Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 21 Ақпан 2019
Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 16:16

Тәрбиенің алтын діңгегі

Бүгінгі күнде бала тәрбиесіне қатысты ұстаздар тарапынан көптеген ізденістер жоспарланып, жүзеге асырылуда. Әрине, ұрпақ тәрбиесінде рухани тұғырды нығайту аса қажет.Мемлекет басшысы  Н.Назарбаев «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» еңбегінде қоғамдық сананы жаңғырту басты шарттарының бірі – өзінің ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау және іргелі негіз – патриотизм болып табылатындығын көрсеткен.

Бастауыш сынып оқушыларына бұл бағытта арнайы жоспар жүйесінде тәрбие сағаттары, түрлі шаралар ұсыну жолға қойылған. Құндылықтар мен адамгершілік бағдарлар және патриотизм өзара байланыса отырып, ұлттық идеяны қалыптастыратынын ойласақ, біз кішкене баланың бойында азаматтық сана, ұлттық рух қалыптасуын көздейміз. Осыған байланысты патриотизмге баулу, ұлттық мемлекет стратегиясының іргелі бағдарлары кеңінен қарастыры-луда. Олардың еліне, жеріне деген сезімі қаланады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты мақсаты да сол – өз ауылы, қаласы, жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген махаббат, мақтаныш пен адалдық, адамгершілік борыш сезімінің қалыптасуы.

Осы бағытта өзім жан жақты жұмыс жасап, шараны ата-аналармен ғана емес, қоғам қайраткерлері, түрлі мамандық иелерімен біріге өткізуге тырысамын. Қазақстандық азаматтарды тұтастырып тұрған үлкен мұраттар мен идеялар бар: ол – мемлекетіміздің гүлденуі, үлкен жетістіктерге қол жеткізуі. Олай болса, соны жас ұрпаққа жеткізу қажет, солардың бойына сіңіру керек.

Әр ауыл мектебі – мемлекеттің шағын бөлшегі, әрбір бала – қоғамның белсенді мүшесі. Демек, бұл бізге мектептегі әр оқушыға елдің ертеңгі тұтқасын ұстайтын келешек отансүйгіш азамат деп қараумен қатар, өзінің және айналасындағы өзгелердің өмірін, білім мен тәрбие алуын, құқығын, міндетін зерделеп, реттей алатын толыққанды белсенді азамат деп қарау және олардың көзқарасымен, пікірімен санасу міндеттерін жүктейді.

Оқушылар жазғы демалыста ауыл адамдарымен бірлесе отырып, туған ауыл тарихы туралы деректер жинап, әңгіме, реферат жазып, ауыл тақырыбында сурет салу және мүшәйраға өз шығармашылығын ұсынуға тапсырма алды.

Мектеп ұстаздары және басқа тұлғалар туралы деректер жинақтауды да жоспарлап отырмыз. Осы шаралардың қай қайсы да оқушы, бүгінгі ауыл баласы – ертеңгі ел тұлғасы жүрегіне ұшқын тастағаны, рухани қуат сыйлағаны сөзсіз.

Енді осы жұмыстарды жүйелеп, арнайы жұмыс бағ-дарламасы ретінде жалғас-тыруды ойластырудамыз, бұл – бала жүрегіне елжандылық пен рух сыйлайтын игі іс. Расында, рухани жаңғыру – тәрбие бесігінің алтын діңгегі. 

 

Дана ЖАНСЕРКЕЕВА,

Көктөбе орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі.

Published in Саясат

Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық – бұның барлығы бүркіт салып, көкпар тартып, ат баптаған қазақ халқының кәсібінен гөрі өнерге жақын тірлігі. Аңшылықты серік етіп, саят құрған ата-бабамыздың төл өнері мен ат спорты бүгінгі күнде де заман көшінен қалған емес. Әсіресе жас-тар арасында кеңінен таралған ұлттық спортты дамытуға мемлекет тарапынан көңіл бөлінуде. Осы орайда жақында Тескенсу ауылында округ әкімдігінің, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, жастар ресурстық орталығы мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Құсбегілік өнер – ұрпақтан ұрпаққа» атты бүркітшілер жарысы өтті. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын қолдау мақсатында, төл өнерімізді насихаттайтын спорттық жарысқа сол аумақ ауылдарының жастары жиналды. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық ойындарына асқан қызығушылықпен қарайтын Венгрияның азаматтары қатысты.

Өткен ғасырда Венгр елінде тұрған қандасымыз, белгілі түрколог, ғұмырын мажарлар мен күллі түркі халықтарының ынтымақтастығына арнаған Қоңыр Мандоки мажар елінде ұлттық спортымызды насихаттап, мажарлардың қызығушылығын тудырған. Қоңыр Мандоки арқылы қазақтың ұлттық құндылығына қанық Венгрия азаматтары аудан азаматтарының қонақжайлығына ризашылығын білдірді.

Шара барысында қазақстандық жеткіншек Ерсұлтан өзі баптап жүрген 3 жасар Дәуір атты бүркітін аңға салып, көпшіліктің таңданысын тудырды. Сонымен қатар, ат құлағында ойнайтын жастарымыз теңге ілуден жарысып, кім мықтыны анықтады. Алып денелі, кең иықты балуандарымыз аударыспақта күш сынасып, мектеп оқушылары көкпар тартты.

Жарыс соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев сайыста үздік шыққан азаматтарға Алғыс хаттарын табыстап, ұлттық спортты дамытып жүрген жастарға сәттілік тіледі.

 С.НҰРАДИН.

Published in Спорт

Күнтiзбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет