Сәрсенбі, 28 Маусым 2023 21:47

Жастар театрының тұсауы кесілді

Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің қарамағындағы жастар драма театры тұңғыш қойылымының тұсауы кесілді. Аталған театр көрнекті орыс драматургы А.Володиннің «Қоштасқым келмейді…» драмасын көрермен назарына ұсынды.

Көрнекті орыс драматургы А.Володиннің терең психологиямен ерекшеленетін пьесасына ажырасуға бел буған сегіз отбасының тағдыры арқау болады. Жасы, әлеуметтік мәртебесі, дүниетанымы жағынан әртүрлі бірнеше шаңырақ иелері сан түрлі өмір драмасына ұшырап, күмән-күдікке, тәкаппарлыққа бой алдырады – бақытты кездесулер баянсыз қоштасуларға ұласқалы тұр. Некелерін бұзуға сотқа келген оларды татуластырмаққа судья барын салады. Алайда өзімшіл ерлі-зайыптылар бір-бірін тыңдаудан, түсінуден қалған.

Қойылымда әр кейіпкер әртүрлі танымын, жеке дүниетанымын алға тартады. Әрбір кейіпкер, яғни әрбір адам – жеке әлем, тек сол әлемге үңілу, оны түсіне, қажет болса кешіре білу – үлкен қасиет. Негізінен театрдың жас буыны қатысатын спектакль өмірдің осы бір қарапайым да күрделі пәлсапасы туралы ойларға жетелейді. Адам баласының асыл сезімі мен  отбасы құндылығын сақтауға үндейді. Ауданымызда алғаш қойылған «Қоштасқым келмейді…» драмасында Саят Жапарқанов, Айсұлу Елубай, Меруерт Оразалин, Аяулым Сәрсенәлі, Дильназ Ташмұхамед, Сания Басабаева, Бақытгүл Исмаил, Гүлнұр Құрмаш, Молшылық Медет, Рахат Әлқожа, Әсел Салық, Ернар Мұқан сынды жас таланттар түрлі рөлдерді сомдады. Жақсылық Тұрлығазы режиссерлық еткен қойылымды көрермен жылы қабылдап, әлсін-әлі қол соғып отырды. Сахна шымылдығы жабылар сәтте де жиналған жұрт жастар драма театры ұжымына ұзақ қол соқты. А.Володиннің «Қоштасқым келмейді…» драмасын аударған және сахналайтын қоюшы-режиссер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Бұл қойылым елімізде алғаш рет М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанған болатын.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 6422 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет