Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 31 Қаңтар 2019 14:43

Жас келсе – іске!

Жас келсе – іске! mezet.kz

Мемлекет басшысының ұсынысымен 2019 жыл – Жастар жылы деп жарияланғаны баршамызға мәлім. Елбасы Астана қаласында салтанатты түрде Жастар жылын ашты. Аталмыш шараның көрсетілімін «Хабар» ұлттық телеарнасынан онлайн түрде көріп таныстым. Бұл шара – еліміздің барша жастарын бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар сая-сатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Биыл қоғамның маңызды бөлігін құрайтын жастарға кең мүмкіндік берілетіні сөзсіз.

Cебебі, аталмыш шарада еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, Жастар жылында қыруар жұмыс-тардың жүргізілетіндігі айтылды. Нақтырақ тоқталсақ, Елбасы айтқан мәселелер: «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге берілетін несиені 2 есеге арттыру; Урбанизацияға байланысты ауыл-            дан қалаға ағылып келіп жатқан жас-тармен жұмыс жүргізу, ауылшаруашылық саласында қызмет жасайтын жастарға қолдау көрсету және «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қарқынды жүргізілуі; «Студент жасақтары», «Еріктілер» жұмыс-тарын жандандыру; Әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша «Жас сарбаз» қозғалысын жүргізу; Туризм және төл мәдениетімізді насихаттау және қарттарға жастар қамқорлығын көрсету. Одан бөлек, пәтерден пәтерге көшіп, «табан тоздырып» жүрген жас мамандар мен жас отбасылардың баспаналы болуы; «Екі қолға бір күрек таппай» көше кезіп жүрген жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтылуы сынды маңызды жұмыстардың жүргізілуі, нақты жастар мәселелерінің шешілуі жүзеге асатындығы айтылды.

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір замандастарым арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері баршылық. Түрлі жаңа технологияның игіліктерін біліп, көріп жүрген де солар. Инновациялық жобаларды халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатыстырып, арнайы грант ұтып алған жастар көп. Ал оны ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға қаржылық қолдау қажет. Осы бойынша мемлекет тарапынан озық идеяларға, ұтымды жобаларға арнайы қаржы қарастырылып, жүзеге асуына мұрындық болатынын Елбасы атап айтты. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болуға лайықты.

Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ендеше, Жастар жылы – жастарға арналуы керек. 2019 жыл – жалаң сөз, жаттанды дүниеге құрылмай, жастардың нақты түйткілдерін шешетін жыл болғай!

 

Сұлтан Тойғанбай,

Еңбекшіқазақ ауданының жастар

ресурстық орталығының маманы.

Read 94 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама