Сәрсенбі, 10 Шілде 2019 10:21

Денсаулық – зор байлық

Денсаулық – зор байлық mezet.kz

Кір (Гир) көтеру – халық арасында кең тараған спорт түрі. Шойыннан құйылған кірді бір қолмен көтеру арқылы орындалады. Атақты Балуан Шолақ, Қажымұқан кір көтеру өнерін көрсеткен. Осындай бабаларымыздың өнерін ұлықтау, «2019 жыл – жастар жылы» аясында жастарды спортқа шақыру, саламатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылық, жат мінездердің алдын алу, бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығы, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қоры мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен жуырда аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің алаңында «Денсаулық – зор байлық» атты кір тасын (16 кг) көтеру жарысы өтті.

Жарысқа Қорам, Ақши, Масақ, Балтабай, Ташкенсаз, Бартоғай, Қазақстан, Бәйтерек және Рахат ауылдық округтерінің спортшылары қатысты. Шарада «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қорының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, «Еңбекшіқазақ» газеті бас редакторының орынбасары Қайнар Жұмақожа, аудандық мәслихат депутаты, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының төрағасы Айбек Ілебаев ізгі тілектерін білдірді. Бас төреші Ялкунжан Садыков спортшылар арасында жеребе тартқызып, жарыс ережесімен   таныстырды. Тартысты өткен сайыс нәтижесі бойынша жүлделі 3 орынды Жиян Сулейманов (ДЮСШ) иеленді. 2 орынды Ернат Иманқұлов (Масақ), жүлделі 1 орынды Ернар Тұрсыналы (Қорам) жеңіп алды. Қатысушылар дипломмен марапатталып, медаль табысталды.

 

Сұлтан Тойғанбай.

Read 33 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет