Сенбі, 29 Шілде 2017 13:44

Төле би атындағы орта мектебі жанынан «Күншуақ» лагері ұйымдастырылып, төрт ауысымда жүйелі жұмыстар жүргізді

Бала-лардың демалысының жан-жақты талапқа сай болуы үшін жұмыс жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес түрлі мәдени, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Балалардың өз Ота-нын, елін сүюге тәрбиелеу мақсатында «Алтын адам» мұражайына саяхат жасап, өлкенің тарихымен танысты. «Солнышко» тобының жетекшісі Ф.Ш Тамазова оқушылармен қызықты ойын түрлерін және салауатты өмір салтын насихаттау үшін спорттық жарыстар өткізді. Барлық іс-шараларға балалар қызығушылықпен қатысты. Оған қоса, мектеп кітапханасына саяхат ұйымдастырылып, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алысты. Ауыл маңына серуен құрған балалар табиғат аясында да әңгіме-сұхбат өткізді.
Топ жұмысының қорытындысы ретінде ата-аналармен «Менің баламның демалысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ата-аналар пікірлерін білдіріп, алғыстарын айтты.

П.Мамирова,
«Төле би атындағы орта мектеп-мектепке
дейінгі шағын орталығымен» КММ директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Қаралды 92 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама