Бейсенбі, 25 Мамыр 2023 20:57

Шомылу маусымында жағажайларға қойылатын талаптар белгілі болды

Бұл туралы баспасөз брифингінде Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Исмаилов Марат мәлімдеді.

ДДҰ сарапшыларының мәліметінше әлемдегі барлық аурулардың 80 пайызы судың сапасы мен сумен жабдықтаудың санитарлық-гигиеналық нормаларының бұзылуына байланысты екені анықталды. Салдарынан тұрғындар патогендермен ластанған тіршілік нәрінен туындаған іш сүзегі, тырысқақ, дизентерия, полиомиелит, гастроэнтерит, А вирустық гепатитіне шалдығады. Бұдан бөлек, тері мен шырышты қабықтың аурулары, суда тіршілік ететін моллюскалар тудыратын шистосоматоз және ришта, безгек, сары безгекпен ауруы мүмкін.

«Судан шыққан ең қауіпті ішек ауруы - тырысқақ. Көптеген вирустық ауру су арқылы таралады. Бұл инфекциялық А гепатиті (Боткин ауруы), полиомиелит, аденовирус және энтеровирустық инфекциялар. Сондықтан су орындары бақылауда. Өңірде 96 үлкен және кіші демалыс орны бар. Оның 50-і Қонаев қаласында, 35-і Үйғыр ауданында, 6-ы Талғар ауданында, 4-і Еңбекшіқазақ ауданында, 1-і Балқаш және Іле аудандарында, сонымен қатар 101 бассейн тексеріліп тұрады», - деді департамент басшысы.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жыл сайын шомылу маусымы басталғанға дейін және бүкіл кезеңінде су қоймаларының суы мен жағажайлардағы құмның талаптарға сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізеді.

Биыл су қоймаларынан 261 су сынамасы және санитарлық-химиялық, микробиологиялық және паразиттік көрсеткіштерге 40 топырақ сынамасы алынды. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша үлгілер санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келді.

Жалпы демалыс орындары  ҚР ДСМ 2022 жылғы 26 шілдедегі №ҚР ДСМ-67 «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығының талаптарына сәйкес келуі тиіс дейді мамандар.

Брифингте Марат Исмаилов тұрғындарға шомылу кезеңінде сақ болуға шақырады. Ашық су қоймаларының суы ішуге жарамсыз, сондықтан оны тұтынуға, жемістерді, көкөністерді, ыдыстарды жууға, ауыз қуысын шаюға болмайды. Балаларға судың температурасы кемінде 20 градус және сыртқы ауа +23 градус болғанда шомылу ұсынылады.  Су қоймасының түбі құмды, балдырлардан бос болуы шарт.

Оқылды 7425 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет