Сәрсенбі, 21 Тамыз 2019 12:31

Жетісу – адалдық алаңы

Жетісу – адалдық алаңы https://www.google.com/url?sa=i&source=images&cd=&ved=2ahUKEwi4_NuErJPkAhWgxcQBHfOoC2UQjRx6BAgBEAQ&url=https%3A%2F%2Falakol-aynasy.kz%2Fmemleket-azynasyn-zhetisu-adaldy-ala-y-ar-yly-ba-yla-yz%2F&psig=AOvVaw1zxmRCmw0nXCmVTaY1jTPf&ust=1566455590392945

Сыбайлас жемқорлыққа жалпыға бірдей төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік биліктің институттарына сенімін күшейту мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінде «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

Аталған жобалық кеңсенің ашылуына Еңбекшіқазақ аудандық филиалы «Жастар ресурстық орталығының» жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Айбек Ілебаев қатысты, Жоғарыда аталған кеңседегі алғашқы отырыста аудандағы жастардың белсенді тобымен кездесу ұйымдастырылды. 

Кездесу барысында жастар өкілдерінің аталған жобаны жүзеге асыруға қатысуы туралы, сонымен қатар, кеңсенің ақпараттық материалдық базасын нығайту туралы, атап айтқанда, сенім телефонын орнату, кең форматты теледидар экранымен қамтамасыз ету және түрлі түсті үгіт материалдарын орналастыру қажеттілігі сөз болды. 

Қазіргі уақытта, жоба кеңсесі мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін азаматтардан ұсыныстар қабылдау жұмыстарын жасауда.

Д.Төлемісова.

Read 67 times

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет