Сенбі, 29 Шілде 2017 13:08

Шелек ауылындағы Ә.Молдағұлова атындағы орта мектепте «Балауса» сауықтыру лагері өз жұмысын сәтті атқарды.

Мектеп жанындағы лагерьде күнделікті қырықтан астам бала демалып, түрлі шараларға қатысты. Ағылшын тілінен дәріс алып, Шелек өңіріндегі бау-бақшаны тамашалады. Бөлек ауылындағы саябаққа саяхатқа шыққан балалар өз әсерлерін қағаз бетіне түсірді. Ата-аналар әр шараға баға беріп, мектеп ұжымына алғыстарын айтты. Әр оқушы жаз қызығын тамашалап, тынығып, жаңа оқу жылына көңілді күймен келуге дайын.

Г.Давленова,
мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары

Қаралды 108 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама