Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 21:10

Жастар – ел болашағы

Жастар – ел болашағы mezet.kz

Сөгеті ауылдық округі Нұра ауылының мәдениет үйінде жастар жылына орай,  «Жастар – ел болашағы» атты форум өткізілді.  Шараға жас мамандар, жас кәсіпкерлер, спортшы жастар, ауылдың белсенді жастары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Форумның шымылдығы мемлекеттік Гимнмен ашылды. Алғашқы құттықтау сөз алған аудандық мәслихат депутаты, Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Жас Отан» Жастар Қанаты аудандық филиалының төрағасы Айбек Ілебаев жастарды айтулы жылмен құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнады. Ауылдың белсенді жастарына, оқушыларына, жас кәсіпкер, жас көп балалы аналарға  аудан атынан алғыс хаттар табыстады.  Шара арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен аяқталды.

 Өз тілшіміз.

Read 87 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама