Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Жұма, 21 Желтоқсан 2018 15:29

Құқығыңды біл де, жемқорлыққа жол берме!

Құқығыңды біл де, жемқорлыққа жол берме! mezet.kz

   Жуырда Рахат №1 орта мектебінде аудандық және мектеп кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен «Жастар және жемқорлыққа қарсы мәдениет» атты азаматтық форум болып өтті. Шараға аудандық кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін қарайтын инспектор Шухрат Назаров, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, имам Сұлтан Кәрібаев, аудандық әділет департаментінің заңгері Руслан Бекетов және тарих, құқық пәндерінің мұғалімдері, жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

   Оқушыларға адам құқықтары туралы түсінік беруді көздеген форумда жемқорлықтың қалай, қашан пайда болғаны және оның жалпы мемлекетке келтіретін зардабы жайлы айтылды. Көкейде туындаған сұрақтарын ортаға салған жастар әр бағыт бойынша тұщымды жауаптарын алды.  Елбасы сөзімен айтсақ: «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы біртұтас майдан болып шығуымыз қажет» деген қорытындыға келген форумға қатысушылар жемқорлықпен ымырасыз күресу арқылы ғана алға қойған мақсатқа қол жеткізуге болатынын түсінді.

  Сонымен қатар, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Ұлы даланың ғажап сырлары» тақырыбында медиатаным өткізді аудандық кітапхана кітапхана-шысы Г.Саурықова. Оқушылар да аталған мақаланы талқылауға қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Алмагүл НҰҒМАН.

Read 48 times

Күнтiзбе

« Қаңтар 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама