Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 31 Қаңтар 2019 14:47

Бізге зор мүмкіндік!

Бізге зор мүмкіндік! mezet.kz

Нұрсұлтан Әбішұлының үстіміздегі жылды жастар жылы деп атауының бірден-бір себебі – ол болашағымыз жастардың қолында екендігінің бір дәлелі іспеттес. Елордамыз Астана қаласында Елбасы жас қазақстандықтармен кездесіп, ашық сұхбаттасып, Жастар жылының ашылу рәсімін өткізді.

Ашылу рәсімінде жастар саясатының барлық бағыттары қамтылды. Бұл жылда ғалым мен өнертапқыш жастарға үлкен қолдаулар көрсетілетіндігін Елбасы айтып өтті. Сонымен қатар, ауыл жастарын еңбекке тарту, олардың бос уақыттарын тиімді етіп үйлестіру де әңгімеге арқау болды. Статистикалық мәліметке сүйенсек, ауданымызда қазіргі таңда 56046 жас бар. Олардың оқумен және жұмыспен қамтылуын, заман талабына сай ғаламтор мен аула клубтарымен қамтамасыз етілуін қадағалау – жастар жылында атқарылатын бір игі іс болмақ. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының уақыты ұзартылып, бұл бағдаламаға бөлінетін қаржы көлемі екі есеге көбейсе, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы ауылға жұмысқа орналасушы жастарға көмек, қолдау көрсету мақсатында және  ауылды көркейту  барысында көшіп барғаны үшін жас маманның жәрдемақысы 70 айлық есептік көрсеткіш болса, соны 100 айлық жәрдемақыға көтеру керек» деді өз сөзінде мемлекет басшысы. Баршамызға мәлім, Еңбекшіқазақ ауданының негізгі табыс әрі күнкөріс шаруашылығы ол – ауыл шаруашылығы. Елбасы жастар жылының ашылуы салтанатында жастарды ауыл шаруашылығына баулу мәселесіне де тоқталған болатын. Ауданымызда ауыл шаруашылығымен айналысатын жас мамандар мен жас кәсіпкерлер де жетерлік. Ал біздің мақсат – оларға қолдау көрсете отырып, жұмыстарын басқа да жастарға насихаттау. Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас-тамасымен 2018 жылы ауданымызда «Жалын»  студенттік жасағы құрылып, қазіргі таңда өз жұмыстарын жүйелі түрде атқаруда. Әзірше аудандағы кәсіптік білім беретін екі колледжде ғана құрылды. Алдағы уақытта, яғни Жастар жылында басқа да колледж студенттері арасында жалындықтармен жұмыс  қолға алынбақ.

Біз, Жастар, Елбасының салиқалы да сарабдал саясатының негізінде өз жұмысымызды жандандыра отырып, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының Жастарға артқан сенімін мүлтіксіз, абыроймен ақтауға уәде береміз!

Айжан Әбіт,

Еңбекшіқаазақ ауданының жастар

ресурстық орталығының маманы.

Read 31 times

Күнтiзбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама