Бейсенбі, 22 Желтоқсан 2016 14:31

Жастарымыз дұрыс жолда

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Ал олардың дұрыс тәлім тәрбие мен сапалы білім алуын қамтамасыз ету – жарқын болашақтың бас-тауы. Жақында Есік қаласында, Ават, Түрген, Бәйдібек би ауылдық округтерінде Тәуелсіздікке 25 жыл толуына орай «Нұрлы Жол» бағдарламасындағы Тәуелсіздікті нығайтуға негізделген қоғамның жалпы жүйе құндылықтарын қалыптастыруға, «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» идеяларын насихаттауға арналған аудан жастарымен кездесу өткізілді. Келелі кездесуге облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Рүстем Қанапиянов, «Жетісу жастары» ұйымының «Конгресті жас-тар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жомарт Қаратас, облыстық дін істері басқармасы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы Ерлан Матай, жастарға қызмет көрсету бөлімінің бас кеңесшісі Дәурен Нұртаев, аудандық жас-тар ресурстық орталығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Айбек Ілебаев қатысты.

 

Алғашқы болып сөз алған Рүстем Қанапиянов жұртшылықты келе жатқан мерейлі мерекемен құттықтап, жастарға арналған «Серпін», «Дипломмен ауылға»  бағдарламаларын түсіндіріп өтті.

– Бүгінгі таңда жүзеге асып жатқан жастарға тиімді бағдарламалардың бірі – «Серпін». Аталған бағдарлама аясында Маңғыстау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Оңтүстік Қазақстан облысының жас-тары еліміздің солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне барып, тегін білім ала алады. Әсіресе, техникалық, гуманитарлық, әлеуметтік және ауылшаруашылық мамандығына гранттар көптеп бөлінуде. Сонымен қатар, осы жылдан бастап медицина саласына да мемлекеттік гранттар болды. Алдағы уақытта басқа да мамандықтарға жастарды тегін оқыту үшін жұмыстар атқарылып жатыр – деп бағдарламамен толыққанды таныстырып, қатысу үшін керекті құжаттардың тізімін жариялады. Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тиімді тұстарына тоқталды. Дәурен Нұртаев та «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» сынды бағдарламалардың жастарға қатысты тұстарын шолып, осы бағдарламаның арқасында жұмысқа орналасуға болатындығын айтты. Ал жастарға діни мағлұмат берген Ерлан Матай кез-келген саланың өз маманы бар екендігін ескертті:

– Өздеріңіз ойлаңыздар, тісіңіз ауырса мұғалімнен немесе шахтердан барып көмек сұрамайсыз ғой. Сол секілді, діни сауат ашу үшін де осы саланың маманы – имамдар мен дінтанушыларға жолығу керек. Бүгінде басқа діни ағымдардың көздегені – жастардың санасын улап, өздерінің дегеніне көндіру. Ал діни сауаты бар адам олардың маңына да жоламайды. Ақ пен қараны ажырату үшін, алдымен ақтың қандай болатынын білуіміз керек – деп, жастарға қарапайым адамдардың діни уағыздарын тыңдамауға, сұрақтар туындаса мешіттегі имамға жүгінуге тиіс екендіктерін қатаң ескертті.

Жиын барысында басқа да та-қырыпта әңгімелер айтылып, жас-тар өз пікірлерін ортаға салды. Келген қонақтардың әрқайсысы әртүрлі мағынада баяндама оқыса да, барлығының мақсаты бір – ел келешегін жарқын етер жастардың дұрыс тәрбиеленуіне үлес қосу. Шара соңында, колледж студенттері жоғарыда аталған бағдарламаларға қызығушылық танытып, сауалдарына тұщымды жауап алды.

Сардарбек НҰРАДИН.

Қаралды 491 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама