Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 29 Қараша 2018 15:58

Ырыс пен сұлулық – күз белгісі

Ырыс пен сұлулық – күз белгісі mezet.kz

  Күз – молшылық пен берекенің, ырыс пен несібенің, махаббат пен сезімнің мезгілі. Адамдар бір-біріне ерекше іңкәрла-нып, романтикалық сәттер көп болатын кезең. Аталмыш маусымның кереметін сезіндіру мақсатында жуырда аудандық жастар ресурстық орталығының ұйым-дастыруымен Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде «Ырыс пен сұлулық – күз белгісі» атты жұптар байқауы өтті.

  Алдымен шымылдығын «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Айбек Ілебаев құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қара қылды қақ жарып төрелігін көрсеткен әділ қазылар алқасы құрамында Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениеті үйінің әдіскерлер бөлімінің меңгерушісі – Бектұр Мұхаметалиев, ақын, әнші – Есендос Асубай мен аудандық жас-тар ресурстық орталығының жетекшісі – Айбек Ілебай болды. Сайыста 11 жұп өнерлерін ортаға салды. Соңғы кезеңде танымал ғашықтардың кейіпкерінің рөлін сомдап, 3 кезең бойынша бақ сынады.

  Нәтижесінде, төрешілердің шешімімен жүлделі І орынды Рахат ауылдық округінің намысын қорғаған Джимми мен Рита жұбы қанжығасына байласа (суретте), ІІ орынды Түрген ауылдық округінен Клеопатра мен Антонио жұбы, ІІІ орынды Асы ауылдық округінен келген Алпамыс пен Гүлбаршын иеленді. Қатысушылардың барлығына алғыс хаттар табысталып, жүлдегерлер арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  Сайыс соңында Кеңес Одағының батыры Төлен Қабылов атындағы орта мектептің ұстазы Гүлдана Елеуова жастарға шабыт сыйлайтын, тәлімі мол сайыстар көптеп ұйымдастырылса деген тілегін білдіріп, барша ұжым мен шәкірттерінің атынан алғыс білдірді.

 

Жансая ЫСҚАҚ

Read 45 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама