Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 07 Ақпан 2019 15:39

Қаңтардағы сынақ көпке сабақ

Қаңтардағы сынақ  көпке сабақ https://www.google.com/url?sa=i&source=images&cd=&cad=rja&uact=8&ved=2ahUKEwjSjNXjqqngAhUBjiwKHXsSB_AQjRx6BAgBEAU&url=http%3A%2F%2Farsu.kz%2F&psig=AOvVaw0U2daZp3Yv-kxnOteUEgFy&ust=1549618945971237

Жуырда Есік қаласындағы Райымбек батыр атындағы мектепте орналасқан ұлттық бірыңғай тест өткізу пункінде (ҰБТӨП) Еңбекшіқазақ және Талғар аудандары мектептерінің техникалық хатшыларымен және аталған екі ауданда орналасқан колледждердің бітірушілерімен жұмыс  атқаратын өкілдерімен ақпараттық жиын өткізілді. Жиында 2018-2019 оқу жылындағы «ҰБТӨП базасы» деректер базасын қалыптастыру және наурыз айында өткізілетін ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу туралы мәселелер қарастырылды. ҰТО-ның Есік қаласындағы филиалының басшысы К.Қасымова  аталған мәселелер бойынша толық мағлұмат берді.

Бұл жүйе мектеп бітірушілерге берілген зор мүмкіндік. Әйткенмен мемлекеттік грант сарапқа түсетін сәт – маусым-шілде айларында өтеді. Ал қаңтар немесе наурызда тест тапсыру – маусым-шілдеде бағын сынауға шектеу болмайды.

Жиынға қатысқан Еңбекшіқазақ ауданық білім бөлімінің маманы, мемлекеттік комиссия мүшесі  А.Тортаева  қаңтарда өткізілген ҰБТ-ның мектеп бітірушілерге өте жақсы сабақ болғанын, наурыз айындағы тестке бітірушілердің мүмкіндігінше толық қатысып, өз білімдерін тексеріп көруіне  ешкімнің шек қоюға құқығы жоқ екеніне тоқталды.

Айта кетейік, наурыз айында өтетін ҰБТ-ға ақпан айының бірінен бастап кесте бойынша Есік қаласында орналасқан тестілеу пунктінде арыздар қабылданады. Тестілеу республика бойынша 24-29 наурыз аралығында өткізіледі.

Жиын соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына  жауаптар алды.

 Өз тілшіміз.

Read 70 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама