Бейсенбі, 22 Қараша 2018 16:58

Ерін құрметтеген ел озады

Халқымыз ежелден-ақ қаһарманына құрмет көрсетіп, ұрпағына үлгі ете білген. Сол дәстүрді жалғастырып, Көктөбе орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Әсет Жанысбаевтың ұйымдастыруымен Гиннестің рекордтар кітабына енген, халықаралық спорт шебері, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ардагері, халық арасында «Жан ата» деген атпен танылған Иван Ивановпен, Ұлттық ұланның запастағы полковнигі Ерлан Алданазаров және Қаракемер ауылындағы Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Руслан Оспановпен кездесу өтті. Мақсаты – қазіргі заман батырларын өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, Отан сүйгіштікке, елжандылыққа баулу, ерлікке шақыру, спортқа қызығушылығын арттыру болды. Кешке аудандық білім бөлімінің дене шынықтыру және АӘД пәндерінің әдіскері Қайрат Әукен, мектептің ардагер ұстазы Айша…
Бейсенбі, 22 Қараша 2018 16:14

ТАБЫСТЫ БОЛУ – ЕҢБЕКТЕН

Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші – жастар екендігі ақиқат. Еліміз егемендігін алып, етек жиған сәттен бастап Елбасымыз жалынды жастарға жанашырлық танытып, қажет сәтте қамқорлық көрсетіп келеді. Дегенмен, бүгінге дейін күрмеуі шешілмей келе жатқан күрделі мәселелерді де жоққа шығара алмаймыз. Мемлекет басшысы тұтастай бір жылды «Жастар жылы» деп атауының өзі аса маңызды қадам деп білемін. Жастардың түрлі жобаларды жүзеге асыруына, жоғары оқу орнын бітіріп, жұмысқа орналасуына, кәсіпкерлікпен айналысуға, саламатты өмір салтын ұстануға бағытталған жұмыстар жан-жақты жетіледі деген сенім зор. Жұмысымның басым бөлігі шығармашылық бағытта болғасын, креативті ойлауды мақсат тұтқан жастың бірі ретінде білімді жетілдіру үшін қолжетімді, бағасы тиімді бағдарламалардың, әсіресе,…
Бейсенбі, 15 Қараша 2018 17:45

Жастар жылынан не күтеміз?

Елбасы өз жолдауында: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек», – дей келе, жастардың шығармашылығын, тұрмысы мен әл-ауқатын арттыру мақсатында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осы тұста облыс әкімінің «Көшбасшы 2018» жастар сыйлығына ауданымыздың атынан үміткер жандардан келер жылдан қандай өзгеріс күтетіндігі туралы бірауыз пікірін білдік. Қайсар Асқарұлы. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы. «Жас мемле-кеттік қызметкер» номинациясы бойынша үміткер: Ұлт болашағы білімді жас пен білікті ұрпақтың қолында. Әрбір адам «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін»…
Бейсенбі, 15 Қараша 2018 16:24

Волшебный танец ансамбля «Санам»

3 ноября в г. Семей прошел третий республиканский конкурс «Фестиваль искусств». Участниками конкурса стал и танцевальный ансамбль «Санам» из села Ават, которым руководит хореограф Жанна Ахметова. Ансамбль Жанны Таиржановны выступил с ошеломляющим успехом, покорив талантом и мастерством исполнения жюри и зрителей. Танцовщицы из «Санам» «взяли» не только 1-е и 2-е места, но также были удостоены главной номинации конкурса – «Гран-при». Хотим поздравить ансамбль «Санам» и его руководителя с заслуженной наградой и пожелать им новых творческих побед. Бибинур ХАЙВАДУЛЛАЕВА, инструктор по работе с молодежью акимата Аватского сельского округа, член молодежного крыла «Жас Отан».
Бейсенбі, 31 Мамыр 2018 10:51

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Жас жеткіншектердің ойы мен бойын толыстырған тағы бір жыл тәмамдалды. Сол себепті 800-ге жуық оқушының алтын ұясына айналған Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте соңғы қоңырау салтанатты жағдайда соғылды. 40 түлек мектебімен қимай қоштасты. Арасында самбо күресінен Азия чемпионы Гульнаст Нурдунова да бар. Бала кезінен ер мінез, ширақ қимыл иесі атанған қырмызы қызды Леонид Орлов танып, өзінің қамқорлығына алған. 10 жастағы Гульнаст сол сәттен бастап түрлі турнирлерде топ жарған. Содан сындардан сүрінбеген бойжеткен Монғолия елінде өткен Азия чемпионатының финалынды сол елдің балуанын жеңіп, көк Туымызды көкке көтеріп, Гимнімізді шырқады. Болашағынан үміт күттіретін чемпионды мектеп бітіруімен арнайы құттықтай барған дене шынықтыру және сауықтыру…
Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:11

Оқу грантын алды

Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Жергілікті басқару» факультетінің грантын алған Тимурбек өз қуанышымен бөлісті: – Білек емес, білім жарыстыратын заманда тегін оқуға қол жеткізу оңай емес. Алайда менің бағыма осынау зор құрмет бұйырып отырғаны үшін ел тізгінін ұстаған ағаларыма алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта сапалы білім алып, білікті кадр атанғым келеді», – дейді. Иә, Тимурбек оқыған Түргенде Д.Қонаев атындағы орта мектепті 29 түлек тәмамдады. Олардың 18-і ҰБТ-ға қатысты. Нәтижесінде, 11-і білім грантына ие болды. Айтып өтейік, берекелі білім ордасынан 4 «Алтын белгі», 1 үздік аттестат иегері шықты. Өз тілшіміз.
Есік қаласындағы «Шапағат» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндері жағымды жаңалықтарымен қуантты. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған қашықтықтан өткізілген «EXPO-2017» байқауына түрлі номинация бойынша қатысқан балалар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, Алдияр Сейтжан қатысқаны үшін сертификатпен марапатталса, Арлан Ахметжан мен Асель Жанетханқызы ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды. ІІ дәрежелі дипломды Іңкәр Сабыр, Саят Нұрғат, Дильмухамед Төлепберген жеңіп алды. Ал Айзере Қайнарқызы І дәрежелі дипломмен үздік шықты. Талантты балғындардың тәрбиешілері – Қымбат Дайыр, Даметкен Сактаганова, Нұрия Бердирахманова, Элмира Қасқырбаева, Айкен Масимгазиева алғыс хаттармен марапатталды. Балақайларды жеңістерімен құттықтаймыз! Қамажай ЕРКЕБАЕВА.
Саяхат барысында оқушылар алма ағашының заманауи, жаңа технологиямен өсірілетінін, көлемі аз жерден көп өнім алуға болатындығына көз жеткізді. Бас агрономның айтуынша, мұндай бақтардың көлемі артып, төңірекке алманы өңдейтін завод ашылады, яғни келешекте агроном, технолог, тракторист-машинист мамандары қажет. Осылайша, оқушылар да болашақта қандай мамандық иелеріне сұраныстың жоғары болатынын біліп қайтты. Бұл сая-хат оқушылар үшін «Болашаққа бағдар» болады деп сенемін. Гүлнар Тұрсынбек, Қаратұрық ауылдық округініңжастар ісі жөніндегі нұсқаушысы.
Бала-лардың демалысының жан-жақты талапқа сай болуы үшін жұмыс жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес түрлі мәдени, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.Балалардың өз Ота-нын, елін сүюге тәрбиелеу мақсатында «Алтын адам» мұражайына саяхат жасап, өлкенің тарихымен танысты. «Солнышко» тобының жетекшісі Ф.Ш Тамазова оқушылармен қызықты ойын түрлерін және салауатты өмір салтын насихаттау үшін спорттық жарыстар өткізді. Барлық іс-шараларға балалар қызығушылықпен қатысты. Оған қоса, мектеп кітапханасына саяхат ұйымдастырылып, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алысты. Ауыл маңына серуен құрған балалар табиғат аясында да әңгіме-сұхбат өткізді.Топ жұмысының қорытындысы ретінде ата-аналармен «Менің баламның демалысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ата-аналар пікірлерін білдіріп, алғыстарын айтты. П.Мамирова,«Төле би атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын…
Лагерьде 2 мектеп алды даярлық тобы, 1-4 сынып оқушылары, барлығы 100 бала демалды. Еңбек практикасына 5-10 сынып оқушылары, барлығы 81 бала көгалдандыру жұмысына қатысты.«Біз бақытты баламыз!» тақырыбында іс-шара өткізіліп, оқушылар лагерь қауіпсіздік ережелері мен танысты. 1-4 сынып оқушылары біркүндік Алматы қаласындағы мұра-жайларға экскурсияға және табиғатқа саяхатқа шықты. Лагерь тәрбиешілері Д.Бекмухаметова мен С.Нургазиева «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында кітап оқу жарысын өткізіп отырды. Мақсаты – балалардың сөйлеу мәнерін дамыту, түсініп оқи білуге дағдыландыру. Оған қоса лагерь тәрбиешілері мен пән мұғалімдерінің ұйымдас-тыруымен «Білгенге-маржан», «Книга спрашивает – книга отвечает», «Жолың болсын, балақай!», «Actions song», «Кем быть?», «Аппликациялық жұмыс», «Where is it », «Ойнайық та…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет