Жексенбі, 18 Маусым 2023 13:59

Ел сенімін ақтаған, емделушісі мақтаған хирургтар

Адам жанының арашашысы ақ халаты абзал жандарды арнайы құрметтеп, еңбектерін ерекше елейтін маусым айының үшінші жескенбісі – медицина қызметкерлерінің күні елімізде жылда аталып өтіледі. Ия, денсаулығымыз сыр беріп, бас ауырып, балтыр сыздап, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға қашан да дайын тұратын дәрігерлерді әрдайым дәріптеп тұрсақ, артық етпейді. Бұл мақалада хирург-дәрігерлердің еңбектерін ескергенді жөн көрдім.

Хирург өз жұмыс орнында радикалды, паллиативті және диагностикалық оталар жасайтыны белгілі. Оларға сондай-ақ, жоспарлы не кешіктірмей шұғыл отадан басқа, науқастың жағдайы ауыр болған кезде шұғыл шешім қабылдап, тез арада қолға алатын жедел ота жасауға да тура келеді. Шелек ауылындағы №1 аудандық ауруханада өз мамандығының майталманы, қолы жеңіл, науқастардың құрметіне бөленіп, алғыс арқалап жүрген хирургтер баршылық. 

Жаңашаруа ауылының тұрғыны Жаңыл Аныққызы Баққожанованың өтінен 26 үлкенді-кішілі тастардың – минералды түзінділердің алынғанының куәсі болған едім. Хирургия бөлімінде бір таныс адамның жағдайын сұрап барғанымда (ол да өтіндегі тасына ота жасатқан екен), көрші палатадағы келіншектің өтіне жедел ота жасап, қауіптен аман алып қалғанын естідім. Ол емделушінің жағдайы жақсарып, үйіне шығуға жиналып жатқан еді. Сол келіншек хирургтерге алғысын айтып отыр. Оқиға былай болыпты. Өткен бір жұма күні іші ауырып, екі рет ұстамасы (приступ) ұстапты. Сенбі-жексенбі күндері ауруы мазаламаған соң, дүйсенбіде ультрадыбыстық зерттуден (УЗИ) өтіп, өтінде тастар бары анықталыпты. Біреулер  Алматыдағы С.Ж.Асфендияров атындағы ауруханаға барып, кеспей ота жасатуға кеңес беріпті. Қалаға ақылы ота жасатуға жолға шыққанда, тағы ұстамасы ұстап, Шелектегі ауруханаға жедел жеткізіледі. Онда тәжірибелі хирург Ерақын Тұрғанбайұлы қабылдап, УЗИ-дің қортынды диагнозын оқып, жедел отаға жатқызады. «Бірінші Аллаға, екінші осындағы дәрігерлерге алғысым шексіз. Алла жолымнан қалдырып, осында келуге бұйыртса, мұндағы Ерақын аға бастаған Жандос, Ильзат деген  хирургтер  себепші болып, ота сәтті өтті. Енді біраз кешіксем өтім жарылғандай екен. Құдайға шүкір, көретін күнім бар екен. Өзімді жеке бөлмеге алты айлық баламды қасыма алып, үлкен қызымды маған қарауға рұқсат беріп, бар жағдайды жасады», – деп қуанып, өтінен алынған тастарды көрсетті.

Бұл ауруханадағы хирург-дәрігерлердің дені – білгірлігімен ел аузына ілігіп, алғысқа бөленген мамандар. Осы хирургия бөлімінде 38 жыл тапжылмай еңбек етіп, оның 30 жылын бөлім меңгерушісі болып істеп келе жатқан Ерақын Тұрғанбайұлын жайлы ерекше айтқан жөн. Қажырлы еңбегінің арқасында ол «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Шапағат»  медалінің иегері, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы атанса, министрліктің, облыс, аудан басшыларынан алған Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары бір төбе. Ал Исмайл Абдуллаев, Бақытжан Адильчинов, Берікбай Иембердиев, Мұрат Ибрагимов, Жандос Утелисовтың «қолы жеңіл» хирург болып, еңбек етіп жүргендеріне алды 30, арты 10 жылдан асыпты. Сондай-ақ, «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» демекші, Ильзат Исламов пен Мурадыл Тукамов осы ағаларынан тәжірибе алып жүрген жас мамандар.

Хирургтердің міндеті – хирургиялық жолмен берілген ауруды емдеу. Сонымен қоса, стреске төзімді, қолмен жұмыс істеудің білгірі болуы керек. Жалпы хирург іш қуысы мүшелеріне, атап айтқанда, тиреоидэктомия, аппендэктомия, жырық (грыжа), өт қабын алып тастау, күйік, варикозды емдеу сияқты оталар жасайды. Хирургтің міндетіне абсцесті кесу, терінің зақымдануын алып тастау, жараларды тігу сияқты кішігірім оталардан бастап, күрделі отаға дейінгі дайындық, ота жасау, отадан кейінгі басқару кіреді.

Ерақын Қожабеков адам ағзасынан алынған минералды түзінділерді жинап, тәжірибе жинауға келген жастарға көрсетуді әдетке айналдырған. Анықтап айтқанда жас мамандарды немесе тәжірибе алуға келген студент-практиканттарды отаға қатыстыру арқылы, әр науқастан алынған тастар ағзадағы ерекшелігіне байланыты әртүрлі болатынын, оның көлемі мен құрамы, пішіні мен түзілісі бір-біріне ұқсамайтынын көзбен көрсетіп, кәсіптік шеберлікке баулуды әдетке айналдырған. Сонымен қатар науқасқа да ағзасынан алынған тастарды көрсетіп, отаның сәтті өткеніне әрі тез жазылып кетуге сенімін арттыруға көз жеткіздіреді. Бұл бөлімдегі мейірбикелер мен санитарлар да кесілген жерді таңу, ем-дом жасап, тазалық пен тәртіп сақтауға баса мән беріп, емделушілерге қолайлы қызмет етеді.

 

Ия, бабаларымыз: «Алғыспен ел, жауынмен жер көгереді» деп бекер айтпаған ғой. Қиналып келіп, қуанып кетіп жатқан емделушілердің дәрігерлерге дән риза болып, алғыстарын айтуы – ақ халатты абзал жандардың адал еңбегінің арқасы. Олай болса, кейіпкерлерімізді төл мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тілейміз.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 6204 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет