Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 16:50

«Қош келдің, әз Наурыз!»

«Қош келдің, әз Наурыз!» mezet.kz

Б.Майлин атындағы орта мектептің 3 «а» және 3 «ә» сыныбы дәл осылай ерекше құрметпен қарсы алды шығыстың жаңа жылын. Мектеп директорының орынбасары Аида Садық ұйытқы болған мерекеге аталған сынып ата-аналары ерекше қолдау білдірді. Өзара ынтымақтаса іс қылып, ақ дастархан жайылды.

Алғаш сөз алған мектеп директоры Айгүл Мукаева барша ата-аналар мен оқушыларды наурыз мерекесімен құттықтады: – Күн мен түн теңеліп, Жер-Ананың тынысы кеңейетін осынау мерейлі күн молшылық пен берекенің көрінісі. Осынау сәтті пайдалана отырып, баршаңызды бүгінгі наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Үйлеріңізден бақ, дастархандарыңыздан береке арылмасын!

Кейіннен оқушылар ұстаз-дары А.Хакимова және Ғ.Алтын-бекованың ұйымдастыруымен тұсау кесу, бесікке салу және көрісу көріністерін көрсетті. Ұлттық салт-дәстүрді жан-жақты бейнелеген бүлдіршіндерге ата-аналар риза болды.

Әуезді ән, мың бұралған биден кейін барша оқушылар дастархан басына жайғасып, наурыз көжеден дәм татты.

Өз тілшіміз.

Read 70 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама