Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 21:14

Өнерлілер өрледі

Өнерлілер өрледі mezet.kz

Жастар жылы аясында Рахат ауылдық округі әкімі аппараты және Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен аудандық мәнерлеп оқу және шахматтан жарыс өткізілді.

Жарысқа ауданымыздың ауылдық округтерінен жас өнерпаздар мен спортшылар қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Жас ерекшеліктеріне қарай төрешілер қоры-тынды шығарды. Нәтижесінде, мәнерлеп оқудан 15-20 жас аралығында І-ші орынды Шелек ауылдық округінің медициналық колледжінің студенті Думан Манлук жеңіп алды. Ал, 14-10 жас аралығында І-орынды Рахат ауылдық округінің Азат №1орта мектебінің оқушысы Томирис Әскерқызы қанжығалады. Шахмат ойындарында қыздар арасында І-орынды Рахат ауылдық округінің Азат №1 орта мектебінің оқушысы Дильназ Ренатова алса, ұлдар арасында 1-6 сынып оқушылар арасында І-орынды Есік қаласы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Бағдаулет Шанмұхамбет иеленді. Ересектер арасында шахматтан І-орынды Рахат ауылдық округі Азат №1 орта мектептің оқушысы Али Иманкулов ұтты.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, дипломмен марапатталды.

Өз тілшіміз.

Read 68 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама