Сенбі, 29 Шілде 2017 12:12

Таутүрген орталау мектебінде мектеп жанын-дағы «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагері

Таутүрген орталау мектебінде мектеп жанын-дағы «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагерінде көңілге шаттық сыйлайтын шаралар легі толастар емес. Мақсат біреу: балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру. Онда қазақ тілі мен әдебиеті, география, ағылшын тілінен пәндік лагерьлер терминологиямен, ауылдың шығу тарихы, орналасу картасымен таныстырып, жұмыс жүргізуде. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіріп, туристік шаралар да өз деңгейінде өтуде. Балалар «Медетбек батыр» кесенесіне, Түрген шатқалына, «Тастар да сөйлейді» таңбалы тастар орналасқан жерге саяхат жасады. Сонымен қатар, «Мен өмірдің гүлімін» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, ауылымыздың кәсіпкерлері демеушілігімен балаларға тегін тәттілер таратылды. Түрлі спорттық ойындар мен жарыстардан үздік шыққандар мадақтау қағаздарымен марапатталды.

Г.АНАРҚҰЛОВА,
Таутүрген орталау мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Қаралды 115 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама