Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 16:53

Төрлете бер әр үйдің нақ төріне

Төрлете бер әр үйдің нақ төріне mezet.kz

Наурыз көже, сүрдің иісі бұрқырады,

Арқа-жарқа боп жатыр жұртым әні.

Салт-дәстүрім жаңғырып, наурызда,

Жердің жүзі жаңарып құлпырады.

 

Күн нұрланып еріді даламнан қар,

Жүк түскендей болады адамнан бар.

Нақышты наурызбен  жүректерге,

Қайта оралды ақ үміт, ақ армандар.

 

Ұмыттырып өкпе-наз, ұрыстарды,

қауыштырып  жататын туыстарды.

Халқымыз аңсап күткен ұлы күнде,

Орнасын басымызға ырыс мәңгі.

 

Тіршілікті жетелеп тәтті өмірге,

Қуаныштар шарықтап шат көңілде.

Қазағымның қасиетті жаңа жылы,

Төрлете бер әр үйдің нақ төріне.

 

Ринат НАРХАНОВ.

Read 126 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет