БИШІ ҚАЙЫҢДАР Толқыған аздап жайым бар, Әрқайсың бейне сүйгенім. Сендерді көріп, қайыңдар, Менің де келді билегім… Жылдардың жүгі мойнымда, Жыр жазу менде сиреп тұр. Даңғаза әуен қойнында, Замана мынау билеп тұр. Ғажайып әлем ашылды, Көрген жан көңілі тойыпты. Табиғат – ана шашыңды Сарыға бояп қойыпты. Құшақтап, өбіп, еркелеп, Ауырған жаным емделді. Ұйқыдан тұрып ертерек Сағынам енді сендерді. Бітсе де бір күн жол мына, Аспайын және саспайын. Құласаң қайта орныңа, Өседі жаңа, жас қайың! БАҚЫТТЫМЫН Сөзде жатыр әр адамның сор, бағы,…