саженцы деревьев были посажены на берегу реки Талгар протекающей вдоль улицы названной в честь ветерана ВОВ Маматьяра Мансурова. Цель мероприятия привлечение молодежи округа в работу по озеленению села, призыв молодежи к бережному отношению к природе и ее охране. В будущем посаженные деревья не только…
Жұма, 26 Сәуір 2019 15:26

Жол ережесін сақтаңыз!

Қазіргі таңда аудан орталығы Есік қаласында көліктер саны жылдан жылға көбейіп келеді. Сондықтан жүргізушілер мен жаяу адамдар, оның ішінде мектеп оқушылары көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Осы мақсатта аудандық жастар ресурстық орталығы, Рахат №1 орта мектебі және аудандық полиция басқармасы бірлесе жолда жүру ережесін сақтауға, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметін түсіндіріп, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу мақсатында «Қауіпсіз жол» тақырыбында акция өткізді. Шараға аудандық жергілікті полиция қызметінің жол патрульдік полиция лейтенанты Дархан Танабаев пен полиция капитаны Ернұр Әубәкіров, аға лейтенант Дарын Жапарбекұлы мен аға лейтенант Руслан Айсаев, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Айжан Әбіт, Рахат…
Жұма, 26 Сәуір 2019 15:05

«Түнгі қаладағы балалар»

Бүгінгі бала – ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азамат, жарқын келешек кепілі. Сондықтан оны тәбиелеуде ата-ана ғана емес, ұстаздарынан бастау алған қоғамдық ортаның атқарар рөлі зор. Осындай жауапты іс полиция қызметкерлеріне де жүктелген. Жақында облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің нұсқауына сәйкес Есік қаласында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел профилактикалық шара өткізді. Жасыратыны жоқ, қазір-гі таңда түн мезгілінде жасөспірімдер көше кезіп, ойын-сауық орталықтары мен компьютер клубтарынан табылады. Оған қоса, спирттік ішімдіктер ішіп, темекі тұтынады. Осындай бассыздыққа тосқауыл болу және алдын алу мақсатында құрылған жұмыс тобы үш күн бойы аудан орталығындағы мекемелерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Беймезгіл уақытта балалардың кө-шеде, қоғамдық орындарда…
Бейсенбі, 18 Сәуір 2019 12:01

Үздік жастар марапатталды

Жуырда Есік гуманитарлық-экономикалық коллед-жінде жастар жылына орай салтанатты іс-шара өтті. Шара мақсаты айқын: шыншыл мінезді, пейілі дархан, ерен еңбекқор, ойы өткір жастарды қолдау. «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер». Н.Назарбаев. Ашылуында алғаш боп сөз алған Есік қаласы әкімінің орынбасары Досжан Сейдахметов: – Жастың қуаты білімі мен білігінде. Біз бабалардан мирас болған атамекеніміздің тірегіміз. Бүгінде Қазақстан тұрмысы шалқып, түтіні түзу ұшқан бақуатты мемлекетке айналды. Бүгінгі жастар –ертеңгі кәсіби…
Бейсенбі, 18 Сәуір 2019 11:46

Облыстық рейтингте екінші

Биылғы жылға қойылған межелер – жоғары. Жастарды жұмыспен қамту, маргиналды жастарды қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша аудан жастарымен жүйелі жұмыстарды жандандыру. Қазақстанның өткенін бағалайтын, бүгінгі күні батыл қимылдап, келешекке сеніммен қарайтын табысты азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру бағытында аянбай еңбек етеміз. Осы бір сәтте мына оқиғаны айтып өткенді жөн деп отырмын: Бір күні әлде кім Әбу Наср әл-Фарабиге тамаша болып толыса піскен алманы көрсетіп, сауал қойыпты: «Осы алманың бітім-болмысындағы жақсы қасиет не? Түсі ме, шырыны ма, дәмі ме, әлде бітімі ме?» Сонда әл-Фараби: «Бәрінен де оның ұрығы тамаша. Өйткені, осы алманың өзі сол ұрықтан өсіп шыққан және…
Бейсенбі, 18 Сәуір 2019 11:13

Мақал – сөздің мәйегі

Ұлттық тәрбиенің өзегі, бабаларымыздың заманалар бойы жинаған даналығының інжу-маржандары, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – мақал-мәтел. Ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі тіліміздің байлығын, халқымыздың кемеңгерлігін көрсетеді. Бабадан қалған асыл мұрамызды шашауын шығармай, шашпай-төкпей келер ұрпаққа жеткізу – абыройлы міндетіміз. Осы мақсатты ту еткен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде аталмыш тақырыпта оқушылар арасында аудандық байқау өтті. Сайысқа өңір-өңірден барлығы 48 бала қатысты. Ойыншыларға әділ бағасын беріп, сөз саптауын, терең білімін қадағалау үшін Түрген ауылындағы М.Ломоносов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Эльмира Нүсіпжанова, А.Жексембеков атындағы орта мектептің қазақ тілі…
Бейсенбі, 04 Сәуір 2019 20:22

«100 жаңа оқулық» — ұрпақ болашағы

Қазақ Елі Тәуелсіз ел болып 28 жыл арайлы таң атып, егемендіктің арқасында толағай табыстарға қол жеткізуде. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес», – деген болатын. «Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек». Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.…
Бейсенбі, 04 Сәуір 2019 19:51

Түлектерге тағы бір мүмкіндік

Ұлттық бірыңғай тест – қиялдың қиясынан көріне салған жоқ. Әлемдік тәжірибеден түгенделіп, замана тезінен өткен маңызды стратегиялық мәселе. Яки, ел болашағын бағамдап, ұлтымызды ұлы істерге бастайтын ұрпақ білімін сарапқа салу. Бұл ретте енді қаңтар, наурыз, маусым-шілде және тамыз айларында мектеп бітірушілер ұлттық бірыңғай тест тапсыруға құқылы. Әлбетте, маусым-шілде айларындағы ҰБТ-да ғана мемлекеттік грант сараланады. Қалған үш тапсырылымда бағын сынаған үміткерлер шекті балдан жоғары алса, еліміздің кез келген оқу орнының ақылы бөліміне түсуге құқылы, сондай-ақ, тесті де ақылы негізде тапсырады. Тест тапсыру құны – 2242 теңгені құрайды. Сонымен 27, 28, 29 наурыз аралығында Райымбек батыр атындағы орта мектепте 1929 түлек білімін…
Бейсенбі, 28 Наурыз 2019 10:44

Салт-дәстүрлер дәріптелді

Көктөбе орта мектебінің кітапханасында Ұлыстың ұлы күніне арналған ұлттық салт-дәстүрді дәріптеген шара ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушылардың ой-сезімін қалыптастырып, адамгершілік рухта тәрбие беруге атсалысу. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтеуге баулу. Мектеп кітапханашылары Баян Жатқанбаева мен Майраш Мерзагулова өткізген шарадан оқушылар танымдарын кеңейтіп, сұрақтарына жауаптарын алды. Концерт ұйымдастырылып, салт-дәстүрлер көрсетілді. Венера Мундиярова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Қ.Ұлтарақов ауылында Наурыз тойы тойланды. Әр мекеме қазақ үй тігіп, «Ұлыстың ұлы күні қазан толса, сол күні ақ мол болар» деген ниетпен наурыз көже пісірілді. Тұрғындар мәре-сәре болып, жасы да, үлкені де наурыз көжеден дәм татты. Қ.Ұлтарақов ауылдық округінің әкімі Ертай Сұлтанәліұлы, орынбасары Қуат Бекешұлы,…
Page 1 of 7
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама