Бейсенбі, 10 Наурыз 2016 11:03

Бәрінен де ең сұлу

...Өзгеден де ең сұлу,

Өмірлік дос тең сұлу.

Өзім сүйіп ұнатқан,

Бәрінен де сен сұлу – деп, бар сұлулықты бір өлеңнің көлеміне сыйдырған Махмут Майшекин әдемілікке өз бағасын осылайша берген. Көркем табиғат пен қыздың бейнесін салыстыра суреттеген ақын «Бәрінен де сен сұлу» деп қорытындылаған. Рас, сұлулығына көз тоймас табиғатымызды суреттеуге сөз жетпесі анық, ал қазақ қыздарының болмысын сөзбен ашу одан да қиынға соғары сөзсіз. Халықаралық қыз-келіншектер мерекесі қарсаңында осындай қызғалдақтардың ақылы мен көркі сарапқа салынған «Бәрінен де сен сұлу» байқауының финалдық кезеңі өтті. Есік қаласындағы аудандық мәдениет үйінде облыс әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен шараға Болат Әбішұлы Назарбаев, байқаудың авторы Гүлнұр Назарбаева, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев жұбайы Дарико Хасанғалиевамен, облыс әкімі Амандық Баталов, орынбасары Бақтияр Өнербаев, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ пен облысымыздың өзге де аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысып, құрметті қонақтардың қатарын толтырды.

 

 

Қазақ қыздарының сұлулығы мен инабаттылығын көрсетіп, салт-дәстүрімізді жаңғыртып, мәдени құндылықтарымызды арттыру мақсатында өткізілген сайыс Жетісу жұртшылығының көңілінен шыққаны сөзсіз. Іріктеу сындарынан сүрінбей өткен 12 ауданның 12 бойжеткені шешуші кезеңде де бар өнерлерін ортаға салды. Жарыстың алғашқы кезеңінде сән әлеміне сапар шеккен арулар өз қолдарымен тіккен көйлектерін жұрт назарына ұсынып, көпшіліктің таңдайын қақтырды. Білім сайысында қарым-қабілеттерін сарапқа салған арулар лэд-экран арқылы белгілі өнер жұлдыздарының әртүрлі тақырыптағы сауалдарына нақты жауап қайыруға тырысты. Осы сайыста аудан намысын қорғаған Назым Жұмағали белгілі әнші Жанар Айжанованың «Сыңсуды кім және қай жерде айтады?» деген сұрағына сүрінбей жауап беріп, өзінің салт-дәстүрден құралақан еместігін дәлелдеді. «Өз өнерін көрсету» сайысында да мың бұрала би билеп, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, осы сайыста Махамбет Өтемісұлының шығармаларын толық жатқа айтқан Райымбек ауданының сұлуы Айзада Оразалының өнеріне көпшілік тәнті болып, қошемет көрсетті.

Сұлулардың өнерін белгілі кәсіби мамандар бағалап, әділ бағасын берді. Олардың құрамында дизайнер Аида Кауменова, журналист, телепродюсер Маржан Сәдуақасова, әнші Мадина Сәдуақасова, «Достар продакшн» продюсерлік орталығының продюсері Еркебұлан Молдашев, тележүргізуші, журналист Асхат Садырбай, «Бәрінен де сен сұлу» жобасының идея авторы Райхан Тұрсынбаева және жобаның бас директоры Мұхтар Әскербекұлы болып, қара қылды қақ жарғандай әділ бағасын берді.

– Бұл тек сұлуларды анықтап, салт-дәстүрді насихаттайтын шоу-байқау емес. Біз қайырымдылық шарасын да назардан тыс қалдырмадық – деп қазылар алқасының төрағасы Мұхтар Әскербекұлы шарадан түскен қаржыны Есік қаласындағы Есеновтар отбасылық үйінің отанасы Роза Есеноваға табыс-тады. Анасымен шыққан қос бүлдіршін алғыстарын өлең арқылы жеткізіп, аналарды төл меркелерімен құттықтады.

Аталған байқау белгілі эстрада жұлдыздарының концертіне ұласып, жиылған жұртшылықты бір серпілтіп тастады. Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаеваның «Арнау» дуэты, Жанар Дұғалова, Қайрат Нұртас пен «RinGo», «BN» топтары өз репертуарынан бірнеше әндерін орындады.

Байқау нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен жүлделі үшінші орынды ауданымыздың аруы Назым Жұмағали иеленіп, «Өнерлі ару» атанды. Балқаш ауданының аруы Назерке Әлиакбар екінші орынға жайғасты. Бірінші орын сарқандтық Мадина Мейрамхановаға бұйырды. Ал, бас жүлдені иеленген Жамбыл ауданының сұлуы Камила Қожаханова «Бәрінен де сұлу» атағын еншілеп, 1 млн теңгеге ие болды. Сондай-ақ, жеңімпаздар мен қатысушылар қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды. Ал жүлделі орындардан көрінген бойжеткендер телевизиялық жобаларға қатысатын болады.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 4916 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бәрінен де ең сұлу Бәрінен де ең сұлу »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…
Сәу 15, 2024

Жанаргуль НИЕТАЛИЕВА,…

Тургенский филиал Иле-Алатауского ГНПП такие акции с участием школ Тургенского сельского…
Сәу 15, 2024

Алматы облыс әкімі Марат…

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы»…
Сәу 11, 2024

Аманаттықтар көмек қолын созуда

Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Игі бастамаға…
Сәу 04, 2024

Ұлт саулығына төнген қатер

Денсаулық – бірінші байлық. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, деннің сау болуына…
Сәу 04, 2024

Әлеуетті мекеннің өрісі кең

Ауданымыз жер көлемі мен ел көлемі бойынша алдыңғы қатарда екені белгілі. Соған сай…
Сәу 04, 2024

Сатираның сардары

«Адамгершілігі жоқ қоғамның сатиригі хайуандар туралы мысал жазады. Уот тәк!» – деп…
Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет