Сәрсенбі, 10 Шілде 2019 10:29

Жүректен жүрекке

Жүректен жүрекке mezet.kz

Тағдырдың тауқыметін тартып, өмірден түгесілген жандарға қолдау көрсету – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты. Осы орайда аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен 15 отбасына азық-түлік себеттері табысталды.

Аз қамтылған, көпбалалы отбасылар санатындағы жанұялар қамқорлықты ерекше ілтипатпен қабылдады. Аталмыш қор төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Қайнар Жұмағожа және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Өркен Әбдібай отбасылардың үйіне барып, азық-түліктерді табыс етті.

– Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты – өмірдің қиын жағдайында қалған жандарға мемлекет қамқорлығын жеткізу. Себебі, мемлекеттің басты байлығы – адам. Осы орайда бұл іс-шара тек бастамасы. Алдағы уақытта аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға, соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты қарттарға қолұшын созуды жоспарлап отырмыз», – дейді Қ.Жұмағожа.

 

Өз тілшіміз.

Read 34 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет