Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 16:19

Мен – өмірді таңдаймын!

Мен – өмірді таңдаймын! mezet.kz

Жуырда Есік медициналық колледжінің мәжіліс залында  «Мен – өмірді таңдаймын» атты жастар арасындағы суицидтің алдын алу бойынша жиын өтті. Оны аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Сұлтан Тойғанбай жүргізді.

Аудандық ішкі істер бөлімі жол полиция қызметі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары полиция аға лейтенанты Айгерім Әкімжанова және полиция аға лейтенанты Ару Қасымова, ауданның дін инспекторы Ақжол Әлнұр, Көктөбе ауылы мешітінің имамы, аудан имамының наибы Нұржан Нышан, Есік медициналық колледжінің психологі Жазира Нұртілеуова студенттер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара шымылдығы арнайы дайындалған видеороликпен ашылып, мамандардың баяндамаларымен жалғасты. Психологиялық ойындар ойнатылды. Соңы ашық сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Жалпы, қатысқандарға жан-жақты, толыққанды мағлұматтар берілді. Қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздығы салдарынан, қоғам мәдениетіндегі құндылықтардың төмендеуі, сәтсіз отбасы мен қолайсыз тұрмыстық-материалдық жағдайлар, жағымсыз қарым-қатынас, қоршаған ортадан, әсіресе мектептегі топтан оқшаулану, жасөспірімдердің психикалық ауруларға ұшырауы, сәтсіз романтикалық ситуацияға тап болуы, ішімдік пен есірткі заттарын қолдану – міне осының барлығы жасөспірімдердің суицидке баруына алғышарттар болып табылады. Суицидті мінез-құлық белгілері байқалған жасөспірімдерге тек арнайы даярланған мамандар ғана емес сол белгілерді байқаған кез-келген адам көмек бере алады. Сондықтан, баршаңызды осы мәселеге немқұрайлы қарамауға шақырамыз!

 Жастар ресурстық орталығы

Read 83 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама