Жұма, 19 Сәуір 2024 13:34

Жастарды жат ағымдардан сақтау – өзекті мәселе

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де толастамайды. Әсіре діншіл, адасушы азаматтардың қоғамнан оқшауланып, талай әулеттің мазасын қашырғанын көріп те, естіп те жүрміз. Жаңадан дін жолына түскен адам жат ағымдағы адаммен тілдескен бойда адасуы оп-оңай екені баршаға белгілі. Сол себепті бүгінгі таңда әрбір ата-ана баласының теріс жолға түсіп кетпеуіне алаңдап жүрері анық. Осы орайда жуырда аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында деструктивті діни ағымдарға қарсы жиын өткізілді. Оған облыстық дін істер басқармасының бас маманы Ерлан Матаев, дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының директоры Эрбол Кәкімсейітов, діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы директорының орынбасары Медет Ашимхан және білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер қатысты.

Ерлан Матаев жиын барысында әзірлеген слайд арқылы теріс ағымдар туралы баяндады.

– Денсаулық саласына келер болсақ, екпеден бас тартатын діншіл адамдар көбеюде, әсіре діншіл спортшылар да бар, білім саласы да дінге қатысты дау-дамайға жиі ұшырайтыны, дін мәселесі мәдениетті де айналып өтпейтіні белгілі. Бұл орайда айтпағымыз, деструктивті діни бағыттармен күресу, оның ең дұрыс жолы – жастарға дұрыс білім беріп көзін ашу болмақ. Зайырлы мемлекетте ешқандай дінге басымдық берілмейтіні белгілі. Барлық азаматтар мен діндер заң алдында тең құқықты дәрежеде. Бірақ зайырлы деген сөзді кейбір дін өкілдері дінге шектеу салатын дүние деп түсінгендіктен, қоғамда түсініспеушілік туындап жатады. Мемлекетімізде сан түрлі ағым пайда болып, қайғылы оқиғалар мен қылмыстар орын алған соң, діни тенденция өзгеріске ұшырағанын білеміз. Баяғыда намаз оқитын адамды көрген жан құрмет танытса,  қазір күдікпен қарайтын халге жеттік. Бұл жерде дінде тұрған ешқандай мәселе жоқ, Құдай бізге дінді берді, біз оны дұрыс ұстана алмай жатырмыз дегім келеді. Яғни өз көзқарасымызды өз ішімізде сақтау жоқ. Кеше ғана намаз бастаған адам айналасына уағыз айтып, көзқарасымен келіспейтіндерді дұшпанындай көреді. Басқа да діни қызметкерлер мен қарапайым азаматтардың қателігінің кесірінен «экстремизм» деген тіркестің белең алуына жол бердік. «Экстремизм» дегеніміз – латын тілінен аудар-ғанда шеттеу, шектен шығу деген мағынаны білдіреді. Яғни қоғамдағы қарапайым нормалар мен ережелерді түбегейлі жоққа шығаратын шектен шыққан көзқарастар.

Экстремизимге сипаттама берген дін маманы оның түрлеріне де тоқталды.

– Біріншісі – қолданыстағы билікке деген теріс көзқарас. Байқайсыздар ма, салафиттік, уахабистік бағытты ұстанушылар мемлекеттік қызметтерде мүлдем жұмыс жасамайды, барлығы дерлік кәсіппен айналысады. Демек, бұның астарында «біз бұл мемлекетке тәуелді емеспіз, оның ұстанған саясаты мен діни бағыты да дұрыс емес» деген мағына жатыр. Екіншісі – билікке ұмтылу. Өз адамдарын билікке қою арқылы, мемлекетті өз қарамағына алу. Үшіншісі – саяси жүйені қалыптастыру идеологиясының болуы. Теріс бағыт-тағы азаматтардың көзқарастары сан алуан болғанымен мүдделері бір. Ауғандағы талибандар секілді, сая-саттың тұтқасын ұстауға тырысып, шариғи мемлекет құру сынды принцпте жүреді. Ешқандай дін саясатпен ұш-таспау керек. Саясатпен байланысы бар дін өз құндылықтарын жоғалтады. Әлемдегі террористтік ұйымдардың    саясатпен етене байланысқаны ұстан-ған бағыттарының ластығын білдіп тұр. Олардан дінді желеу етіп бір жерді жаулап алу, байлығын иемдену деген мақсатты көреміз. Біздің елімізде теріс бағытты ұстанушылар неліктен батыс аймақтарында көп кездеседі? Себебі түсінікті, ол жақта жерасты байлығы көп – деген Ерлан Матаев терроризмге де жеке тоқталып, теріс бағыттағы діндердің іс-әрекеттерін кеңінен түсіндірді. Қатысушылар тарапынан дін қызметкерлеріне сұрақтар да қойылды.

«Неге мемлекет теріс ағымдарды көрші Өзбекстан секілді түбегейлі жоймайды?» деген қатысушылардың сауалына:

– Бұл бізге үнемі қойылатын сұрақ. Қарапайым адамдар теріс ағымдарды жоюды ғана ойлағанымен, олардың қоғамға көрсететін қарсы әрекеттері қалай болатынына бойлай бермейді. Мемлекеттің бұған ақылы жетіп отыр. Бірақ елдің тұтастығына, жазықсыз жандарға зардап келуі мүмкін болған-дықтан үкімет бұндай тәуекелге бара алмайды. Дін саласындағы қызмет-керлердің білім беруі арқылы бейбіт жолмен теріс бағыттағы азаматтардың бетін бері қаратқанымыз дұрыс болмақ. Және бұл жұмыстар әсте-әсте жемісін беріп келеді – деп жауап берді.

Нәзік әрі күрделі тақырыпта көпте-ген мәселелер қордаланған кездесуде қатысушылар қомақты ой түйіп, сапалы ақпарат алғандарын жеткізді. Жиын соңында ұстаздар тарапынан қонақтарға жастармен кездесу шараларын ұйымдастыру туралы ұсыныстар түсті.                       

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 464 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Зачем следовать мазхабу?

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет