Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 21:07

Үстел теннисі өтті

Үстел теннисі өтті mezet.kz

Жастар жылы аясында аудандық жастар ресурстық орталығы мен Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының бірлесе ұйымдастыруымен жастар арасында үстел теннисінен аудандық жарыс өтті.

Жастар ресурстық орталығының маманы Сұлтан Тойғанбай спортшылар мен жиналғандарды «Жастар жылымен» құттықтап, бұқаралық спорт түрлерін дамыту – басты мақсат екенін жеткізді. Кейіннен бас төреші Бәйтерек орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрболат Байзақов жарыстың өту барысын, шарттарын түсіндіріп, жеребе арқылы ойын ретін белгіледі. Ават, Жаңашар және Бәйтерек ауылдық округінің жастары 2 топқа бөлініп өнер көрсетті. Өте тартысты өткен дода нәтижесі бойынша 3-орын Ғани Нұрақынға бұйырса, 2-орынды Дастан Жақай, жүлделі 1-орынды Дулат Дүйсен жеңіп алды. Жүлдегерлер дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

 Өз тілшіміз.

 

Read 73 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама