Дүйсенбі, 15 Шілде 2019 11:21

Халықаралық байқауда – бірінші

Халықаралық байқауда – бірінші mezet.kz

Грузия мемлекетінде өткен халықаралық «Golden Agro-2019» халықаралық байқауында Көлді мектебінің 8-сынып оқушысы, жас ақын Дінмұхаммед Бекболатұлы І орын иегері атанды.

27-маусым мен 3-шілде аралығында өткен халықаралық шараға Украина, Литва, Болгария, Грузия, Түркия, Армения, Азербайжан, Иран мемлекеттерінен 200-ге жуық бала қатысып, бақтарын сынады. Поэзия кешінде Дінмұхаммед Әбубәкір Қайранның «Қасқыр» атты өлеңін жатқа оқып, әділқазы алқасының төрт мүшесі де жоғары баға берді. Нәтижесінде, жерлесіміз І орынды қанжығалап, халықаралық додада еліміздің көк туын желбіретіп қайтты.

Ақиық ақын Мұқағалиға еліктейтін Дінмұхаммед Бекболатұлы өзінің тырнақалды туындысын 5 сыныптан бастап жазған. Ол «Мен де жұлдыз боламын» атты облыстық байқауда жүлдегер атанған. Халықаралық ақындар мүшәйрасының лауреаты. Дінмұхаммед кезекті жетістікке жетуіне қолдау көрсеткен Тескенсу округі әкімдігі мен мектеп ұжымына алғысым шексіз, – дейді.

 

Өз тілшіміз.

Read 97 times

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет