Бейсенбі, 04 Сәуір 2024 12:32

Әлеуетті мекеннің өрісі кең

Ауданымыз жер көлемі мен ел көлемі бойынша алдыңғы қатарда екені белгілі. Соған сай атқаратын шаруалар мен алға қойған мақсаттар дамылсыз даму үстінде. Осы орайда жуырда аудан әкімінің халық алдындағы кезекті есебі Қаракемер мәдениет үйінде өткізілді. Жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысты.

Жиынды жүргізген аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов әуелі облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевке сөз ұсынды. Өз кезегінде облыс әкімі жаңадан әкім болып тағайындалған Талғат Байеділовті көпшілікке таныстырып, ауданымыздың жаңа әкіміне сәттілік тіледі. Жиынды баяндамасымен жалғастырған аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов аудан көле-мінде атқарған және атқаруға тиісті жұмыстарға толықтай тоқталды.

Атап айтсақ, өткен  жылы  аудан аумағында 195 млрд  теңгеден  астам  ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген. 86 400 гектар алқапқа  дақыл себілген. Ал 2024 жылға ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 201 млрд теңгені құрайды деп жоспарлануда. Сонымен қоса, өткен жылы аудан ауыл шаруашылығына 2,7 млрд теңге инвестиция тартылып 8 жоба іске асырылыпты.

– Жалпы 2023 жылы ауданға 83,9 млрд  теңге инвестиция тартылып, нақты индекс көлемі 125,8 пайызға жетті.  Ағымдағы жылы тартылатын инвестиция көлемінің жоспары 102 млрд теңге. Өткен  жылы ауданға 38,9 млрд теңге салық түсті, жоспар 99,9 пайызға орындалды. 2024 жылы бюджетке түсетін салық түсімдерін 50,3 млрд теңгеге жеткізуді болжап отырмыз, оның ішінде аудандық бюджетке 23,1 млрд теңге салық түсімі  күтілуде. 2023 жылы жұмыс істеп тұрған шағын-орта бизнес субъектілерінің саны 2 892 бірлікке артып, 25 256-ға жетті, онда 40 415 адам жұмыспен қамтылды. 2023 жылы ауданда 3 992,5 млн теңгеге 61 жаңа шағын және орта бизнес нысандары ашылып, 286 адам жұмыспен қамтылды. Шағын, орта бизнестен 2023 жылы 12,2 млрд теңге салық түсіп, өсім 47,8 пайызға артты.  Бұл жалпы салық  көлемінің 31,3 пайызын құрады, – деген Ертай Нұрмаханов баяндамасында білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй, ауызсу, құрылыс, туризмнің дамуы және сол салалардағы шешімін күткен мәселелерді де қамтыды.

– Аудандағы 87 мектептің 66-сы типтік, 18 мектеп бейім-делген ғимаратта орналасқан, 25  мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. 2023 жылы Есік қаласында 1500 орындық мектеп пайдалануға берілді. Одан бөлек 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының аясында 2023-2025 жылдары ауданда 10 мектеп бой көтереді.

–  2023 жылы 7 ауылда тұр-ғын үймен біріктірілген учаске-лік полиция пунктері қолданысқа берілді.  Қаракемер ауылына және 14 елді-мекенде тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пунктері құрылысына жобалық құжаттамалары әзір-ленуде. 2024 жылға құрылыс жұмыстарының көлемін 49,7 млрд теңгеге, пайдалануға берілетін тұрғын үйдің ауданы 68,8 мың шаршы метрге жеткізу жоспарланды. Халықты сапалы ауызсумен толықтай қамтамасыз ету мәселесі ауданда басты назарда. 2023 жылы 7 ауылда сумен қамту жүйелерінің құрылысы  жүргізіліп, құрылыс жұмыстары 2024 жылға ауыспалы. Одан бөлек 2024 жылы су құбырларын жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жаңа 6 жобаға қаражат қарастырылды, –  дейді аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов.

Өз кезегінде Ертай Сұлтан-әліұлы электр желілерін қалпы-на келтіру, газдандыру, интернет желісімен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын жөндеу, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт саласында атқарылған жұмыстар мен қолға алынатын жобаларды да атап өтті.

Жиналысты  қорытындылаған облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев  ауданымыздың туристік әлеуеті жоғары екенін ескеріп, осы жолда көптеген жобалар мен нақты қадамдар жасалу қажет екенін айтты.

– Облыс бойынша жалпы сомасы 288 млрд теңгені құрайтын 1 033 мәселелер тізбесі әзірленді. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 255 пробле-малық сұрақ бар. Бүгінгі күні  31 мәселе шешілді, 131-і орындалу барысында.  Бұл проб-лемалық мәселелер Жол картасына сәйкес кезең-кезеңмен шешімін табады – деді Марат Сұлтанғазиев.

Ринат НАРХАНОВ.

 

Оқылды 501 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет