Сенбі, 29 Шілде 2017 17:50

Достық ауылындағы Қаратұрық орта мектебінің оқушылары жазғы демалыс кезінде педагог-ұйымдастырушы Бахтияр Самиевтің жетекшілігімен «Rich Garden» ЖШС-не қарасты интенсивті баққа саяхатқа барды.

Саяхат барысында оқушылар алма ағашының заманауи, жаңа технологиямен өсірілетінін, көлемі аз жерден көп өнім алуға болатындығына көз жеткізді. Бас агрономның айтуынша, мұндай бақтардың көлемі артып, төңірекке алманы өңдейтін завод ашылады, яғни келешекте агроном, технолог, тракторист-машинист мамандары қажет. Осылайша, оқушылар да болашақта қандай мамандық иелеріне сұраныстың жоғары болатынын біліп қайтты. Бұл сая-хат оқушылар үшін «Болашаққа бағдар» болады деп сенемін.

Гүлнар Тұрсынбек,
Қаратұрық ауылдық округінің
жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы.

Қаралды 98 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама