Бейсенбі, 07 Желтоқсан 2023 16:31

Деструктивті діни ағымдарға қарсы күрестің өзектілігі

Қазіргі заманғы қауіп-қатерлердің ең бастысы халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм.  Оған қарсы күреске діни конфессия өкілдерімен бірге құқық қорғау органдары да белсенді түрде ат салысуда.

Осыған орай соңғы жылдары біздің елімізде «Экстремистік қызметке қарсы қимыл жасау туралы» Заң қабылданып, Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде әлемдік қауымдастыққа діни экстремизмге қарсы күрес шараларын қабылдау жөнінде Үндеу де жолданды, Алматы қаласында 40 халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің лаңкестікке қарсы комитетінің көшпелі отырысы болып өтті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 4 лаңкестік ұйымды заңсыз деп жариялады. Әрине, мұның бәрі Елбасымыздың парасатты саясатының арқасында елімізде діни экстремизмге қарсы атқарылып жатқан нақты шаралардың бір шоғыры ғана. Экстремизммен қарсы күрес жүргізу үшін алдымен «экстремизм» терминінің қанты анықтамасын берейік.

Қазіргі таңда діни-ахуал жағдайында жалпы "экстремизм" деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше анықтама береді. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Енді осы экстремизмнің мағынасын объективті түрде түсіндіріп көрейік. "Экстремизм" (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан өзіндік белгілері бар көзқарас пен іс-әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.

Экстремизмнің негізгі белгілері:

-біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни бұл елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту;

-екіншіден, елдегі конституциялық кұрылымды үзілді-кесілді мойындамайды, оны зорлық-зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды;

-үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады;

-төртіншіден, елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді;

-бесіншіден, елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады.

Сонымен, «діни экстремизм» дегеніміз – қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Қоғамға белгілі бір діни конфессия бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын насихаттау.

Ислам діні қашанда адамның абыройы мен ар-ожданын бәрінен де жоғары қойып, отбасы мен қоғам бірлігін, ынтымағын сақтауға күш салады, әлеуметтік әділеттілікті қолдап, он сегіз мың ғаламдағы барлық тіршілік иесінің бірде-біреуіне қиянат жасалмауын қалайды. Өйткені, Ислам дінінің басты мұратының бірі – адамдар арасында бейбіт қарым-қатынастар орнатып, тыныштықта тату-тәтті өмір сүру. Өмірде пәктік пен ізгілікке негізделген, имандылық пен рухани тазалықты ту еткен Ислам дінінің Аллаһ Тағала нұрымен санамызға сіңіруі бойынша, адам баласы мейірімді ісімен, көркем мінез-қылығымен, адал қарым-қатынасымен ғана Жаратушы Иесіне жақындай алады.

         Ислам діні қашаннан достық пен мейірімділікті, тазалық пен адамгершілікті уағыздайды. Ол ешқашанда өркениеттерді бір-біріне қарсы қоймайды, керісінше, әріптестікке, ынтымақ-ырысқа, төзімділік пен кешірімділікке шақырады.Діни экстремизм негізінен, кедей елдерге тән жағдай. Ал біздің Қазақстан халқының тұрмыс дәрежесі Орталық Азия елдерінің бәрінен де алда.

Осыған орай біздер экстремизммен күресте Ислам дінінің құндылықтарын халыққа түсіндіруге, ұғындыруға, діни экстремистік топтардың іс-әрекеті жөнінде молырақ мағлұмат беруге айрықша назар аударуымыз керек.

Діни экстремизм – діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Кез келген экстремизмнің мәні – олардың пікірлеріне қосылмағандарға зорлық-зомбылық көрсету. Діни экстремизм әлемді өздерінің шектен шыққан көзқарасы мен діни фанаттық идеологиясына сәйкес қайта құруға тырысады. Діни экстремизм – терроризмнің ең соңғы сатысы. Біз өмір сүріп отырған әлемде діни экстремизм қанатын кеңге жайып, халықаралық деңгейге жеткен. Дәл қазіргі уақытта халықаралық экстремизм және терроризммен тиімді күресу үшін әлемдік қоғамдастықты бірігіп күшейту қажет. Әлемдегі кез келген мемлекет бұл кесапатқа қарсы күресті жеке өзі жүргізуі өте қиын.

       Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Осы заңның 10-бабы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс-қимылы» деп аталады. Осы бап жоғарыда аталған БҰҰ-ның «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясына сәйкес. Демек, еліміз аталған стратегиядан бір жыл бұрын қабылданған заңы арқылы экстремизм мен терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресуге әбден дайын

Қазақстан өзі тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасауда. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылып, 2001 жылдың 1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы нақты іс-шараларын айтуға болады.

Қазақстан өзі мүше болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында да халықаралық экстремизммен күресін жалғастыруда.  Қазіргі таңда әлемде қақтығысқа толы неше түрлі күрделі жағдайлар орын алып отырғанда, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды міндетіміз. Олай болса, қай дін өкілдері ұстанған діннің қадір-қасиетін халыққа сабырлы да салмақты түрде ақыл-парасатпен түсіндіруге, өзгелердің діни нанымына түсіністікпен қарауға, бірін-бірі кемсітуге жол бермеуге тиісті.

Бүкіләлемдік экстремизмге қарсы күреске әркім өз үлесін қосуы қажет,ол үшін төмендегідей іс-шараларды жүзеге асыру қажет деп білемін:

-Экстремизмге қатысты өзекті мәселелер бойынша бетпе-бет пікір таластан тайсақталмай дәлелді тойтарыс беріп отыру керек;

Ақпарат құралдарында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырып қана қоймай, осы мәселеге қатысты жастардың көзқарастарын білуді, пікір-алмасулар өткізу арқылы оларды да осы күреске қатысуға икемдеу керек;

-Кино-театр,БАҚ-арқылы көрсетілетін атыс-шабыс, қирату, жойып жіберу,т.б. қоғамдық құрылысқа қарсы нәтижелерді қамтитын көрсетілімдерді бұқараға ұсынуға шек қою керек;

-Қазақстан мемлекеті дәстүрлі діндердің дамуына жағдай жасайды, сондықтанда дәстүрлі емес діндер мен секталардың жұмысына тосқауыл қою керек;

-Шетелден уақытша жұмысқа келген азаматтарды тіркеуден өткізіп қана қоймай,олардың әрекеттерінде қадағалау керек.

- Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмыстарын жетілдіру және өзара іс-қимыл жасасу, тұрғындардың, әсіресе жастардың арасында діни экстремизм және терроризм идеологиясының таратылуына жол бермеудің профилактикасы бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру;

-Тұрғындар арасында еліміздің рухани және мәдени мұраларының құндылықтары жөнінде ақпараттық-ағартушылық іс-әрекеттің белсенділігін арттыру, қоғамдық келісімді нығайту мәселелерін жолға қою т.б.

 

Қорытындылай келе,  Экстремизм және терроризммен күрес барша адамзаттың борышы екенін ұмытпауымыз тиіс!   

 

Еңбекшіқазақ аудандық орталық мешітінің

наиб имамы                                                                                Жұмахан Қуаныш

Оқылды 3289 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Мәзһабтар Что такое вахабизм? »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет