Сенбі, 04 Мамыр 2024 15:28

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен АТАЛАДЫ

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев берген тапсырмаларды орындау мақсатында түрлі бастамалар қолға алынуда. Солардың бірі әрі бірегейі – ҚР Парламент Мәжілісінің қабырғасында көтерілді. «Айбын» орденінің үш дәрежесі қазақтың үш батыры Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен аталады.

Бұл туралы заң, яғни, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірінші оқылымда қабылданды.

«Мен былтыр Ұлттық құ-рылтайдың отырысында бірқатар ордендерді көрнекті тұлғаларымыздың атымен атау туралы айтқанымды білесіздер. Мұндай тәжірибе көптеген елде бар. Бұл отаншылдықты және ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға ықпал етеді. Қазір мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіру үшін нақты шаралар қолға алынды. Бұл жұмыспен Республикалық комиссия айналысып жатыр» деген Президент елімізде әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне арналған «Айбын» орденін батырлардың есімімен атауды ұсынған еді.

«Осы мәртебелі орденнің түрлі дәрежесін Сағадат Нұр-мағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен атаған жөн деп санаймын. Бұл тарихи әділдікті қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам болмақ. Сол арқылы қаһармандарымыздың ерлігін ұрпақ жадында жаңғыртамыз. Бұл бастама осы марапаттың мазмұнын байыта түседі. Хал-қымыздың біртуар перзенттеріне тән ерлік рухы осы ордендердің мәртебесін биіктетеді. Сондай-ақ награда иегерлеріне Отанымызға қалтқысыз қызмет етуге ерекше жігер береді. Мен бұған кәміл сенемін» – деген Мемлекет басшысының ұсынысы қолдау тапты. Енді «Айбын» орденінің І дәрежесіне Сағадат Нұрмағамбетовтің, ІІ дәрежесіне Бауыржан Момышұлының, ІІІ дәрежесіне Рақым-жан Қошқарбаевтың есімі беріледі.

Айта кетейік, Сағадат Нұрмағамбетов – Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы, армия генералы. Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының батыры, Қызыл армия командирі, поковник, панфиловшы. Рақымжан Қошқарбаев – Қызыл армия офицері, Халық қаһарманы, Рейхстагқа алғаш жеңіс туын тіккен.

Жеңіс күні қарсаңындағы игі бастама қалың бұқара тарапынан қолдау табары сөзсіз. Себебі, жан алысып, жан беріскен майдан даласындағы көзсіз ерлігімен ерекшеленген ерлердің есімін ұлықтау – ұрпақ парызы.                   

 

С.НҰРАДИН.

Оқылды 563 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет